Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет324/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
және мазмұндық сипатынан фоль-
клорды және төңкеріске дейінгі әде-
биет тарихын дәуірлерге бөле оты-
рып қарастыру арқылы, басты-басты 
проблемаларын шешіп алу мақсаты 
қойылғанын байқау қиын емес. Нақты 
айтсақ, ол «Дәстүрлі және кеңес 
дәуіріндегі фольклорды зерттеудің 
негізгі мәселелері» (Н. С. Смирно-
ва), «XVІІІ ғасыр соңы мен ХІХ ға-
сырдың алғашқы жартысындағы 
қазақ әдебиетін зерттеу мәселелері» 
(Қ. Жұмалиев), «ХІХ ғасырдың 
50-70-жылдарындағы қазақ әдебиетін 
зерттеу мәселелері» (Ы. Дүйсенбаев), 
«ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы 
қазақ әдебиетінің негізгі тенденци-
ялары мен бағыттары» (М. Силь-
ченко), «ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті туралы» (Б. Кенжебаев) де-
ген сипаттағы жүйеде көрініс тапқан. 
Ал кеңестік дәуірдегі әдебиеттің 
талқыға салуға ұсынатын өзекті 
мәселелері М. Базарбаев (негізгі ба-
яндама), М. Дүйсенов, М. Қаратаев, 
С. Сейітов, Т. Сыдықовтар жасаған 
қосымша баяндамаларда сөз етілді.
Біздің ойымызша, конферен-
цияның басты бағыт-бағдары мен 
әдіснамалық жүйесі идеялық тұр-
ғыдан дұрыс, партиялық тұрғы дан 
әділ болуы жоғарғы жақпен ақыл-
дасып бекітілген. Оны С. Бәйі шевтің 
«Халқымыздың әдеби мұраларын 
зерттеу мен пайдалану жайында» 
аталған кіріспе сөзінің және Е. Ыс-
майыловтың «КПСС ХХІ съезі қа-
рар ларына байланысты қазақ әде-
биет
тану ғылымының негізгі мін-
деттері» 
атты 
баяндамасының 
маз мұнынан көруге болады. Екеуі 
де маркстік-лениндік әдіснамаға 
сүйене отырғанымен, С. Бәйішевте 
кінәлау жағы басым түскен де, 
Е. Ысмайыловта ғылыми зерттеу 
жұмыстарында жіберіліп отырылған 
«кемшіліктердің» себебін ашып 
ақталу жағы көп. С. Бәйішев өз сөзінде 
қазақ әдебиеттануының теориялық 
деңгейі төмен дәрежеде екенін 
айтқан уақытта әдеби теориялық 
талдау жасаудың әлсіздігін көрсетіп 
отырған жоқ. Керісінше, лениндік 
теорияны толық меңгермегендіктен, 
әдеби мұраны игеруде қателіктерге 
ұшырап отырғанына байланысты-
ра қарайды. Оны дәлелдеу үшін 
ғылыми-зерттекшілік 
ой-пікірдің 
кеңес дәуіріндегі әдебиеттен көрі 
бұрынғы әдеби мұраға, Бұқар жы-
раудан бастап М. Ж. Көпеевке 
дейінгі ақын-жырауларды зерттеу-
ге көп көңіл бөліп жүргенін, соның 
кесірінен импералистік жаулардың 
шабуылын әшкерелей алмайты-
нын, әдебиет тарихын партиялық 
тұрғыдан әділ бағалау басты міндет 
екенін шегелей айтумен шектелген. 
Сол арқылы әдебиеттану ғылымы 
«коммунизм құру жолындағы мықты 
идеологиялық құрал» екенін дәлелдеп 
шықты. Е. Ысмайылов қазақ әдебиеті 
халықтың тарихи қоғамдық өмірінің, 
таптық күрестерінің жемісі деген 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


344


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет