Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет353/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
(1986), Н. Келiмбетовтiң «Қазақ 
әдебиетiнiң ежелгi дәуiрi» (1986), 
М. Жолдасбековтiң «Асыл арна-
лар» (1986), Қ. Өмiрәлиевтiң «VIII-
ХII ғасырлардағы түркi әдеби 
е керткiштерi» (1986), А. Қырау баева-
ның «Ғасырлар мұрасы», Х. Сүйiнiш -
әлиевтiң 
«Ғасырлар 
поэзия сы» 
(1987) секiлдi қазақ әдебиеттану 
ғылымына үлес болып қосылған 
ғылыми 
еңбектерiне 
жалғасты. 
Оларда ежелгi дәуiрдегi көне түркi 
жазба ескерткiштерiнiң ұлттық әде-
бие тiмiздiң арғы бастаулары екенi 
ғылыми негiзделiп, оны дәуiрге 
бөлудi осы ерте кезеңнен бастап 
жүйелеу қажеттiгi толығымен дә-
лелдендi. Соның нәтижесiнде ұлт-
тық әдебиетiмiздiң тарихы хроно-
логиялық тұрғыдан алғанда ежелгi 
дәуiрдегi әдебиет, ХV-ХVIII ғасыр-
дағы әдебиет, ХIХ ғасырдағы әде-
биет, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, 
қазақ совет әдебиетi деген дәуiрлер-
ге жүйелендi де, он екi ғасыр болып 
толықты. Бұл дегеніміз – ұлттық 
ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң жи-
ырма жылғы тарта дау-дамайға түсiп 
келген концепцияны толық жүзеге 
асырған үлкен табысы едi.
Қазақ әдебиеттану ғылымы өзi-
нiң қалыптасу кезеңiнде төл әде-
биетiмiздiң ұлттық танымға сай та-
рихи бастауларын анықтап алуы, 
сөз жоқ, ғылыми мәнi зор жаңалық 
болып табылады. Себебi, бұл қа-
зақтың ұлт, халық ретiнде толық 
танылуын, әдебиетi мен өнерiнiң, 
ғылымының өсiп-өркендеуiн Ресей ге 
«өз еркiмен қосылғаннан» берi қарай 
ғана қарастырып келген, тiптi Қазан 
төңкерiсiне дейiн «үш пайызы ғана 
хат танитын сауатсыз едi» деудi оңды-
солды насихаттаған европацентристiк 
көзқарастың, нигилистiк пиғылдағы 
пiкiрлердiң iрге тасын шайқал тып-
ақ тастады. Ғылыми-зерттеушiлiк 
ой-пiкiр ендi қазақ халқының төңке-
рiске дейiн «надан», «тағы», «тузе-
мец» болмағанын дәлелдеуге бағыт 
ала бастады. Оның бiр көрiнiсi 
Т. Кә кiшевтiң қазақ әдебиетi сыны-
ның туу, қалыптасу тарихын зертте-
ген еңбектерiнен байқалды. Ғалым 
ұлттық 
сыншылдық-эстетикалық 
ой-пi кiрдiң 
бастауларын 
халық 
фоль к лорынан берi тарамдата баян-
дап, негiзгi арналары төңкерiске де-
йiн-ақ айқындалғанын, ғасырларға 
созылған туу үдерісін бастан кешiрiп 
үлгергенiн ғылыми саралап шықты. 
Жоғарғы оқу орындарында жеке пән 
ретiнде жүргiзу дәрежесiн алып бердi. 
Қалыптасу жолындағы әрбiр кезеңi, 
методологиялық мәселелерi мен тео-
риясы, жанрлық iшкi түрлерi жекелей 
зерттеле бастауына жол ашты.
Ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң 
ұлттық мақсаттағы таным-бiлiкке 
тереңдей бой ұруы 1980 жылдары 
толыса түстi. Кеңестiк идеологиялың 
iрiп-шiрiгенi сондай, кейде маркстiк-
лениндiк әдiснаманы тек қалқан 
ретiнде ұстай отырып жазылған 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


374


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет