Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет55/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу  нәтижелері. 
Кеңестер  Одағының  құрамдас  бөлігі  ретінде  жаумен  шайқаста  қазақстан-
дықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 
қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ 
Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Жоғарыда Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі жайлы паш етсек, сол кезеңде КСРО 
құрамында болғандықтан, кеңестік спортшылардың қосқан үлестері жайлы қысқаша тоқталсақ. Соғыс 
кезінде  халықтың  бұқаралық  әскери-дене  қимылы  дайындығын  жақсарту  мақсатында,  кәсіподақтар 
ұйымдары,  оқу  орындары,  «Динамо»,  «Спартак»  спорттық  қоғамдарынан  құралған  28  мың  дене 
шынықтыру  ұжымдары  атсалысты.  Оқытушылар,  жаттықтырушылар,  әдіскер-нұсқаушылар,  дене 
шынықтыру  қызметкерлері  бірнеше  миллион  болашақ  әскерлерді  әртүрлі  әскери-қолданбалы 
мамандықтарға  үйретті.  КСРО-ның  барлық  түкпірлерінде  осындай  жұмыстар  қызу  өткізілді.  Оқу 
орындарының алдына мемлекеттік маңызы бар міндет қойылды ‒ қатаң тәртіпті, төзімді, күшті, әскери 
істің  негіздерін  жақсы  меңгерген  жастарды  тәрбиелеу.  Соғыстың  алғашқы  жылынан  бастап,  орта 
мектептердегі 8-10 сыныптарда әскери-дене қимылы дайындығы сабағы енгізілді. 
Отанды  қорғаушылардың  қатарында  кеңес  спортының  үздік  өкілдері  болды,  олар  барлау  және 
саперлік  істің,  қолма-қол  ұрыс  пен  мергендіктің  хас  шеберлері,  танк  жүргізушілер  мен  ұшқыштар, 
артилерияшылар мен пулеметшілер болды. Боксшылар Н. Королев, Л. Темурян, Б. Галушкин, палуан 
Г.  Пыльнов,  ауыр  атлетші  Н.  Шатов,  коньки  тебуші  А.  Капчинский,  ескек  есуші  А.  Долгушин, 
шаңғышы Л. Кулакова және басқа да спортшылардың асқан ерліктері аңыз болып қалды. Мәскеу дене 
шынықтыру институтының оқытушылары мен студенттері ерліктің небір үлгісін көрсетті. Көптеген 
партизан жасақтарының бөлімдері толығымен спортшылардан тұрды. Олардың ержүректілігін, асқан 
төзімділік пен батырлықтың, соғыс өнерін неміс басқыншыларының өздері мойындайтын. 
Осыған  байланысты, жаумен  айқаста  дене  қимылы  қасиеттерін жетілдіру үшін,  арнайы  әскери-
дене  қимылы  дайындығы  курстары  өз  жұмыстарын  одан  әрі  дамытып,  күшейтті.  Бұл,  әсіресе,  жау 
тылындағы  партизандарға,  барлаушыларға  өте  керек  еді.  Көптеген  әйгілі  соғыс  батырлары  дене 
шынықтыру және спортпен айналысқан. Олардың арасында А. Матросов, Н. Кузнецов, И. Кожедуб 
және басқа да офицерлер мен қатардағы жауынгерлерді айтуға болады. Бұл олардың кез келген әскери 
тапсырманы ойдағыдай орындауына үлкен көмек қосты. Аты аңызға айналған кеңес қолбасшылары 
Г.К. Жуков, И.С. Конев, А.М. Василевский әскерлердің әскери-дене қимылы дайындығына көп көңіл 
бөлетін, әсіресе, спортшылардың ерліктерін жоғары бағалайтын. Бұл қолбасшылар ‒ спорт тек дене 
қимылы қасиеттерін ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар, жауынгерлер арасында өзара бірлікке, 
көмекке баулып, ержүректілік пен бірбеткейлікті тәрбиелейді, деп айтқан [3]. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
23 
Одан басқа, тылдағы жұмыстарды істегенге, көшірілген завод-фабрикаларды қайта іске қосқанға, 
жұмыстың  қай  саласы  болмасын,  қажырлылықты  талап  етті.  Бұған,  әрине,  дене  шынықтырумен 
айналысып,  күш-ерікті  дамытқанның  арқасында  қол  жеткізді.  Соғыс  кезіндегі  ауыр  жағдайларға 
қарамай, тылда спорт түрлерінен әртүрлі жарыстар, жүгірулер өткізіліп тұрды. Бұл кеңес халқының 
ержүректілік  пен  табандылығын,  жеңіске  деген  құштарлығын  көрсететін  мысал.  Бұқаралық  дене 
шынықтыру және спорттық жұмыстар өз қарқынын одан бетер үдетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет