Михаил Михайлович Катаев
1903 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Осьмерыжск ауылында дүниеге келеді. Ұлты орыс. Бала күнінде қаражат тапшылығынан бастауыш мектепті аяқтауға ғана мүмкіндігі болды. 1925 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оңтүстік шекарадағы басмачтық бандалардан тазарту үшін кавалериялық әскер құрамында әскери міндетін орындады. 1927 жылы әскер қатарынан келген соң ауылдастары М.М. Катаевты ауылдың төрағасы етіп сайлайды.
ІІ – ші дүние жүзілік соғыстың алдында М.М. Катаев Павлодардың денсаулық сақтау бөлімінде бугалтерлік қызмет атқарады. Майданға 1941 жылдан аттанады.
Москва түбіндегі шайқаста М.М. Катаевтың майдандық өміріндегі батырлық, ерлік жолдарының бастамасы болды. Көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Жаудың тірескен қарсылығын тойтара отырып, 1943 жылдың қыркүйек айының соңына таман, Днепрге жақындап келген 7-ші гвардиялық кавалериялық корпустың, 7-ші гвардиялық танкіге қарсы атқыштар дивизиясының нысанашысы сержант Катаев ұрысқа қатысты. Қыркүйектің 26-нан 27-не қараған түнде, танкіге қарсы өзі құрап қолдан істеген қайықпен үш мәрте есепке алып, қалын пулемет оғының астында Днепрдің батыс жағалауына өтуге талпыныс жасады. Өзеннің ортасына келгенде қайығы оқ астында қалды. Қайсар жауынгер көп абыржымай өз жауынгерлерін бастап суға ұмтылды. Жағаға бірінші болып жеткен гвардия старшинашысы күші басым жауға қарсы ұмтылады. Түнгі уақытты жамыла М. Катаев бір топ жауынгерлерімен жау траншеясына жақындайды. М.Катаевтің қолынан осы тұста жаудың 8 сарбазы мерт болады. Отанына деген сүйіспеншілігі, Днепрден өтуде сәтті қадамдарға жол бастады.
Көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылғы 15 қаңтарда СССР Жоғарғы Кеңес Одағы Президиумының жарлығына сәйкес Михаил Михайлович Катаевқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылдың қаңтар айында біздің әскерилер Белоруссияның оңтүстік-шығысын азат ету үшін күресті. 26 қаңтарда 7-ші гвардиялық кавалериялық корпустың бір бөлігі жаудың қарсы күшін тойтара отырып, Мозырь қаласына бас ұрды. Қала көшелерінде қатты ұрыстар жүріп жатыр. Кеңес әскерилерінің соққысы арқасында жау жағы ақырындап қаладан шыға бастады. Қала көшелерінің бірімен шегініп бара жатқан танктерге М.Катаев өз сарбаздарына танкілердің алдың орауға бұйрық береді. Ал өзі қос гранатаны бірінен соң бірін алдынғы танкіге атқылай бастайды. Бірақ танк алдыға жылжуын тоқтатпаған тұста, Кеңес Одағының Батыры қалған гранатасымен танк астына жүгіреді. Жанған танктің артынан бірнеше танктер де кептетіліп, біздің әскерилердің оғына ұшырайды. Батыр сол жерде қаза тапқанымен, оның есімі мәңгілікке сақталған еді.
Қазіргі таңда Мозырь көшелерінің бірі Батыр есімімен аталады. Қала орталығында Батырдың суретімен және көрсеткен ерлігі жөнінде тақта орнатылған. [36, б.19, 37, б.4]
Достарыңызбен бөлісу: |