Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет331/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
отырған бір орталықтандырылған 
отыршылдық-әкімшілік жүйе көр-
кем әдебиеттегі кейбір рухани босаң-
сулар мен ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдегі тың ізденістерді дер кезінде 
байқап үлгерді. Түрлі басқосулар 
мен жиындар, ғылыми талқылаулар 
ұйымдастырып, ауыздықтап қоюға 
шұғыл шаралар қолданды. Оларда 
К. Маркстің «Жеке ұлттардың руха-
ни ісінің жемістері жалпының игілі-
гіне айналады. Ұлттық сыңаржақтық 
пен томаға-тұйықтық бірте-бірте 
мүмкін болмайтын болады, сөйтіп 
толып жатқан ұлттық және жергілікті 
әдебиеттен бүкіл дүниежүзілік бір 
әдебиет құрылады» деген «көреген-
дік» пікірі басшылыққа алына бас-
тады. Мысалға 1960 жылғы 11-12 
қаңтарда Мәскеуде өткен ұлттар 
әдебиетінің өзара байланысы мен 
бір-біріне әсері мәселесіне арналған 
жиынды атауға болады. «Осында сөз 
алған бірқатар мәскеулік шешендер 
кеңес әдебиетінде ұлттық сипаттың, 
ұлттық айырмашылықтың тезірек 
жойылуы – «қоғамдағы антогонистік 
элементтердің тамырына балта шаба-
тынын даурыға айтты». 
Конференция туралы пікірімізді 
дәл осылайша аяқтасақ, өткен та-
рихтағы қол жеткізген барлық та-
быстарды жоққа шығаруға, болмаса 
жаңаша сипаттағы «тұрпайы социоло-
гизмге» бой алдыру болып шығар еді. 
Сондықтан қазақ әдебиеттануында 
кеңестік дәуірде маркстік-лениндік 
әдіснаманың толық үстемдік ал-
ған 1960 жылдардан басталатын 
ен дігі кезеңіндегі ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір үшін басты 
бағыт-бағдар мен нысана болып табы-
латын және сол уақыт үшін жаңалық 
болып есептелген жетістіктерін де 
атап көрсету керек. Тарих қашан да 
болсын тарих болып қалады. Оны 
жамап-жасқауды уақыт ешқашан да 
көтермейді, шындық жеңіп шыға-
тынын бүгінгі күн өзі дәлелдеп те 
отыр. Осыған сай ақиқатын айтар 
болсақ, конференцияның ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің жаңа ізде-
ністері үшін нақты көтерген мәсе-
лелері төмендегіше болады.
• фольклортануда жеке жанрлар 
тарихын, поэтикасын, басқа халық-
тар фольклорымен байланысын, ке-
ңестік дәуірдегі халық творчество-
сын ғылыми тереңдете зерттеу;
• «тұрпайы социологизм» әсері-
нен шеттетілген және бұрын жарық 
көре қоймаған халық ауыз әдебиеті 
үлгілерін басып шығару;
• қазақ әдебиетін теориялық тұр-
ғыда зерттеуге көбірек назар ауда-
ру, көркемдік әдіс, дәстүр мен жа-
ңашылдық, жанрлық даму және қа-
лыптасу жолы, стиль мен көркемдік 
шеберлік мәселелеріне сай тексеру;
• қазақ әдебиетінің социалистік 
мазмұны мен ұлттық сипатын, идея-
лық-творчестволық 
мәселе лерін, 
со циалистік реализмнің принцип те-
ріне сай өсу жолын жаңа талапта қа-
растыру;
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет