Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астанақаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.