Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет394/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
мен түсіндірмелерден, халық та-
рихынан нәр алатын деректер мен 
мәліметтерден, ғұмырнамалық зерт-
теулерден басталатын қалыптасу 
процесінде қиын да ұзақ жолды ба-
стан кешіреді. Ғалым А. С. Курилов 
бұл турасында: «Вопрос о том, ког-
да и как возникла и сформировалась 
литературная наука в той или иной 
стране очень существен. Это вопрос 
об исторических далях националь-
ного литературоведения, его само-
бытных истоках и источниках. Это 
вопрос о времени и характере его 
включения в региональный и всемир-
ный литературоведческий прогресс. 
Это, наконец, вопрос о своеобразии 
перехода определенного круга зна-
ний и представлений о литературе, 
свойственных каждому народу, в на-
уке о литературе, когда данная ли-
тературоведческая мысль оставаясь 
национальной в своем представле-
нии, понятии и форме выражения 
приходит к достижениям и открыти-
ям, которые получают общенаучное 
признание, становятся всеобщим до-
стоянием» деп жазды [4, 2]. Бұл пікір 
қазақ әдебиеттану ғылымының туу, 
қалыптасу тарихын зерттеу барысын-
да назар аударуды қажет ете отырып, 
тың бағыттарда жұмыстар жүргізуге 
жетелейді. 
Өзінің қалыптасу тарихын жан-
жақты зерттей алмай тұрып, бірде-бір 
ғылымның толық мәнде қалыптасып, 
алға қарай дамуы мүмкін еместігі 
жалпыға мәлім жай. Өйткені ол 
зерттеулер сол ғылымның қол жет-
кізген жетістіктерін жақсылап мең-
геруіне көмектесумен қатар, өткен 
жолындағы ізденістер мен іркілістерге 
баға беріп, зерттеу әдіснамасының 
негізгі принциптерін ашады, одан әрі 
қарай дамуына ықпал жасайды. Бұл 
айтылғандардың қазақ әдебиеттану 
ғылымына тікелей қарым-қатынасы 
бар. Егер орыс ғалымдары өздерінің 
әдебиеттану ғылымының туып, қа-
лыптасу тарихын зерттеуде айтар-
лықтай табысқа қол жеткізген бол-
са, кейбір белорус, мордва, татар, 
өзбек секілді ұлттардың әдебиеттану 
ғылымы әдеби сын тарихын зерттеу-
мен байланыстылықта қарастыруда 
тың қадамдар жасады. 
Қазақ әдебиеттану ғылымын, 
ондағы әдеби-теориялық ғылыми-
зерт теушілік ой-пікірдің даму үдері-
сін, әдіснамалық мәселелерін ғылы-
ми тұрғыда жүйелі тексерген күрделі 
ғылыми зерттеу, монографиялық 
еңбек болмағанмен, бізде бұл мә-
селені арнайы да, жанама түрде сөз 
еткен мақалалар мен еңбектер бар-
шылық. Әдебиет туралы ұлттық 
ғы лымның туу, даму жолдары мен 
тарихының көптеген мәселелерін, ке-
лешек зерттеу жұмыстарына бағыт-
бағдар беретін соны көзқарастарды 
қазақ әдебиеті сыны тарихын зертте-
ген еңбектерден көреміз. 
Қазақ әдебиеті сыны тарихын 
зерттеу дегеніміз – көптеген ғалым-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


417


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет