Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет356/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдiснамаға сай жоққа шығарған қа-
те көзқарастар мен тұжырымдарды, 
өрескел бұрмалаушылықтарды қайта 
қарауды талап еттi. СОКП Орталық 
Комитетiнiң 1946 жылғы «Звезда», 
«Ленинград» журналдары туралы» 
және тағы басқа қаулы-қарарларының 
күшiн жоюы, Қазақстан Компарти-
ясын да өзiнiң ғылыми ой-пiкiрге 
тежеу салған құжаттарының зиянды 
шешiмдерiн түзетуге мәжбүр еттi. 
Соның нәтижесiнде Алаш арыстары 
Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, 
М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, 
Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың 
шығармашылық мұрасы толығымен 
ақталды. В. И. Лениннiң «әр ұлтта екi 
түрлi мәдениет болатыны туралы» 
қағидасының әдiснамалық тұрғыдан 
да, ғылыми және теориялық жағы-
нан да қате екенi дәлелдендi. Олар-
дың шығармаларын жариялау, зерт-
теу жұмыстары шұғыл қолға алынды. 
«Әдебиет пен өнер мәселелерi бой-
ынша 1930-1940 жылдар кезеңi мен 
1950 жылдар басындағы қабылдан-
ған қаулыларды зерттеу жөнiндегi 
Қазақстан Компартиясы ОК-нің ко-
миссиясының қортындысы» шықты 
(15 желтоқсан, 1989). Бұл қорытынды 
мақсатты түрде назардан тыс қал-
дырылған, 
негiзсiз 
шеттетiлген 
фоль клорлық мұра үлгiлерiн, тиым 
са лынған және ғылыми айналым-
нан алынып тасталған зерттеу ең-
бектердi, орынсыз ғайбатталған 
же келеген көөркем шығармаларды 
ақтап бердi. Ш. Бөкеев, Ғ. Қарашев, 
С. Торайғыров, М. Ж. Көпеев, 
Н. Орманбетұлы, т.б. шығармашы-
лығы туралы бiржақты көзқарасты 
түзеттi. Әдеби мұраны ұлттық таным-
бiлiкке сай тарихи және ғылыми зерт-
теуге зиянын тигiзiп, тар құрсауда 
ұстап келген алты бiрдей партия-
лық қаулы-қарардың күшiн жоюы, 
маркстiк-лениндiк әдiснаманың қате 
қағидаларын тас талғанын шығарды.
Бұл қайта құру мен жариялылыққа 
сай қоғамдық-саяси ой-көзқарастың 
өсуi, ұлттық сана-сезiмнiң кемел-
денуiнiң тегеурiндi әсерi ғана емес, 
өзiнiң ұлттық ғылым ретiндегi қа-
лыптасу жолын аяқтап, даму жолын 
бастаған қазақ әдебиеттануының 
та лай қиын-қыстау мен шырғалаң-
дарды бастан өткiзген күресiнiң де 
жемiсi едi. Ол ендi өз тарихындағы 
«ақтаңдақтарды» жоюға онша көп 
қиналмастан-ақ батыл кiрiстi. Оған 
талай жылдар бойы қалыптасған iс-
тәжiрбиесi де, ғылыми тарихи, әдеби-
теориялық, сыншылдық-эстетикалық 
тұрғыдағы зерттеу әдiс-тәсiлдері де 
мол едi.
Ақыл-парасатқа азаттық берiлуi, 
ғылыми-зерттеушiлiк, сыншылдық 
ой-пiкiрдiң қате қағидалар ықпа-
лынан еркіндікке шығуы, саясат 
пен идеологияға тәуелдi болудан 
құтылуы арқасында бар-жоғын тү-
гелдеп, орын алған қателiктердi жою 
бағытында ұлттық мүддеге сай та-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


377


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет