Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет395/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
әдебиетшілердің, сыншылардың көр-
кем әдебиетті, оның тарихын зерттеу 
саласындағы жүргізген жұмыста-
рын дағы көзқарастар сәйкестігі мен 
қақтығысын, әр түрлі бағыттар мен 
теориялардан тұратын әдіснамалық 
зерттеу әдістерінің ізденістері мен 
іркілістерін тексеру. Ал кез-келген 
ғылым саласының туып-дамуы үшін 
тарихи алғы шарттар қажет. Себебі, 
ғылым қоғамдық сананың формасы 
және білімдер жүйесінің жиынтығы 
ретінде адамзат қоғамының белгілі 
бір сатысында нақты практикалық 
дәлелдеулерден өткен ғылыми зерт-
теулер нәтижесінде ғана туу дәуіріне 
қадам басады. Бұны қысқаша түрде 
тарих алдындағы кезең деп атаса да 
болады. Әдебиет туралы ғылым тек 
өзінің негізгі пәні көркем әдебиет 
ұлттық сипатымен толық қалыптасқан 
дәуірден бастап қана көріне бастауға 
тиісті. Осы тарих алдындағы кезеңді 
әдебиеттану ғылымының арғы ба-
стаулары, қайнар көзі санауымыз ке-
рек. Европоцентристік көзқараспен 
жоққа шығарылып келген осы та-
рих алдындағы кезеңді ұлттық әде-
биеттану ғылымының бастауларын 
алғаш қарастырған профессор Т. Кә-
кішев болды. 
Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен 
әдебиеттану ғылымы дүниеге кел-
ген әрбір көркем туындының идея-
сын, айтар ойын, эстетикалық өреге 
қол созғанын, қандай әлеуметтік 
мәселені көтергенін, нені насихат-
тайтынын саралап алуға міндетті. 
Әдеби сынның туу, қалыптасу про-
блемалары тек творчестволық қана 
емес, саяси-әлеуметтік мәселелермен 
де тікелей байланысты болғандық-
тан әдебиет сыны тарихында оны 
орағытып өту мүмкін емес. Сынның 
социологиялық және эстетикалық 
дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан 
биігіне тәуелді. 
Төңкеріске дейінгі сыншылдық-
эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, 
әдеби-теориялық ой-пікірді жоққа 
шығарған европацентристік көз-
қа рас 1940 жылдардағы қате қау-
лылардың өзегі болып, ғылыми 
зерт теу жұмыстарын тығырыққа ті-
реп, әдебиеттің таптығы, принципі 
айрықша дәріптелді. Мысалы: «Қа-
зақ халқының мәдениет тарихын-
да әдебиеттану ғылымының тари-
хы әзірге қысқа. Бұл – жас ғылым. 
Ол «Әдебиеттік сын», «Қазақ әде-
биетінің теориясы», «Қазақ әде-
биетінің тарихы» деген салаларға 
бөлініп, енді дамып келеді. Қазақтағы 
әдебиеттану ғылымы құрылғанда, 
ол өзінің алғашқы туысымен, үгінгі 
жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын 
жинағанда түгелімен толық ма-
ғынасында Социалистік Ұлы Октябрь 
революциясының жеңісі болды. Ок-
тябрьден бұрынғы қазақ тарихында 
біз бұл жөнінде «өскен ғылым» дерлік 
мардымды мұра алғамыз жоқ» деген 
секілді ой-пікірлер қазақ әдебиет-
тану ғылымы мен сынының арғы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


418


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет