Халықтар достығы



Дата08.09.2017
өлшемі27,83 Kb.
#30683
түріСабақ
Жамбул обл. Т.Рысқұлов ауданы,

№ 2 Шағын орталықты орта мектеп

Ашық сабақ.
Дүниетану 2 сынып

Тақырыбы: Халықтар достығы

Бастауыш сынып мұғалімі: Танбаева Ш.Б.

Дүниетану. 2 сынып.

Ашық сабақ.

Тақырыбы: Халықтар достығы

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Қазақстан Республикасы- көп ұлтты мемлекет екендігін, ондағы ұлттардың достығы , бірлігі, салт-дәстүрлері, мәдениеті туралы түсінік беру;
Ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту;
Тиянақтылыққа, ұжымдылыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка, география
Сабақтың құрал-жабдығы: Суреттер, сызбалар, плакаттар, маркерлер.

Сабақ барысы:


/.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым ,
Қайырлы таң құрбым,
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң,
Кілең бестік болсын!
/. Түстер арқылы топқа болу
/ Сабақтың ережесін еске алу
/ .Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалім: Отан –халық жүрегі,
Әр кеудеде тұр ұрып.
Анаң болып күледі,
Келе жатсаң жүгіріп
-Біздің Отанымыз қалай аталады ?
- Қазақстанды неліктен Отан Отан-ана дейтінімізді әңгімеле
Біздің жеріміз қандай?
-Осы сұраққа жауап беру үшін ана тілі сабағында өткен шығармаларды еске алайық.
Оқушылар Отан туралы өлең айтады
3. Ұжымдық шығармашылық жұмыс (үйге Отан деген тақырыпқа сурет, мәліметтер жинап келуге тапсырма берілген)
Слайд ,музыка ойнап тұрады
Әр топ үйден дайындап келген суреттерден Біздің Отанымыз деген тақырыпқа газет шығарады ,оған ат қойып қорғайды
4.Казақстан картасымен жұмыс.
5 .Мұғалім : Біздің Отанымыз кең ,байтақ Казақстан (картадан интернеттен спутникалық антенамен көрсетеді) Осы жерде біздің Қасық ауылымыз,көшеміз,үйіміз де бар.
5.Мұғалім: Ойымызды жинақтап,Отан деген не? Атты сұраққа бір жауап беріп көрейік.
(Ассоциациялар картасын толтыру) .Көпір.

ОТАН Достар

Көшілер

Ата- ана Тұған жер

Мұғалім: Жарайсыңдар , біздің ауылымызда,көшелерінде қандай ұлтты адамдар тұрады ? Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз ?
/ . Жаңа сабақ
Оқушылар дайындап әкелген материалдарын оқиды ,әңгімелейді
Біздің Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар,өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін,салт дәстүрін ,мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүрүді мақсат етуде. Бұл олардың бастарын біріктіреді.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді өз бетінше оқып ,топ ішінде оның мазмұнын талқылап,баяндап беріңдер
Жоспар бойынша әр топ құрастырған коллаждарын мәтінмен байланыстырып бірлесіп қорғайды.
Сергіту сәті (Тыныштық, бақыт, достық)
/ Бекіту
1. Мұғалім : Балалар, тыныштық, достық,бейбітшілік деген кезде қай құстың бейнесі көз алдарына келеді ?
2. Қараңдаршы,бізге көгершін хат алып келіпті.Ол хаттың ішінде әр топқа арналған тапсырмалар бар екен. Сендер шатастырылған сөздерден мақал-мәтел құрастырып, оның мағынасын ашып беріңдер.
(Әр топ басшысы ортаға шығып конверт таңдап алады)
Мұғалім: Біздің Отанымыз көптеген ұлт өкілдерінің алтын бесігі. Барлығымыз бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астында татулықпнн өмір сүреміз. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып Әр қашан күн сөнбесін әнін айтайық.

Сабақты қорыту:-Плакатқа алақандарыңның іздерін қалдырып тілектеріңді жазыңдар .


- Біз бүгін гі сабақта не үйреніп,не білдік,не білгілерің келеді ?
- Бағалау.Мадақтау.
- Үйге : оқу,әңгімелеу, келесі тақырыпқа мәліметтер жинап келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет