Халиягзан Хаванбай ВТ-23
“Саяси жүйе ” ұғымы ХХ ғасырдың ортасында ғана терең негізделіп, тарала бастады. Оған басты себеп – жүйе тәсілі мен бихевиористік амалдық түрлі саяси құбылыстарды зерттеулерде етек алуы еді. Қазіргі кездегі саяси жүйе қағидаларының негізінде Аристотель заманынан бастау алған саясат жөніндегі түсінік жатыр. Ол: саясатты бейне бір тұтас нәрсе деп қарау. Осы бағытты алғаш ұстанған флоренциялық Николо Макиавелли саяси ғалымның негізін салушы болып саналады. Оның пікірінше саясат дінге де, моральға да, экономикаға да жатпайды, қайта ол өзіңдік саяси мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін көздейді.
Т.Парсонс әлеуметтік жүйе теориясы бойынша қоғамдағы рухани, эконмикалық және саяси жүйелер өздерінің атқаратын қызметіне қарай ерекшеленеді. Сөйтіп, олар өз алдына жүйе болып алады. Саяси өмір сол сияқты Д.Истонның “Саяси жүйе” (1953), “Саяси талдаудың шегі” (1965), “Саяси өмірді жүйелеп талдау” (1965) атты енбектерінде қарастырылады. Сонымен қазіргі кездегі саяси жүйелердің алуан түрлі концепциялары бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамның саяси жүйесі - дегеніміз жалпы алғанда белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған: мемлекеттік мекемелер; саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.
Саяси жүйе қоғам қондырмасының басты бөлімі болып табылады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап жіктеу арқылы; олардың ұқсастықтарына қарай жіктеу жолымен толығырақ түсінуге болады. Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеу (типология) мынадай:
Яндекс.Директ
iPhone XR на Kaspi.kz!
- формация мен әлеуметтік экономикалық құрлымы жағынан қарау (құл иеленушілік, феодалдық, коммунистік-әлеуметтік-саяси жүйелер);
мемлекеттігі орныққан саяси тәртіп тұрғысынан(демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);
әдеттегі саяси жүйеден модернизацияланған жүйеге өту кезеңі тұрғысынан;
саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан;
Ж.Блонделдің саяси жүйені жіктеу түрлері (бес категориялы : либералды-демократиялық, радикалды-авторитарлық, немесе коммунистік, дәстүрлі, популистік, авторитарлы-консервативтік саяси жүйелер ) ;
Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі керітартпа және прогрессивті мағынада болуы мүмкін. Саяси жүйелер
сонымен қатар ашық және жабық, аяқталған және аяқталмаған, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған және т.б. жіктеледі.
Енді саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметіне талдау жасап көрейік. Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан өзгеріп отырады. Қамтитын аумағы да өзгермейтін нәрсе емес, қайта түрлі жағдайларға байланысты бірсыпыра өзгерісте болады.
Достарыңызбен бөлісу: |