Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет329/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
баққан Қ. Жұмалиевтің концепция-
сы негізге алынып кетті. Қайта-қайта 
сөз алып, өз ұсынысын ғылыми тал-
қыға салуға шақырған Б. Кенже баев-
ты қолдаушылар шыға қоймады. 
Тіпті М. Әуезовтің өзі қорытынды 
сөзде бұл мәселені айналып өтіп, 
қағыс қалдырды. Тек В. Сидельни-
ков қана ғалым көтерген мәселенің 
дұрыс екенін атай келе, шығыс 
славяндардың ертедегі мұрасының 
белорус, украин, орыс әдебиеттеріне 
ортақ екенін, оны кезінде Бер-
тельс көтергенін, Б. Кенжебаев дер 
уақытында қозғап отырғанын атап 
өтті. Бірақ конференция қабылдаған 
шешімде қазақ әдебиетінің тарихын 
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы-
нан бастап қана зерттеу керек деген 
тұжырым қабылданды. Алайда өз 
әдебиеттерінің тарихына Қ. Яссауиді 
бірде қосып, бірде қоспай жүрген 
өзбек ағайындар ғалым ұсынған 
дәуірге бөлу жобасын көкейлеріне 
мықтап түйіп әкетті де, көп кешікпей 
ұлттық әдебиетінің негізін ежелгі 
түркі жазба ескерткіштерінен бері 
қарай зерттеу жұмысын ертерек 
қолға алды. Қазақ әдебиеттануы 
біраз уақыт ХVІІІ ғасырдан бергі 
дәуірді ғана қарастыруға душар 
болды, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің ұлттық әдебиеттің қайнар 
бастауларына барлау жасауына шек-
теу салынды. Қ. Жұмалиев концеп-
циясын бекітіп берген конференция 
қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуді 
осылайша шала-шарпы қалдырды. 
Оған маркстік-лениндік әдіснама 
мен кеңестік идеологияның қағидаға 
айналған бағыт-бағдары да өз әсерін 
тигізбей қалмады.
3. Ұлттық әдебиеттану конферен-
циядағы осы дәуірге бөлген қазақ 
әдебиеті тарихы кезеңдерінің өзін 
тұтастай және толық түрде жүйелі 
зерттеуді жолға қоюға қол жеткізе ал-
мады. ХІХ ғасыр әдебиетінен Шор-
танбай, Дулат, Мұрат ақындардың 
шығармашылығы сын тұрғысынан 
қарау керек деп табылып, жоғарғы 
мектепке ағартушылық, халықтық 
әдебиеттің керітартпа, ескішіл-реак-
цияшыл бағыттың осындай өкіл-
дерімен күрес үстінде дамығанын 
көрсету үшін ғана алынды. Сол 
секілді Ә. Күдері, Н. Наушабаев, 
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен 
М. Қалтаев, Ш. Құдайбердиев, 
О. Қарашев, М. Ж. Көпеев шы-
ғармашылықтары да әдебиет та-
рихындағы қайшылықтарды жан-
жақты ашып көрсету үшін ғана ата-
лынып, шығармаларындағы идеялық 
мазмұн мен бағытты әлі де болса 
айқындау қажет деп атап көрсетеді. 
Бұл аталған ақындардың барлығын 
да орта мектепте оқыту қажетсіз 
деп табылды. Ағартушы-демократ 
ақын-жазушылардың мұрасы бір-
шама зерттелгені ескеріле отыры-
лып, керітартпа, діншіл бағыттағы 
ақындардың дүниетанымдық көзқа-
растарындағы қайшылықтарын ашу 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


349


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет