Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет58/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
аталатын ғылымында сала-сала бо-
лып зерттелген басты ерекшеліктерін 
тап басып танып, нақты пікір біл-
дірген. Біріншіден, Абай өлеңде-
рінің жаңаша леппен, өзгеше өр нек-
пен құрылғанына назар аударып, 
реалистік және жаңашылдық си-
патының ерекшелігін айырықша 
атай ды. «Абай сөзі заманындағы 
ақын дардың сөзінен оқшау, олардың 
сө зінен үздік, артық. Сөзі аз, ма-
ғынасы көп, терең. Не нәрсе жайынан 
жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі 
сырын, қасиетін қарамай жазады» 
деген баға алғаш айтылуымен ғана 
емес, ғылыми-зерттеушілік тұрғы-
дан нақты айтылуымен де құнды. 
А. Байтұрсынов «Іші алтын, сыр-
ты күміс сөз жақсысын» ұғу үшін 
«Сөз түзелді, халқым-ау, сен де тү-
зел» деп Абайдың өзі айтқандай тү-
зеліп, түсініп, үлгі ала отырып оқу 
қажеттігіне ерекше тоқталады. Алғаш 
оқыған адамға Абай өлеңдерінің ау-
ырлау соғатын себебі ақынның кі-
нәсі емес, «оқушылардың түсінер лік 
дәрежеге жете алмағанынан бола-
тын кемшілік» деп көрсетеді. Ұлы 
ақынның дүниетанымдық және эсте-
тикалық көзқарасының қалыпта-
суын да орыс әдебиетінен алған та-
нымы мен тәлімін сөз етеді. Мақала-
ның ғылыми-зерттеу еңбек ретіндегі 
мәнін танытатын құнды жері – Абай 
поэтикасын тереңдеп қарастырған 
тұсы. Тіл білімі ғылымында алғаш қы 
қазақ тілі оқулықтарын жазған, ке йін 
әдебиет теориясының мәселелері-
нен «Әдебиет танытқыш» атты еңбек 
жариялаған А. Байтұрсыновтың бі-
лім ді әдебиетші ретінде қазақ өлеңі-
нің құрылысы мен жүйесіне жетік 
екенін байқалады. «Ғылымды жұртта 
өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің 
бірі екенін» орыс әдебиетінің әсері 
арқылы ұққан Абайдың өнерпаздық 
тұлғасының қалыптасуы өлеңді өнер 
деп бет бұрған кезеңінен басталғанын 
дәлелді түсіндіреді. 
«Орыс ақындарымен танысып, 
өлең орны қайда екенін білгеннен 
кейін, Абай өлеңге басқа көзбен 
қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп 
алып, төр түгіл, тақтан орын бер-
ген» Абай өлеңдерін «қандай үлгілі, 
қандай мағыналы, қандай асыл, 
қандай терең сөздер» деп бағалайды. 
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сара-
сы» аталатын өлеңін түгелдей тұтас 
келтіріп, ақынның поэзияға, сөз 
өнеріне деген көзқарасын, талғамын, 
өлеңге өнер туындысы ретінде қоя-
тын талабын танытады. Абай поэти-
касындағы ой шеберлігі, жаңа үлгі, 
өзгеше өрнек (яғни мазмұн, түр, 
ырғақ. – 
Ж. С
.) пен бунағы туралы 
ой-тұжырымдары назар аударарлық. 
Себебі, бұл пікірлерінде Абай өлең-
деріне теориялық тұрғыдан ғылыми 
талдау жасау ниетімен қоса, ақынның 
новаторлық тұлғасын таныту мақ-
саты да жатыр. Мақаланың «Абай-
ды қазақ баласы түгел танып, тегіс 
білуі керек! Абайды қолымыздан 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет