Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет107/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

«Кімде-кім  мәйіттің  артынан  жүрсе,  сауабы  бар» 

деген хадисті риуаят еткенін естіп, растығын анықтау 

үшін айша анамызға жолықты. анамыз:

–  расулалладан  мұны  мен  де  естігенмін,  –  деп 

Әбу  Хұрайраны  растады.  Тіпті,  осыны  естіп  аб-

дулла ибн Омар секілді ғалымдар көбірек сауап алу 

үшін  мәйіттің  артынан  көбірек  адымдап  жүруге 

тырысқан


441

.

сахабалар үшін істің ақиқаты маңызды еді. Кейде 



ұятты  тақырыптардың  өзінде  ақиқатты  білу  үшін 

тартынбағанды  жөн  санайтын.  Бір  күні  араларында 

Зәйд  ибн  сабит  сияқты  сахабалар  бар  ансарлар  мен 

мұхажирлардың  алдыңғы  қатарлылары  жиналып, 

шахуат  шықпаған  жақындасуда  ғұсыл  мәселесін 

сөйлеседі. Хазірет Зәйд мұндай жағдайда ғұсыл керек 

еместігін, әурет жерін жуғаннан кейін намаз дәретін 

алудың  жеткілікті  болатынын  айтады.  алайда,  бұл 

пікірге өзгелері қосылмайды. мәселе халифа хазірет 

Омарға жеткенде, қасында хазірет Әли және муаз ибн 

Жәбәл сияқты сахабалар бар еді. Хазреті Омар Зәйд 

ибн сәбитті де шақыртып:

440

  Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 20



441

  Бұхари, Жәнәиз 56 (1260); мүслим, Жәнәиз 56 (945)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

276

–  мұндай  пәтуәні  қайдан  шығардың?  –  деп 



сұрады. Хазірет Зәйд:

–  мұны  мен  ойлап  шығарған  жоқпын,  көкем 

рифаға ибн рафи мен Әбу Әюб әл-ансариден естідім, 

– деді. Хазірет Омар жанындағыларға қарап:

–  ал, бұл іске сендер не дейсіңдер? – деді. Олар 

да  әртүрлі  бір-біріне  қайшылықты  пікір  айта  баста-

ды.  Біразы  ғұсыл  үшін  бірге  болуды  жеткілікті  деп 

санады. Халифа оларға:

–  сендер Бәдірге қатысқандардың ең қайырлысы 

бола  тұра,  қалай  бір-біріңе  қарама-қайшы  пікір 

айтасыңдар? – деді.

Осы  кезде  хазірет  Әли  сөзге  араласып,  мәселені 

аналарымыздан сұрайық деді.

Осы  шешімді  жөн  санап  әуелі  қызы  Хафсадан 

сұратқанда,  ол  ештеңе  білмейтінін  айтты.  Бір  кезде 

Әбу мұса әл-Әшғари:

–  Бұны  қазір  тағы  бір  кісіден  білуге  болады,  – 

деп айша анамызға барды.

рұқсат сұрап қасына жақындап:

–  шешей,  сізден  бір  нәрсе  сұрауға  ұялып-ақ 

тұрмын, – деді.

Ілім  үйренуде  ұялудың  қажет  еместігін  жақсы 

білетін айша анамыз Әбу мұсаға былай дейді:

–  Өз  анаңмен  қалай  еркін  сөйлесетін  болсаң, 

менен сұрағанда да солай ұялма, Өйткені, мен де бір 

анаңмын!


Әбу мұса енді өзін еркін сезініп, көкейіндегі сау-

алын ірікпеді:

–  Ғұсыл алу қай кезде міндеттеледі?



Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

277


–  Дәл  тиісті  адамынан  сұрадың.  расулалланың 

«Еркектің  жыныс  мүшесі  әйелдің  жыныс  мүшесіне 

тигенде ғұсыл уәжіп» дегенін естігенмін.

рахмет  айтып  ол  жерден  кеткен  Әбу  мұса 

естігендерін  келіп  жиналғандарға  айтқанда,  хазірет 

Омар:


–  Бұл  істі  жасап,  ғұсыл  дәретін  алмағандарға 

енді тиіс жаза қолданамын, – деді. сондағы сүйенгені 

анамыздан өзіне жеткен сөз болғаны күмәнсіз

442


.

Халифа  Омар  аналарымыздың  көңілін  табу 

үшін  барын  салатын.  Бір  күні  олар  халифа  Омарға 

қажылыққа  барғысы  келетіндігін  айтады.  Дереу 

хазірет  Осман  мен  абдуррахман  ибн  ауфты 

шақырып, бірің арттарынан, екіншің алдында жүріп 

қағбаны тауап етулеріне көмектесіңдер деп тапсыра-

ды. Ешкім ол кісілерді мазаламасын деп тапсыруды 

да ұмытпады.

Күн  артынан  күн  өтіп,  он  жыл  да  артта  қалды. 

Енді хазірет Омардың да бұл өмірдегі дәм-тұзы тау-

сылды. Әлдекім қастандық жасап, улы қанжар сұғып 

денесін қан-жоса етті. Хазірет Омар (р.а.) бұл өмірдегі 

соңғы сәттерін бастан өткеріп жатты.

Бірақ  әлденеге  алаңдаулы  еді.  себебі  сол  күнге 

дейін батылы барып, анамызға айта алмаған бір тілегі 

бар болатын. расулалланың аяқ жағына жерленгенін 

қалайтын. Бірақ, бұл үшін айша анамыздың рұқсаты 

керек-ақ. 

442


 Қараңыз:  муатта  Таһара  104;  мүслим,  Хайз  88;  (349),  Тирми-

зи, Таһара 80 (109). анамызға барып, бұл сұрақты қойған халифа 

хазірет Омар екені туралы да айтылады. Басқа кезде осы сұрақты 

Әбу сәләманың де сұрағаны байқалады. Қараңыз: муатта, Таһара 

103. Оқиға әртүрлі риуаяттарды біріктіру арқылы берілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет