Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
290
салынды, себебі жағдай бара-бара ауырлаған мынадай
кезеңде халифалық сияқты ауыр жүкті арқалаудың
оңай еместігін жақсы білетін. Жағдай шиеленіскен
осындай кезеңде оның өміріне қандай қауіп төнетінін
кім білен?
Халифалыққа басқа адам да іздестірілді. алайда
сол кезгі қақтығысты шешетіндей өзге ешкім табыл-
мады. Хазірет Талха да, хазірет Зүбәйр де, хазірет
сағыд ибн Әби Уаққас та, хазірет абдуллаһ ибн Омар
да бұл істен басын алып-қашып, барлығы хазірет
Әлиді жөн санады.
Бір жұма күні хазірет Әли де намаз оқу үшін
мешітке кірді. Бұл баршаның күткен сәті болса
керек. Өйткені, осыған дейін барлығы соны іздеп,
мәселелерді шешуге қадам жасалуын күткен. Хазірет
Әли үшін енді қашатын мүмкіндік табылмады. Ел-
жұрт ағылып келіп оған қол берді. Бұдан былай
халифа хазірет Әли болып сайланды. Ол ел үмітін
ақтау үшін қолынан келгенін аянбай, исламның туын
әрдайым жоғары ұстауға күш салды.
сол үшін орын алған келеңсіздікті тоқтатып,
қауіпсіздік пен сенімді қайтадан қалыптастыру үшін
хазірет Әли істі ең әуелі әкімдерден бастады. Бүлікке
қатысы барларын орнынан алып, мәселені түбегейлі
шешу үшін жаңа адамдарды әкім етіп тағайындады.
алайда, бұл оңайға соқпады. Хазірет Әли де бітпес
дау-дамайға кезікті.
ал, мына жақта айша анамыз мәдинадан
жағымсыз
хабарлар
толастамағанына
қатты
алаңдады. Бұл жайсыз хабарды естігендер келіп ай-
наласына жиналып жатты. Хазірет Осман кезеңіндегі
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
291
әкімдердің біразы да келіп қосылды. Қаншалықты
хазірет Әлидің халифалығын қабылдап, оған серт
берсе де, әсіресе соңғы оқиғаны ауыр қабылдаған
хазірет Талха
459
және хазірет Зүбәйр
460
сияқты белді
кісілер де меккеге барып айша анамыздың жанынан
орын алды.
мекке болып жатқан оқиғаларға наразылардың
орталығына айналып бара жатқандай болатын.
Бәрінің басы осында бірігіп, хазірет Османның кегін
қайтаруды қалады. Өйткені, сол күнге дейін қаншама
шейіттердің қаны төгілген жерде енді олардың жан-
дарын жаралайтын істер жасалған еді. Осындай
жағдайға жетуде еш еңбек сіңірмегендердің осын-
шама жылдық еңбекке даярға маяр болуы әрбіріне
ауыр тиіп, қайтадан бейбіт өмірге оралу үшін
ауызбіршілікпен жолға шыққан еді.
негізінде қажылық маусымы әлдеқашан өтіп, бәрі
де адамдардың меккеден кетуін күткен. алайда, олай
болмады. Олар:
Османды өлтіргендерді тауып, жазаға тартпай-
ынша бұл жерден кетпейміз, – деді.
459
Талха ибн Убайдуллаһ – жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның
бірі. алғашқы мұсылмандардан сегізінші кісі. Бірінші халифа Әбу
Бәкірдің туысқаны. алла расулына да құдалық туыстығы болатын.
Пайғамбарымыз оған «Ухудтың батыры» деген.
460
Зүбәйір ибн аууам Хадиша анамыздың туысқан інісі. алла
расулының әпкесі хазірет сафияның баласы. Пайғамбарымыз ол
туралы «Әр пайғамбардың көмекшісі болады, менің көмекшім
Зүбәйір ибн аууам» деген. Бәни Құрайза күні пайғамбарымыз оған
«Жаным саған құрбан болсын!» деген. Өте жас кезінде әрі хазірет
Әбу Бәкірден кейін мұсылман болған. Хазірет Талха да, Зүбәйір
де хазірет Омардың өзінен кейінгі халифалыққа лайықты көрген
тұлғалардың қатарында болатын.