Хандық дәуір әдебиеті мәселелері


-тақырып. ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі172 Kb.
#87083
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-тақырып. ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. ХҮІІІ ғасырдың қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі қазақтар иен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік жағынан толығуы. Адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері – Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы. Жыраудың өмірінен мәлімет. Ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны. Толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру. Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.
Тәтіқара ақын- қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын. Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.Ақын өмірінен деректер. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны. Абылайға арналған «Кебеже қарын , кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.
Үмбетей (1706-1775) -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау. Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып,жырлануы. Үмбетей –Абылай және ХҮІІІ ғ батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.Үмбетейдің даңқын шығар,ан «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту»
Толғаулары. Жырау шығармашылығындағы жоңғарға күрестің қаһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.
Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668 -1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау. Жыраудың өмірі туралы мәлімет. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай : адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұхардың өзіндік шеберлігі .
Көтеш ақын (1745-1818) – жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер ақын. Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа Ойылдың құба жон түсер қатар» т.б. өлеңдері.
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы- жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал ақынның өмірінен мәлімет. Ақынның жазбаша сауаты болғандығы, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері :этика, мораль мәселелері,
Кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері. Ақын поэзиясында әйел тақырыбының ерекше жырлануы, шығармаларының сатиралық сипаты. Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет