Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет23/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Тұрған үйі

Әрине, айша анамыз биік сарайда өмір сүрген жоқ. 

Тұрған жері тек қажетіне жарарлық шағын бөлме бо-

латын. Пайғамбар мешітінің шығысында орналасқан 

бұл  орынның  есігі  батыстан  сол  мешіт  жаққа  қарай 

ашылатын.  Осы  жағынан  алып  қарағанда  мешіт 

анамыздың  бөлмесінің  ауласы  сияқты  еді.  рамазан 

айында расулалла мешітте ғибадат жасаған кездерінде 

анамыз бөлмесінен қолын созып пайғамбарымыздың 

шашын  тарайтын

66

,  кейде  өзінен  сұраған  затын  тез 



арада алып бере қоятын. 

Бөлмесінің  қабырғасы  лаймен  сыланып,  түрегеп 

тұрған адамның қолы жететіндей төбесі құрма бума-

ларымен  жабылды.  шатыры  жаңбыр  өткізбеу  үшін 

64

  Қараңыз: нұр, 24\22



65

  Бұхари, шахадат 15 (2518), Әйман 17; мүслим, Тәубе 56 (2770); 

ахмад ибн Ханбал, мүснәд ,6\194, 197

66

  Бұхари, Иғтикаф 4 (1926); мүслим, Хайз 6 (297); Әбу Дәуіт, сиям 78 



(2467, 2469); Тирмизи, саум 80 (804)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

62

жүнмен  қапталды.  саж  және  арар  деген  ағаштан 



жасалған есігі әрдайым келушілерге ашық болды

67

.



Бөлмесінің көлемі жайлы былай деген:

–  расулалла  мен  ұйықтағанда  намазға  тұрар 

болса,  сәждеге  баратын  кезде  қолымен  аяғымды 

түртетін, мен аяғымды жинап ала қоятынмын, сонда 

барып сәждесін толық жасайтын

68



Басқа  аналарымыздың  бөлмесі  де  айша 

анамыздыкінен  аспады.  Бір  ерекшелігі,  олардың 

есігі пайғамбар мешіті жаққа емес, сыртқа қарайтын. 

Олардың тұрған жерінің қарапайымдылығын сурет-

теген хазірет Хасан былай дейді:

–  Хазірет  Османның  халифалығы  кезінде  алла 

елшісінің  әйелдерінің  үйіне  барғанымда,  қолымды 

сәл созсам төбесіне тиетін

69



Пайғамбар  мешітін  кеңейту  мақсатында  осы 



бөлмені бұзу мәселесі көтерілген кезде халифа Уәлид 

ибн  абдулмәликке  қарсы  шыққан  табиғиндердің 

имамы саид ибн мүсәйяб былай дейді: 

–  мына  бөлмелерді  бұзбай-ақ  қойсаң  қайтеді? 

Жұрт  барға  қанағат  етсе.  Өйткені,  ертеңгі  ақ  майы 

аузынан  аққан  ұрпақ  алланың  сүйікті  құлы  әрі 

елшісінің қандай жағдайда өмір сүргенін көрсін

70

.



67

  Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\272 (776); самхуди, Хуласа-

тул уафа 1\458

68

  Бұхари, салат 21 (375); мүслим, салат 268 (512); насаи, Таһарат 



120 (166-168); Әбу Дәуіт, салат 112 (712). Ол үйде қазір алла ра-

сулы, хазірет Әбу Бәкір мен Омардың денелері жерленген. Басқаша 

айтқанда, ол бөлме тек үш дене сиятындай ғана көлемді қамтыған. 

69

  Ибн сағд, Табақат 1\506; Тахмаз, әс-сәйидәту аиша 31



70

  Ибн сағд, Табақат 1\500, 8\167; суюти, әл-луррул мансур 7\554. 

сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сайидату аиша 32.



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

63

Бұл  бөлменің  ішінде  бір  кереует,  алаша,  іші 



талшықпен  толтырылған  теріден  жасалған  бір 

жастық, ілулі тұрған тері, бір мосы, су құятын және 

құрма салатын бір шелек және су ішетін бір кесе бар 

болатын


71

Қияметке  дейін  әлемді  жарыққа  бөлеген  нұр 



қайнары болған үйде түнде қоятын шам да болмады. 

Ол туралы айша анамыз былай дейді:

–  Пайғамбарымыздың  кезінде  үйімізде  түнде 

шырақ  жанбайтын

72

.  Өйткені,  ол  кезде  шырақ  үшін 



қолданылатын  майды  тамаққа  да  қосатын.  Басқаша 

айтқанда,  жейтін  нәрсені  табу  қиынға  соққан  кезде 

табылған  майды  тамаққа  емес  шыраққа  пайдалану 

ақылға сыймайтын нәрсе еді. анамыз бұл туралы:

–  Егер ол кезде май тапсақ, біз оны жер едік

73

, – 



дейді.

Жалғыз қалған кей түндері айша анамыздың үй 

ішін  қолымен  сипалап  заттарды  іздегені  де  осыны 

дәлелдейді

74

.

Үй  мүшелерінің  жағдайы  да  үйдің  жағдайымен 



пара-пар болатын. Өйткені, айша анамыздың айтуын-

ша, осы үйде тұрған Әли Пайғамбарымыз (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  қайтыс  болғанға  дейін  үш  күн 

қатарынан  нан  жемеген

75

.  Кейде  ай  бойы  бір  нан  да 



71

  Бұхари, либас 31 (5505), саум 59 (1879), риқақ 17 (6091); мүслим, 

либас 37, 38 (2082); Тирмизи, либас 27

72

  Таялиси, мүснәд 207 (1472); Бұхари, Хиба 1 (2428); ахмад ибн Хан-



бал, мүснәд 6\71 (24465); Бәйһақи, сүнән 6\169 (11722); Исхақ ибн 

рахуә, мүснәд 2\328 (851)

73

  Харис  ибн  Әби  Үсама,  мүснәдул  Харис  2\996;  Табарани,  әл-



мұғжамул әбсад 8\360 (8872); Исхақ ибн рахуа, мүснәд 3\1000

74

  Қараңыз: нәсаи, Ишаратун ниса7, 73



75

  Қараңыз: Бұхари, Әтима 73 (5059); мүслим, Зүһд 20 (2970); ахмад 

ибн Ханбал, мүснәд 6\277 (26410); Ибн мажә, Әтғима 48 (3343)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет