Хақназар хан бұрындық хан



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата22.10.2023
өлшемі1,8 Mb.
#187389
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 221026 215246

 
 
ТҼУЕКЕЛ ХАН 
Тҽуекел хан (т.ж.б. – 1598 ж.) Қазақ хандығын 
құрушы Жҽнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол – 
Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай 
ханның ұлы. Тҽуекел он жылдан астам хан тағында 
отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір 
жҽне Орта Азия билеушілерімен тынымсыз күрес 
жүргізеді. Тҽуекел хан Мҽскеуге елшілік жіберіп, 
орыс патшасымен одақ құруға күш салады. Тҽуекел 
хан Ташкент қаласы үшін ұрыс жүргізіп, оны Қазақ 
хандығына қосады. Осыдан кейін ол Самарқанд 
қаласын 
алады. 
Тҽуекел 
ханның 
арқасында 
оңтүстіктегі қалалар толығымен қайтарылады жҽне 
Ташкент, Ҽндіжан қалалары Қазақ хандығына 
бағынады. Бұхара қаласы түбіндегі бір шайқаста оқ 
тиіп, жараланады да, содан қайтыс болады.
Тарихта 
Тҽуекел ханды қазақ халқының жерін біріктіруді 
аяқтаушы деп санайды. 
МАМАШ ХАН 
Мамаш хан (Момыш, т.ж.б. – 1523 ж.) – атақты 
Қасым ханның ұлдарының бірі. Ҽкесі хан болып тұрғанда 
ол кҿптеген басқа сұлтандар сияқты ұлыс басқаруға 
араласады. Ҽскерлер жорыққа аттанғанда қол басқарады. 
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына (1518 – 
1523) Мамаш отырады. Бірақ басқа сұлтандар Мамаш 
ханның билікке келуіне наразы болып, қарсылық 
кҿрсетеді. Осылай, Қазақ хандығында билік үшін талас-
тартыс басталып кетеді. Бұл мемлекеттің ҽлсіреуіне ҽкеліп 
соқтырады. Мамаштың сұлтандар арасындағы билік үшін 
күресті тоқтатуға күші жетпейді. Алайда ол хан тағында 
бірнеше жылдай ғана отырады. Шайқастардың бірінде оқ 
тиіп, қатты жарақаттанған Мамаш аттан құлап түседі. 
Жанындағы адамдар оның құлағанын байқамай қалады. Аз 
ғана уақыт билік құрған Мамаш осылай қайтыс болады. 
Қазақ хандығында Мамаш ханнан кейін де билік үшін 
күрес тоқтамайды. Талас-тартыс 20 жылдай уақытқа 
созылады. Мемлекеттің, халықтың жағдайы нашарлап 
кетеді. Тарихшылар бұл дҽуірді 

Қазақ хандығының 
уақытша ҽлсіреген дҽуірі

деп атайды. 
 

2







ТАҺИР ХАН 
Мамаштан кейін хан тағына Таһир отырады. Таһир 
(Тайыр) – Қазақ хандығының негізін салушы Жҽнібек ханның 
Ҽдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, 
шамамен 1529 – 1531 жылдар аралығында дүниеден ҿткен. 
Таһир хан 10 жылдай (1523 – 1533) билік құрды. Таһирдың 
тұсында да, ҿзара талас- тартыс тоқталмай, жалғаса берді. 
Мұндай жағдайда Таһир сыртқы жаулардың жорықтарына 
тойтарыс жасай алмады. Ол екі рет жау ҽскерінен жеңіліп 
қалды. Сондай-ақ Таһир хан қазақтар мен бұрынғы кҿршілес 
ҽрі туыс ноғай тайпаларының арасындағы достықты жойып, 
олармен жауласады. Оларға қарсы соғыс ашады. Бұл 
шайқастарда да Таһир хан жеңіледі. Халық кҿп қырғынға 
ұшырайды, олардың малдары тоналады. Бұған шыдамаған 
халықтың бір бҿлігі батыстан Жетісу аймағына кҿшіп кетеді. 
Сҿйтіп, Таһир ханға дейінгі кезеңде Қазақ хандығында 100 
мыңдай ҽскер болса, оның қол астында 40 мыңдай ғана ҽскері 
қалады. Дегенмен, Таһир қазақ хандарының ішінен бірінші 
болып қазақ жерін қалмақтардан қорғау үшін күрес жүргізген. 
Ол бір таудың етегінде Жатан деген қамал салдырған. Сол 
заманда ҿмір сүріп, қамалды ҿз кҿзімен кҿрген бір тарихшы 
оның биіктігін жҽне мықтылығын суреттеп жазған. Кейіннен 
бұл қамалды қазақ ҽскерлері қалмақтарға қарсы соғыста үнемі 
пайдаланып отырған. 
ТОҒЫМ ХАН 
Тоғым хан да – Жҽнібек ханның ұрпағы. Жҽнібектің 
тоғызыншы ұлы Жҽдік сұлтанның баласы. Тоғым хан 
елдің орталығында, оңтүстігінде билік құрады. Сырдария 
ҿзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды. Бірнеше 
жыл билік құрып, берекесі кете бастаған билікті қалпына 
келтіруге 
күш 
салады. 
Жан-жақтан 
анталаған 
кҿршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, бар 
қайрат-жігерін қазақ жерін қорғауға жұмсайды. Сондай 
шайқастардың бірінде Ҽмудария ҿзені бойындағы Жағат 
деген жерде Тоғым хан жау ҽскерінен жеңіледі. Сол 
жеңілісте Тоғым ханмен бірге қазақтың 37 сұлтаны қаза 
табады. Осы «уақытша ҽлсіреу» кезеңінде Қазақ 
хандығының жағдайы нашарлап, бірнеше хандыққа 
бҿлініп кетеді. Қазақ халқының кҿптеген жері жау 
қолында қалады. Мұның бҽрі – бірліктің, ынтымақтың
ауызбірліктің жоқ болуының салдары. Сол себепті келесі 
қазақ хандарының басты міндеті – жау қолында қалған 
жерлерді азат ету, елдің бірлігін нығайту, мемлекетті 
күшейту болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет