Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет412/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
бар. Ол қай елде, қай қалада болмасын 
қазақ халқына, оның қайраткерле-
ріне қатысты деректерді іздестіретін-
дігі «Ұштасқан үш өзенмен» (1978), 
«Жол үстінде 80 күн» (1983), «Жа-
сампаз өлке» (1989) кітаптарымен 
көрінсе, Польша, Қытай, Иран, 
Түркия, Моңғолия, Франция сапар-
лары кезінде қазақ диаспорасының 
жай-күйімен байланысып жатады. 
«Жүргенге жөргем ілінетіні» Т. Кәкі-
шев сапарлары анықтай түседі. 
Сөзімізді түйіндей келе, зерттеуші 
Т. Кәкішевтің бүкіл саналы ғұмы рын 
сарп еткен ғылым жолындағы қы руар 
еңбектері арқылы қазақ әдебиет тану 
ғылымына сіңірген айрықша ең бегін 
көреміз. Өзінің осынау баға жет-
пес еңбектерінің арқасында ғылым 
жолындағы дара тұлғалардың бірі 
болумен қатар, зерттеушінің ұлы 
азаматтығы, болашақ ұрпақ үшін, 
тарих үшін «ақтаңдақтар ақиқатын» 
ашудағы табанды күрескерлігі, шын-
шылдығы үшін халқының қалаулы 
азаматтарының бірі, білім-ғылым жо-
лындағы беделді, биік тұлға ретінде 
көріне білді.
«Ел, халық тағдыры осындай 
тар жол, тайғақ кешулерге тап бо-
лып, толқыған тұстарда оның жоғын 
жоқтап, күйін күйттеген, әділдік, 
шындық іздеп шарқ ұрған шырғалаңға 
түскен, алда ағаларымыздың аяулы 
бейнелері жұртшылық жүрегінде... 
Міне, солардың тағдыр-талайы мен 
тарихын тірнектеп жүріп тірілткен, 
өнердегі ғана емес өмірдегі ерлікте рін 
жарқырата жалғастырушы, ұлағат-
ты ұстаз, көрнекті ғалым, сыншы, 
әдебиетші Тұрсынбек Кәкішұлының 
өмір өткелдері де туған халқының 
тіршілік тынысымен тұтасып жа-
тады» деген зерттеуші пікірімен 
үндеседі.
Әдебиеттану ғылымының үлкен 
бір саласы саналатын әдеби сынның 
тарихын бір өзі зерттеп, жазып 
шыққан Т. Кәкішевтің еңбегі ғылыми 
ерлік деуге тұрарлық. Әрине, бұл 
істе Т. Кәкішев жалғыз емес, арты-
нан ерген, жолын қуған шәкірттері 
бар. Қазақ әдеби сынының тари-
хи, теориялық мәселелері түрлі 
қырларынан жан-жақты зерттелген 
іргелі еңбектер жарық көре баста-
ды. Қазақ әдебиеттану ғылымында 
профессор Т. Кәкішевтің салған 
сынтанудағы сара жолы жалғасуда.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


435


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет