Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет21/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

56

талып келген әйел құқығына аса мән беру керектігін 



тағы бір мәрте ұғынды. 

алайда,  хазірет  Әбу  Бәкір  үшін  мұның  еш  мәні 

жоқ  болатын.  Хазірет  мұхаммедтей  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) жанды кіммен салыстырасың? Әкесі 

ретінде айшаның мәхірі үшін қажетті бағаны айтты

52



сұралған нәрсені алла елшісі дереу айша анамызға 

жіберді.  Осылай  жасау  арқылы,  сол  уақытқа  дейін 

мәхір  атаулыдан  мақұрым  болған  әйел  қауымының 

дәрежесін  тағы  бір  көтерді.  Осы  негізбен  қоғамда 

орныққан  қателіктер  жойылып,  қайта  тұрақты  әрі 

жақсы әдеттер қалыптасып жатты

53



Хазірет  Әбу  Бәкір  (р.а.)  пайғамбарымыз 



(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін мешіттің жаны-

нан бір үй салдырды. айша анамызға арнап мешітке 

жапсарлас  бір  бөлме  әзірленді.  Бұл  өте  шағын 

бөлмеде  тік  тұрған  адамның  басы  төбеге  тиердей 

болып, жатқан адамның қасында сәжде жасайтын бос 

орын қалмайтын. Тар болғанына қарамастан нақ осы 

бөлмеден әлемге ақиқат нұры таралды. 

Бұл  құрылыстың  салынуы  өзі  жеті  айдан 

бері  қонақ  болған  Әбу  Әюб  әл-Әнсаридің  үйінен 

пайғамбарымыздың кететінін де білдірді. 

52

  Ол күні хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) ұсынған мөлшері он екі жарым оқа 



болатын. айша анамыздың мәхірі туралы да түрлі мәліметтер бар. 

Кейбірлері оның 50 дирһам тұратын бір үй екенін айтса (қараңыз: Ибн 

мажә, никах 17; Табарани, әл-мұғжамул әбсат 1\146; Ибн Жад, ах-

мад ибн Ханбал 1\301; мүслим, никах 78 (1426); Хаким, мүстадрак 

4\5;  Ибн  сағд,  Табақат  8\59,  161),  біразы  оның  төрт  жүз  дирһам 

(қараңыз: Ибн Һишам,  сира 6\57) екенін айтады. Бұл қайшылық 

ақшалай ұсыну мен бір үй түріндегі екі баламадан тұруы мүмкін. 

53

  Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\25 (60); Ибн абдулбарр, 



Истиаб 4\1937; Ибн сағд, Табақат 8\63 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

57

Һижретке  сегіз  ай  толды



54

.  шәууәл  айы  келді. 

Үйлену  уақытына  шәууәл  айы  таңдалуының  да 

бір мәні бар еді. Өйткені сол кездері халық  шәууәл 

айында қиылған некенің арты жақсы болмайды, ерлі-

зайыптылар  ажырасып  кетеді  деп  сенетін.  Бұл  өзі 

екі  мейрам  арасында  қиылған  неке  болғандықтан 

бақытсыздық әкеледі деп білетін. Бұған дәлел ретінде 

бірнеше жыл бұрын пайда болып, көптеген адамның 

өліміне себеп болған оба ауруын алға тартатын. Обаға 

себеп  шәууәл  айында  қиылған  некелердің  нәтижесі 

деп қабылдайтын. сондықтан бастарына тағы бір бәле 

келмеуі үшін осы айда неке қиюдан сақтанатын

55



міне,  пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм) қоғамға ықпал еткен осындай қате түсінікті 

жойғысы келді. сондықтан неке барша жұрттың көз 

алдында қиылды. Кейінгі жылдары айша анамыз да 

әлгі  қате  түсінікке  жол  бермеу  үшін  некені  шәууәл 

айында қиюды ұсынатын. Былай дегені бар: 

–  расулалла  екеуміз  шәууәл  айында  үйлендік. 

айтыңызшы,  ол  кісінің  менен  өткен  сүйікті  жары 

болды ма?

56

54



  Кей риуаяттарда бұл некенің һижреттің екінші жылы және Бәдірден 

кейін қиылғаны да айтылады. Қараңыз: Тирмизи, никах 9 (1093); 

айни, Умдатул қари 1\45

55

  Ибн  сағд,  Табақат  8\60,  61.  сол  үшін  де  айша  анамыз  әлі  де 



қалдықтары қалған бұл түсініктің толығымен қоғамнан жойылуы 

үшін жастардың шәууәл айында үйленуін қолдап, өзінің бақытты 

екенін көрсетіп, ешкімнің алаңдамауы керектігін білдіреді. Қараңыз: 

мүслим, никах 73 (1423); Тирмизи, никах 9 (1093); ахмет ибн Хан-

бал, мүснәд 6\206 (25757); Ибн мажә, никах 53 (1990) 

56

  мүслим, никах 73 (1423)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

58

Бір  күні  Үммү  румән



57

  жолға  шығып,  қызы 

айшаны ертіп, ансар әйелдері жиналған жерге барды. 

Қай жаққа бара жатқандарын айша анамыз білмеді. 

асығыс  адымдағандары  соншалық  ентігіп  те  кетті. 

айшадай  сұлу  қалыңдықты  көріп  қызығып  кеткен 

бір ансар әйелі:

–  Жақсылығы мен берекесі мол, бақытты болсын, 

– деді. Барлығы да неке қию рәсімі қалай өтеді екен 

деп қобалжулы болатын. айша анамызды осылайша 

ақ  некеге  дайындап,  мәдинада  ең  бақытты  жанұя 

құрылды


58

сәске уақыты. айша анамыз қасында Әсма бинт 



язид  секілді  құрбыларымен  бірге  пайғамбарлық 

мектебіне  алғашқы  қадамын  басты.  сол  кезге  дейін 

үйге  аз  болса  да  бір  қорқынышпен  кіретін  анамыз, 

бұл  жолы  бір  жайлылық  сезінді

59

.  Жанына  келген 



алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған бір 

кесе  сүт  ұсынды.  Басқа  ұсынатындай  үйде  ештеңе 

де  жоқ  болатын.  Қарапайымдылықты  ту  еткен 

пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  оны 

да  қарапайым  нәрсені  таңдауға  шақырып  жатқанын 

аңғару  қиын  емес  еді.  Өйткені,  бірнеше  жыл  бұрын 

Жәбірейіл періште оған да осындай сүт ұсынып, сүтті 

таңдаған кезінде қарапайымдылық пен табиғилықты 

57

  Жолдастарымен бірге кезде оны алып некеге дайындаған кісі ансар-



дан Үммү атия екені де айтылады. Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 8\59

58

  Қараңыз: Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3681); мүслим, никах 69 



(1422); Әбу Дәуіт, Әдаб 63 (4933); Ибн мажә, никах 13 (1876); 

Дарими, никах 56 (2261); Ибн сағд, Табақат 8\58; Табарани, әл-

мұғжамул кәбир 23\25

59

  Қараңыз: Әбу нуайм, Хилиатул әулия 9\227




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

59

таңдағанын білдірген



60

. яғни, сүттің орны ерекше әрі 

білдіретін мағынасы терең еді. 

анамыз  алғашқыда  ұялып,  басын  иіп,  алла 

елшісінің  айдай  жүзіне  қарай  алмады.  Құрбылары 

оған:


–  сүтті,  қолын  қайтарма,  –  деді.  сосын  анамыз 

сүтті алып іше бастады. Пайғамбарымыз: 

–  Құрбыларыңа да бер, – деді. Олар мұны естіген 

кезде:


–  Тәбетіміз  жоқ,  –  деп  бас  тартты.  сонда 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): 

–  аштық  пен  өтірік  бір  жерде  бола  алмайды,  – 

деді. мұны естіген Хазірет Әсма:

–  Уа, алланың елшісі! Тәбеті бола тұра «Тәбетім 

жоқ» десе, өтірік айтқан бола ма? – деп сұрады. 

Әрқашан  да  ақиқаттың  жаршысы  болған 

пайғамбарымыз:

–  Иә,  айтылған  өтірік  өтірік  болып  жазылса, 

кішкентай өтірік те өтірік болып жазылады

61

, – деді. 



артық  сән-салтанат  пен  ағыл-тегіл  ысыраптан 

алыс, қарапайым түрде неке жасалды. анамыздың ай-

туынша, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

ол күні қой да, түйе де сойған жоқ. Хазраждің көсемі 

сағд ибн Убада оларға тамақ әкелді (бұрын да анда-

санда әкеліп жүретін), осы алла елшісінің жайған да-

старханы болды

62



60

  Қараңыз: мүслим, Иман, 259, Әбу яғла, мүснәд 6\216

61

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\438 (27511), 6\458 (27632), 6\459 (27639); 



Хәйсәми, мажмауз Зәуаид 1\142, 4\50; Табарани, әл-мужамул Кәбир 

24\155; ибн Әбуд-Дүния, мәкаримил ахлақ 1\54 (149)

62

  Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\210; Тахмаз, әс-сәйидату 



аиша 30


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

60

Бұдан  былай  айша  анамыз  өз  шаңырағында 



пайғамбарымыздың  іс-қимылын  жақыннан  көру 

бақытына ие болды. алла тағала пайғамбарына осылай 

өте зейінді жар нәсіп етті. Әсіресе отбасылық өмірге, 

әйелдерге  қатысты  діннің  үкімдерін  кейінгілерге 

жеткізуде осы алған жарының қосқан үлесі көп болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет