Қазақ
халқының қалыптасуы және Қазақ
хандығы
(XVI-XVIII-
ғасырлар)
1 тапсырма:
Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда мен Көк Орданың аражігін ажырата
білуіміз қажет.Алтын орда мен Көк орда туралы тарихшылар мен ғалымдар
ойлары сан алуан.. Парсы тарихшысы Муин ад
-
дин Натанзидің жеткізуіне
қарағанда, Ақ Орда құрамына Ұлытау, Сегізағаш, Қаратал, Түйсенген, Женд,
Баршыкент жерлері енген. Ал, Көк Ордаға Ібір
-
Сібір, Орыс жерлері, Либке,
Укек, Мажар, Бұлғар, Башқұрт, төменгі Еділ сағасы жатқан. Алайда, Ақ Орда
мен Көк
Орданың орналасуына қатысты бір
-
біріне қарама
-
қайшы келетін
көптеген деректер бар. Соның бірі Өтеміс қажының «Чингиз
-
намесінде»:
«Хан буларға уч орга салды: Алтын босағалы Ақ Орданы Сайн ханға салды.
Кумуш босағалы Көк Орданы Ижан ханға салды. Булат босағалы Боз
Орданы Шибанға салды» деген тың дерек болып саналады. «Чингиз
-
намедегі» «Сайн ханға Еділ дариясындағы уәлайат беріледі, ал Ижан ханға
Сыр бойындағы жерлер беріледі» деген мәліметті негізге алған
З.Жандарбек Муин ад
-
дин Натанзидің дерегін жоққа шығара отырып,
Дешті
-
Қыпшақта құрылған Орда
-
Ежен ұлысын Көк Орда деп білетінін
жеткізеді. Дегенмен, тарихшы Н.Меңғұлов Қазақстан жерінде құрылған
Орда
-
Ежен ұлысын Ақ Орда деп тұжырымдайды. Біздіңше түркінің төл
шежіресі «Чингиз
-
намеге» сүйенген З.Жандарбектің пікірі тарихи
шындыққа жақын сияқты
.
2 тапсырма:
-
Қазақстан
аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың
мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік
қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457
жылдың күзінде
Әбілқайыр хан
Сығанақ түбінде қалмақтардан
жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру
-
тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін
салады.Мұхаммед Хайдар Дулатидың кітабында Қазақ хандығының
құрылған жері –
Шу бойы мен Қозыбасы
деп айтылады. 1458 жылдың
көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға
наразы сұлтандар, әмірлер, ру
-
тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп
қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.
Қазақ хандығының
құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында
болған әлеуметтік
-
экономикалық және этно саяси процестердің заңды
қорытындысы еді
.
Билер кеңесі мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатына қатысты
мəселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық
көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында
болды. Тəуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би,
Қаз дауысты Қазыбек, Əйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба,
Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты
дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл
кеңестің шешімі негізінде ғана Тəуке хан мемлекеттік мəселелерді шешуге
құқықты болған жəне билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді
жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті
шек
-
теу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған.
Халықтың дəстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мəртебесін
анықтайтын қағидалар көп сақталған
3 тапсырма
Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге
бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру ба
-
сыларын жылына бір
рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы жəне ішкі
жағдайына байланысты мəселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға
қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды.
Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының
жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді.
Жиынға қатысушы əр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда
мемлекеттік рəміз дəрежесінде бекітілді.
4 тапсырма
Қасым
ханның баласы Хақназар хан (1538—1580) тұсында Қазақ хандығы
қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға жəне күшейтуге
қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен
Қазақ хандығын қайта
біріктірді. Хақназар қазақ
-
қырғыз одағын одан əрі
нығайтты, сол заманның та
-
рихи деректерінде оны «қазақтар мен
қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ
-
қырғыз одағына сүйене
отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу
əрекетіне тойтарыс берді.
5 тапсырма
Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының
өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы
аумағына шапқыншылықты жиілетті. Со
-
нымен бірге жоңғарлар
Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда
-
қолөнер орталықтары шоғырланған
қалаларды басып алуды көздеді.
Қаратау
мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза
тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары
мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан
өткен Ұлы жəне Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз
қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен
Бұхара аумағына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын, қалаларын басып
алды, халқын қырып, тұтқынға айдады. Əсіресе, Шона
-
Дабаның
бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның əскері 5000 қазақ жанұясын
тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады. Жоңғарлар Қазақ хандығы
аумағының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жер
-
де қазақ жері мен
жоңғарлар
ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас
өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың
паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға
қазақтың
кіші жүзі арасында «Са
-
уран айналған» деген атпен əйгілі
болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды
көз жаздыру үшін Са
-
уран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға
«Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен
«Елім
-
ай» əні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң
-
зарын бейнелейді.
1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен
жоңғар əскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар
жеңіліп қалды. Оған себеп: Əбілқайыр жəне Қайып сұлтандар өздерінің
соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осы жылы жоңғар əскерлері
Түркістан маңында Бөген, Шаян жəне Арыс өзендерінің бойында
қазақтарды тағы да қырғынға ұшыратқан.
1715
—1722 жж. жоңғарлардың негізгі əскери күші Цин импе
-
риясы
əскерлеріне қарсы соғысып жатты. 1722 ж. Цин императо
-
ры Кансидің
өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына қарсы
бағыштады. 1723 жылы қазақ
-
жоңғар қарым
-
қатынасы шиеленісті. Қытай
мемлекетімен бейбіт келісім
-
шартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ
хандығына қарсы соғыс ашуды шешті.
Достарыңызбен бөлісу: |