Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет127/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

334

тереңдігін  әйгілеген.  Үлкен  имам  мұхаммед  ибн 



шихаб әз-Зүхри:

–  айша  дін  ғылымының  ең  білгірі  болатын, 

сондықтан да сахабалар білмегенін содан сұрайтын. 

Егер 


пайғамбарымыздың 

басқа 


әйелдерінің 

барлығының  білімін  қосып  салыстыратын  болса, 

айшаның білімі бәрінен ауыр басатын еді,

524


 – деген.

абдуррахман ибн ауфтың баласы Әбу сәләмә да 

осы ойды қуаттап:

–  расулалланың  сүннетін,  қай  аят  немесе  қай 

үкімнің  қай  жерде  түскенін  айша  анамыздан  артық 

білетін жан көрген жоқпын

525

, – деп пікір білдірген.



Жиені  әрі  шәкірті  хазірет  Уруа  анамыздың 

ғылымға тереңдігі туралы:

–  мен  Құранды,  діннің  барлық  үкімін,  халал 

мен харамды, фиқһты, өлеңді, медицинаны, арабтар 

туралы деректі, керек десеңіз, шежірені мүминдердің 

анасы  айшадан  артық  білетін  адам  көрмедім

526

,  – 


дейді.

Тағы бір жиені әрі шәкірті Қасым ибн мұхаммед 

оның  кәлам  ғылымы  мен  тіл  мәселесіндегі 

жетістіктерін баяндағанда былай дейді:

–  Одан  бұрын  да,  кейін  де  әйелдер  мен  ер 

кісілер  арасында  дәл  айша  анамыздай  білімді  жан 

кездестірмедім!

527


524

 Хаким, мүстадрак 2\12 (6734), Ибн Хажар, Исаба 4\349, Зәһәби, 

сияр 2\199

525


  Ибн сағд, Табақат 2,375

526


 Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4,12 (6733), Әбу нуайм, Хиллиятул 

әулия 2\49, Ибни Жәузи, сыратус сафуа 2\32

527

  Исбахани, Әғани 20\331




Айша - ғылымның қайнар бұлағы

335


Хазірет айша ғалымдығымен ғана емес жұртты 

өзге  қасиеттерімен  де  мойындатқан.  мысалы,  бір 

күні халифа мұғауия халықтың арасындағы беделді 

кісінің бірі Зиядты шақырып:

–  Зияд, адамдардың ең білгірі кім? – деп сұрайды. 

Зияд:


–  Уа,  мүминдердің  басшысы,  ол  сенсің,  –  деп 

жауап  береді.  Бұл  жауапқа  қанағаттанбаған  хазірет 

мұғауия тағы да:

–  алла  разылығы  үшін  шыныңды  айтшы,  – 

дейді. сонда хазірет Зияд:

–  алла разылығы үшін болса айтайын, ол айша, 

– деп жауап береді

528


Білуге, үйренуге құмарлығы соншалықты, кейінгі 

кезеңдерде  тек  айша  анамыздың  осы  жағын  сөз 

ететін небір еңбектер жарық көре бастайды

529

. Біреуде 



тың  мәлімет  барын  естісе,  соған  қол  жеткізбейінше 

тынбайтын.  Бұдан  бұрын  да  айтқанымыздай, 

пайғамбарымыздың  фатимаға  сыр  айтқанын 

байқаған  сәтте  сол  сырды  білмейінше  жаны  жай 

таппаған.  Хазірет  айшаның  осындай  табандылығы 

болмағанда, бұл сырдың не екенін ешкім білмес еді. 

Кейбір  кезде  білгендерін  растау  үшін  немесе  өзі 

нақты білемін деп айта алмаған кей нәрсені анықтау 

үшін  басқа  сахабалардан  сұрап  мәселенің  дұрыс-

бұрыстығына басқалардың да пікірін білгісі келетін. 

Бір  күні  абдулла  ибн  амрдың  қажылық  міндетті 

528


  Хаким, мүстадрак 4\15 (6747)

529


 Зәркәшидің әл-Ижабасы осы мағынада алғаш еске түсетін еңбек 

болып табылады.




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

336

атқаруға  келгенін  естиді  де,  дереу  жиені  Уруаны 



шақырып:

–  абдулла  ибн  амр  қажылық  үшін  келгенін 

естідім. Ол кісі расулалладан көп нәрсе үйренген жан. 

сен  тезірек  бар  да  мына-мына  жайттардың  жаубын 

сұра, – деп жұмсаған. 

Бір жағы нағашы әпкесі әрі ұстазы болған айша 

анамыздың  тапсырмасын  алған  Уруа  дереу  барып 

бұл  мәселелерді  абдулладан  сұрайды.  алған 

жауаптарының  ішінде  алла  расулының  мына  бір 

хадисі  де  бар  еді: 



«Алла  ғылымды  адамзаттан 

тартып алмайды. Әуелі ғалымдарды алады да осы-

лайша ғылым олармен бірге жойылады. Осыдан соң ел 

ішінде бірқатар надандар бой көтере бастайды. Олар 

білімсіз бола тұра жұртқа пәтуә айтатын болады. 

Осылай,  өздері  қателікке  жол  ашып,  өзгелерді  де 

қате жолға бастайды».

 Осыны келіп айтқанда айша 

анамыз алғашында тіксініп қалды. Бұндай хадис бар-

жоғына күмәнданып:

–  расулалла  осылай  деп  айтты  деді  ме?  –  деп 

қадала түсті. Бұл хабардың нақтылығына көз жеткізу 

үшін Уруаны тағы бір мәрте ибн амрға жұмсады:

–  сен оған тағы бар, ғылым туралы айтқан әлгі 

хадисті  расулалланың  өзінен  естіген-естімегенін 

сұра, – дейді. Бұдағы мақсат Ибн амр айтқан сөзінде 

қаншалықты  тұрақты  екенін  тексеру  және  алдын-

да  айтқандары  мен  кейінгі  айтқандарының  арасын-

да  қаншалықты  айырмашылық  бар  екенін  білу  еді. 

Жүгіре  жөнелген  Уруа  тағы  да  сол  жауапты  айтып 

келгенде анамыз:



Айша - ғылымның қайнар бұлағы

337


–  Ибн  амрдыкі  рас  деп  ойлаймын.  Өйткені 

байқадым,  сөзін  артық-кем  етпей  айтты

530

,  –  деп 



разылық танытады.

Ғылым есігінің тек сұрақ қою арқылы ашылаты-

нын өте ерте кезден бастап біліп, өзін толғандырған 

барлық  мәселені  пайғамбарымыздан  сұрап  отырған. 

Біреуден естігендерін саралап, салыстырып өзі білетін 

басқа  мәліметпен  қайшы  келетін  болса,  оны  дереу 

алла расулынан сұрайтын. Бірде қияметке қатысты:

–  Кімде-кім  сұраққа  тартылып,  сұрақтар  үсті-

үстіне  қойылса,  оның  ісі  бітті  деген  сөз,  –  дегенін 

естігенде:

–  Уа,  пайғамбарым! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет