Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет223/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ұтылмаймыз. Немесе «Шешен сөз» 
дегендегі оның саясат шешен сөз, 
билік шешен сөз, қошамет шешен 
сөз, білгір шешен сөз, уағыз шешен 
сөз деген түрлерінің атауларын ор-
нын дәл тауып пайдалансақ, ұлттық 
таным-біліктен алыс жатқан жоқ. 
Шешен сөз очерк жанрының бала-
масына жақын келсе, ішкі түрлерге 
бөлуде де сәйкестік байқалады.
А. Байтұрсынов қара сөз бен да-
рынды сөз жүйесін сөз ету бары-
сында, әдебиеттің тегі мен түрі 
мәселесіне келгенде фольклор және 
әдебиет тарихына шолу жасап өтеді. 
Бұл турасында З.Қабдолов: «Мұның 
өзі бір қарағанда әдебиет туралы 
ғылымның екі саласын (тарихы мен 
теориясын) қосып, қойыртпақтап 
жібергендей көрінеді. Бірақ байыбы-
на барыңқырасақ, ол мұнда да әдеби-
теориялық ұғымдар қалыптастырып, 
өзінің «Әдебиет танытқышын» тағы 
да сөз өнерінің әсем әліппесінде ай-
налдырады» деген пікір білдіреді. 
Біздің ойымызша, автор фольклор 
туралы ой-толғағанда оны жанрлық 
тұрғыдан классификация жасаудың 
алғашқы жобасын жасап, ғылыми 
анықтамасын жазып шықты. М. Әуе-
зовтің «Әдебиет тарихы» 1927 жылы, 
Х. Досмұхамедовтің «Қазақ халық 
әдебиеті» 1928 жылы шыққаны бел-
гілі. Ендеше осы екі еңбектегі қазақ 
фольклорының жүйеленуіне негіз 
болған да осы «Әдебиет танытқыш» 
екені даусыз. 
Ал әдебиет тарихына келгенде, 
А. Байтұрсынов оны дәуірге бөлуде 
өзіндік көзқараспен қарайды. Жазба 
әдебиетті діндар дәуір және ділмар 
дәуір деп бөлгенімен, кейін оны сын-
дар дәуір деп тармақтайды да, ол ұлы 
Абайдан басталады деп көрсетеді. 
1920 жылдардың бас кезінде жаз-
ба әдебиетті Абайға дейін және 
кейін деп бөлген көзқарас болғанын 
айтқанбыз. Р. Мәрсеков «Қазақ 
әдебиеті жайынан» («Қазақ», 1914, 
№112) мақаласында «жазудың қазақ 
арасына көбірек тараған заманын-
дағы әдебиет» деп атаған дәуірді, 
М. Әуезов «Қазақ әдебиетінің дәуірі» 
(«Шолпан», 1923, №5) мақаласын-
да «көшпелі дәуір әдебиеті» атаған 
кезеңді (Абайға дейінгі) сөз еткенде 
діни сарын мен шығыстың сюжеттік 
желілерді жырлау басым болғанын 
атап көрсеткен болатын. Сондықтан 
да болар, А. Байтұрсынов бұл кезеңді 
«діндар дәуір» деп атап, оған қисса, 
хикаят, мысал, насихат (үгіт), мінажат, 
мақтау, даттау, айтыс, толғау, термені 
жатқызады. Бәрін дұрыс демеген 
күннің өзінде қисса мен хикаятты 
фольклорлық жанрға бірде енгізіп, 
бірде енгізбей келгеніміз, әдебиет 
теориясынан орын бермегеніміз рас 
қой.
Негізінен А. Байтұрсыновтың 
«Жаз ба әдебиеттің өзі екіге бөлінеді: 
діндар дәуір, ділмәр дәуір. Діндар 
діншіл деген мағынада, ділмар – 
тілшең деген мағынадағы сөздер. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет