Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет280/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ріншісі, партиялық баспасөз орны 
болып табылатын «Социалистік Қа-
зақстан», «Казахстанская правда» 
газеттерінің жол бастауымен мерзім-
ді жарияланымдарда «тұрпайы со-
циологизм» көзқарасындағы сола-
қай сыншылдықтың өріс алуы бол-
са, екіншісі, жарамсыз деп табылған 
оқулықтарды пайдаланудан алу мен 
сынға ұшыраған ақын-жыраулар шы-
ғармашылығын алып тастап, қаулы 
талабына сай жаңа оқулықтар жазу 
еді. Қаулының егемендік алғанға де-
йінгі ғылыми зерттеу жұмыстарына 
тигізген орасан зор кесірін таныту 
үшін бұл жайттарға кеңінен тоқтала 
кеткен артық болмайды.
Қаулы мен баяндамадан соң-ақ 
іле-шала белсенділік танытуға ұм-
тылған партиялық баспасөздер тал-
қандауға құрылған саяси науқанды 
бастап жіберді. «Социалистік Қазақ-
стандағы» «Идеологиялық жұмыс-
тағы қате-кемшіліктерді батыл жоя-
йық» (11 наурыз) атты бас мақала, 
«Казахстанская правдадағы» В. На-
умов пен Н. Антоновтың «На пози-
циях гнилого либерализма» аталатын 
мақаласы қазақ әдебиеттану ғылы-
мы туралы солақай сыншылдық-
тың өріс алуына жол ашты. Қаулы 
шықпай тұрып-ақ ғылыми зерт теу 
жұмыстарының ұлттық мүддеге 
сай бағыт алуына күмәндана қарап, 
осы қаулының қабылдануына не-
гіз болды деп ойлауға болатындай 
мақалалар жарияланғандардың күні 
оңынан туды. Оны қаулыдағы рес-
ми тұжырымдар мен 1946 жыл ғы 
«Социалистік Қазақстанда» жария-
ланған П. Кузнецовтың «Идеясыз-
дық пен жайбарақаттық жағдайында» 
(4 қазан), Б. Степановтың «Қазақстан-
да идеологиялық жұмыстың кей-
бір мәселелері туралы» (10 тамыз), 
С. Төлешевтің «Әдебиеттік оқу 
кітаптарындағы елеулі кемшіліктер» 
(13 қараша), «Қазақ әдебиетін зерт-
теу дегі елеулі қателіктер мен кемші-
лік терді батыл және тез жояйық» 
(1 желтоқсан) секілді мақалалардағы 
сын нысанасына түскен мәселелер 
мен пікірлерді салыстыра қарағанда 
анық байқауға болады.
Ұлттық әдебиеттанудағы қате-
ліктерді жоюға шақырған үндеуге 
идеологияға жақын екенін үнемі 
дәлелдеуге ұмтылатын сол кездегі 
әдеби сын бірден үн қосты. Сын-
шылдық көзқарастың қаулыға дейін 
анда-санда көрініс беріп қалып 
отырған тапшылыққа негізделген 
сыңар жақ солақайлығы қайта дә-
уірлеп, ғылыми-тарихи, әдеби-тео-
риялық ой-пікірдің «өрескел қа-
теліктерін» аямай әшкерелеу мен 
өлтіре сынау өрістеді. Ол партиялық 
басшылықпен арнайы ұйымдас ты-
рылды және осындай сәттерге көзге 
түсіп қалуға тырысатын айғайшыл 
адамдарды шеберлікпен пайдалан-
ды, мақсатты тапсырыс беріліп жаз-
дырылды. Ол 1947 жылғы «Әдебиет 
жә не искусстводағы» М. Ақынжанов-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


299


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет