Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет265/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
республикалық деңгейде атап өті-
луі мен «Қызыл Армия үгітшісінің 
блокнотынан» бастап ССРО ғылыми 
академиясының Қазақ филиалы ның 
«Хабарларына» дейінгі баспасөз 
бетінде жүзге тарта мақалалардың 
орыс, қазақ тілдерінде жариялануы 
абайтану ілімінің қарқынды қадам 
жасап жатқанына бір дәлел болды. 
Бұл жерде М. Әуезовтің «Абай жо-
лы» эпопеясының алғашқы кітапта ры 
жарық көріп, қалың жұртшылық пен 
әдебиетші-сыншылар 
қауымынан 
жо ғарғы бағаға ие болған табысының 
игі әсері де болғанын атап ету ке-
рек. Әрине, жарияланған мақалалар-
дың барлығын абайтануға үлкен 
үлес болып қосылған еңбектер деп 
бағалауға болмас. Естеліктік, тарихи-
дерекнамалық, шола баяндау мен 
танымдық-бағалаушылық мақсатта 
ой айтқандар да аз бола қойған жоқ. 
Ал ғылыми сипаттағы мақалалар 
тек абайтану ілімінің тың пробле-
маларын көтере бастағанын ғана 
емес, ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің жеке дарындарды мо-
нографиялық тұрғыда тексеру жо-
лындағы игі қадамдар жасап жат-
қанын да анық танытты. Мыса-
лы, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ өлең 
құрылысы, тілі жөніндегі Абайдың 
жаңалықтары» (Майдан, 1944, №2), 
М. Әуезовтің «Абай еңбектерінің 
биік нысанасы» («СҚ», 1945, 
18.08), Б. Кенжебаевтың «Абайдың 
қарасөздері» («СҚ», 1945, 15.08), 
С. Мұқановтың «Абай – қазақ хал-
қының ұлы кемеңгері» (1945 жыл-
ғы толық жинақта), Ғ. Мүсіреповтің 
«Абай және орыс классиктері» («СҚ», 
1945, 21.08), Е. Ысмайыловтың 
«Абайдың көркем сөз шеберлігі» 
(«СҚ», 1945, 22.08) тағы да басқа 
мақалалар ұлы ақын мұрасын ғылы-
ми тексеру жолындағы ізденістердің 
тың арналарға бағыт алып өрістей 
бастағанын байқатады. Абайдың өз 
мұрасын зерттеуге байланысты нақты 
көтеріле бастаған тақырыптарды 
былай қойғанда, «Абай шәкірт те-
рі», «Абайдың ақындығының ай -
наласы және әдеби мектебі» се кілді 
бағыттардағы мәселелердің зерттеу 
нысанасына түсуі, ұлттық әдебиет 
тарихында жаңа есімдердің жа-
рыққа шыға бастауына үлкен дау-
дамайға айналып, соңғы кезге дейін 
дұрыс шешімін таппай келгені, 
тек маркстік-лениндік әдіснама қа-
ғидаларынан құтылғаннан кейін 
ғана мойындағанымыз – сол кезде-
гі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
қиын шылықтарға қарамастан соны 
барлауларға бара алғанының айға-
ғы. Оны монографиялық сипаттағы 
зерттеудің алғашқы баспалдақтары 
ретінде танылған М. Әуезов пен 
Б. Кенжебаевтың «Абай – қазақтың 
ұлы ақыны» (1945, қазақша, орыс-
ша), Н. Сәбитовтің «Абай» (1946, 
библиографиялық көрсеткіш, екі 
тілде), М. С. Сильченконың «Абай: 
Очерк жизни и творчества» (1945), 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


284


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет