Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы



бет12/23
Дата22.10.2022
өлшемі290,5 Kb.
#154625
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы
(ЮНКТАД: Конференция ООН по торговле и развитию)
БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы 1964 жылы Бас Ассамблеяның жоғары органы ретінде құралған. Ассоциацияланған ел дегеніміз, автономды статусына ие және сыртқы қатынастарында протекторатты елге тәуелді деген мағынаны білдіреді. Конференцияға БҰҰ-на мүше мемлекеттердің басым көпшілігі қатысады.
ЮНКТАД-тың басты мақсаты:

  • Дамушы елдердің экономикалық тұрғыдан аяққа тұруына үлесін қосу үшін халықаралық сауданы дамыту;

  • Дамыған және дамушы елдердің өзара үкіметаралық ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу;

  • Мүше мемлекеттерде азаматтық қоғам мен демократиялық институттардың дамуына ықыласты рай туғызу;

  • Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында қомақты диалогты қамтамасыз ету.

Штаб пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан.
Басты органдары:

  1. Жоғары деңгейдегі конференция.

  2. Сауда және даму кеңесі, қаржы жобалары мен орта мерзімді жобаларды жүзеге асырушы жұмысшы тобы мен ЮНКТАД халықаралық сауда орталығының істеріне қатысты кеңесшілдік тобы.

  3. Тұрақты комитеттері мен уақытша құрылған жұмысшы топтары.

  4. Хатшылық

  5. Халықаралық инвестиция мен трансұлттық корпорация-ларға арналған комиссиясы.

  6. Даму мақсатындағы ғылым мен техника бағытталған комиссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы
(ООН/ЕЭК: Европейская экономическая комиссия ООН)
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ/ЕЭК) «Экономика-лық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) тарапынан 1947 жылы құрылған. 1951 жылы болса «Еуропалық экономикалық комиссиясы» БҰҰ-ның тұрақты органы статусына иеленді.
Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Белорусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцоговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Молдава Республикасы, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Тәжікстан, Түркменстан, Туркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейция, Швейцария, Эстония, Югославия.
Басты мақсаты:

  • Мүше мемлекеттердің өзара және басқа да елдермен экономикалық қатынастарды күшейтіп дамытуына жәрдемдесу;

  • Тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға ықыласты рай туғызу;

  • Үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту;

  • Мүше мемлекеттерді экономикалық, техникалық және статистикалық жобаларға қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет