Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Спандияр Көбеев (1878-1956)



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата23.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#182125
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
annotation124256

 
Спандияр Көбеев (1878-1956).
Қостанай өңірінде дүниеге келген. 
Өмір бойы ұстаздық-ағартушылық қызметте болған. Алтынсарин 
ашқан мектепте оқып, орыс әдебиетін, мәдениетін бойына сіңіріп, 
алдыңғы қатарлы орыс ақын жазушыларына еліктеп өскен. И.Крылов 
мысалдарынан аударған “Үлгі тәржіма” жинағының ағартушылық, 
әдеби-мәдени маңызы өте жоғары. Аудармасының көркемдік-тұрғыдан 
өзіндік жетістіктері бар. “Үлгілі бала” жинағының оқу құралы, 
хрестоматия ретіндегі маңызы өте зор. 
Спандияр Көбеевтің 1913 жылы жарық көрген “Қалың мал” 
романы қазақ көркем прозасындағы елеулі табыс болып саналады. 
Романның тақырыбы – әйел теңсіздігі. Романда ескіліктің қалдығына 
саналатын әдеп-ғұрыптар өткір сыналады. Шығармада әлеуметтік 
теңсіздік айқын көрініс тапқан. Романдағы басты кейіпкер Итбай 
бейнесі – сатиралық типтік образ. Оның сыбайластарының бейнесі де 
осы жолмен ашы-лады. Романда жаңа қоғамның жаңа адамдарының 
бейнесі де сомдалған. Басты кейіпкерлердің бірі – жаңашыл бейне 
Қожаштың күрескерлік іс-әрекеттерінің мәні өте зор. Өз бас 
бостандығы жолындағы күресте шыңдалған қазақ қызы – Ғайша 
образы сол тұстағы реалдық өмір шындығына сәйкес сомдалған. 
Ғайша арқылы теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының типтік бейнесі 
жасалады. Ғайша мен Қожаш бейнелері жаңа заман ағымымен үндесіп, 
жастар санасын оятуда үлкен міндеттер атқарды. 
Романның жанрлық талаптарға жауап беруі, әрине, толымсыздау. 
Роман құрылымы, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді сомдаудың 
шынайылығы, көркемдік шындық нанымдылығы жағынан да жанр 
талабына толық жауап бере алмайды. Дегенмен, алғашқы 
тәжірибелердің бірі болса да, жазушының өзіндік стилі қалыптасып, 


тілінің қарапайымдылығы арқылы өмірден оқшауланбай оқырман 
талабымен қабысып жатады. Бұл шығармада сыншыл реализм 
сипаттары басым болып келді. Роман біршама көркемдік, образдылық 
жетістіктері нәтижесінде қазақ әдебиеті тарихынан өзік орнын алған 
шығарма болып табылады. 
С.Көбеевтің “Орындалған арман” шығармасында өмірбаяндық 
оқиғалар қазақ өмірінің әлеуметтік шындығымен астасып 
сипатталады. Бұл шығарма мемуарлық жанрдың қазақ әдебиетіндегі 
бастау көзі десе болғандай. Ағартушы-жазушы С.Көбевтің қазақ 
әдебиеті тарихында өзіндік орны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет