25
жеке басқа қатысты күйініш-сүйініштен, қасірет-қайғыдан гөрі,
халық қамын жеген азаматтық поэзиясының халықтық сипаты
басым жатыр.
Ұлы Абайдан тәлім алып, өлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы
іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан
да қазақ поэзиясында Ахаң салған жаңа бағыт – ұлттық бірлік пен ұлттық
азат-тықты жырлау, бостандықтың биігіне алып шығар жолды көрсетіп, жөн
сілтеу
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы XX
ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес
болып қала бермек. Ол қазақ әдебиетіндегі нағыз ұлт-азатшыл
поэзияның негізін қалап, қазақ поэзиясына азаттыққа ұмтылған
азаматтық жыр үлгісін алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: