Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет161/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
даған «қазақта төңкеріске дейін тап 
болған жоқ, сондықтан өткендегі 
мұраның жақсы-жаманы жоқ» де-
ген ұғым орын алды. Лекция мен 
бұл мақалалар әдебиет тарихын ғы-
лымдық тұрғыдан зерттеудегі жа-
ңаша сипаттағы талпыныстардың 
бірі еді. Бұл пікірталас ғасыр ба-
сынан келе жатқан ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір мен маркстік-ле-
ниндік ілімнің әдебиеттің тапты ғы, 
партиялығы, халықтығы туралы 
қа ғидалары арасындағы күрестің 
ал ғашқы қақтығысы болатын. Сон-
дықтан да аласапыран кезең болса 
да, әдебиеттің тарихи курсын жа сау 
мәселесінің 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірде көрініс табуы, ұлттық 
әдебиеттану ғылымының туу дәуі-
ріне қадам басып, тың ізденістер 
жасай бастағанын дәлелдейді. Оған 
кеңес өкіметінің халық арасындағы 
сауатсыздықты жою, ол үшін мек-
тептер ашып, оқу құралдарымен 
қамтамасыз ету саясатының көмегі 
тимей қалмады.
1920 жылдары халық арасын-
дағы сауатсыздықты жою саясатын 
қазақ зиялылары қызу қолдады. Бұл 
жолдағы алғашқы қадам бастауыш 
дәрежесіндегі мектептерге түрлі 
әліппе, сауат ашқыш құралдар жасау-
дан басталды. А. Байтұрсыновтың 
«Әліпби» (1921), «Оқу құралы» 
(1921), «Әліпби. Жаңа құрал» (1926), 
«Тіл құралы» (1920), Т. Шонанұлы-
мен бірігіп жазған «Оқу құралы» 
(1927), М. Жұмабаевтың 1930 жылға 
дейін жеті рет басылып шыққан «Са-
уатты бол» (1923), Ж. Аймауытовтың 
«Жаңа ауыл» (1929) атты оқулықтары 
мен тағы басқалардың оқулық, хре-
стоматиялары ұлттық әдебиеттің 
мектепке жеке пән ретінде жүре бас-
тауына жетекші ықпал жасады. Басқа 
пәндерден де оқу құралдар жазу қолға 
алынды. Әйтсе де педагогикалық 
техникумдер мен училищелерде, ха-
лық ағарту институттарында әдебиет 
тарихын оқыту қажеттілігі айқын 
сезіле бастады. Осы қажеттілік оқу-
ағарту, әдебиет саласында жүрген 
ұлт зиялыларының алдына қазақ әде-
биетінің тарихын зерттеу міндетін 
қойды.
Әдебиет оқулығын жасау, оның 
тарихын зерттеуде осы жоғарғы бас-
қыштағы мектептер мен оқу орында-
рына қазақ әдебиетінің арнайы түрде 
оқытылуын қажет еткен уақыт, дәуір 
талабына үн қосқан М. Әуезов бол-
ды. 1924 жылы Семей қаласын дағы 
қазақша педагогикалық техни кумге 
әдебиет тарихынан лекция оқи-
тын оқытушы іздеген кезде, Семей 
губерниялық атқару комитеті Ленин-
град университетінде оқуда жүрген 
М. Әуезовті шақыртады. «Әуезов 
қазақ әдебиетіне қызығуы мен осы 
саладағы өз бетінше жүргізген зерт-
теулері арқылы техникумде қазақ 
әдебиетін оқытатын бірден-бір кан-
дидатура болып табылады» деп атап 
көрсетілуіне қарағанда, сол кездің 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет