Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж


ІV БӨЛІМ. ҚАЗАҚ БИБЛИОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет3/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. ҚАЗАҚ БИБЛИОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
1-ТАРАУ. Ұлттық библиографияны жасаудағы алғашқы қадамдар
.........379
2-ТАРАУ. Қазақ библиографиясының қалыптасу жолдары
......................397
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


4
КІРІСПЕ
V БӨЛІМ. ӘДЕБИ СЫН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕР
1-ТАРАУ. Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиеті сыны
тарихының зерттелуі 
......................................................................................413
2-ТАРАУ. Қазақ әдебиеттануындағы ғылыми мектептер
...........................437
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................464
ӘДІСТЕМЕЛІК ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР .......................................................................468
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................475
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


5
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ
Басқа қоғамдық ғылымдар секіл ді қазақ әдебиеттануы да ұлттық көркем 
әдебиет туралы жеке ғы лым саласы ретіндегі қалыптасу жо лын тексеру, ба-
стан өткерген тарихи дәуірлеріндегі қол жеткізе ал ған жетістіктері мен 
кемшіліктерін ғылыми тұрғыда саралауды қолға ал ды. Онсыз қандай да бол-
сын ғылым саласының өсіп-өркендемейтіні бел гілі. Әсіресе кешегі кеңестік 
дәуір дегі тоталитарлық жүйе кезіндегі маркстік-лениндік әдіснамаға сай ар-
тық-кем айтылып, қағидаға айна лып кете жаздаған қателіктердің орын алу 
себеп-салдарларын бүгінгі күн тұрғысынан таразылауды заман өзі талап етіп 
отыр. Бұл тұрғыдан ал ғанда ұлттық әдебиеттану ғылы мының бастан өткізген 
негізгі ке зеңдері, яғни туу, жетілу, қалыптасу дәуірлерін арнайы зерттеудің, 
шы ғармашылық кескін-келбетін, әдісна малық мәселелерін ғылыми тұрғыда 
саралаудың шешуші қадам болып табылатыны анық. Өйткені, ұлттық әдебиет 
туралы ғылым белгілі бір білімдер жиынтығы мен әдеби құ былыстарды та-
нып-білу құралы ре тінде өзінің ұғым-түсініктері теориясы, әдіснамасымен 
бірден қалып таса қойған жоқ, қиын-қыстауға толы ұзақ та күрделі тарихи жол-
ды бастан кешірді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының өсіп-өркендеу жолын қоғамдық ой-са-
наның жетілуіне орай алғашқы ғы лыми және теориялық ой-пікірдің ояну, 
көркем әдебиетке байланыс ты ұғым-түсініктердің қалыптасу, әдеби мұраны 
жинап жариялау, зерттеу процесіне сай кезеңдерге бөле оты рып тексерудің, 
әдіснамалық тұрғыда толық жетілуін саралаудың практикалық та, теориялық 
та мәні бар. Оның ішінде тууы мен қалыптасу дәуірлерін бастан өткерген ХХ 
ғасырдағы әдеби мұраны игеру жолындағы зерттеушілік ізденістерін, ұлттық 
әдебиеттің ғылыми тарихын жасау мен дәуірлеудегі қадамдарын саралаудың 
маңызы зор. Ол бір жағынан ғалым Сантьяго айтқандай, «Тарихтан тағылым 
алмаған ұрпақтың сол тарихты қайталауға мәжбүр болмауы» үшін де керек. 
Негізінен ұлттық әдебиеттанудың тарихи жолы турасында алғаш пікір 
айтқан ғалым Е. Ысмайылов: «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


6
КІРІСПЕ
көз жіберсек, оның негізгі екі кезеңді бастан кешіргенін байқауға болады. 
Бірінші – үйрену, идеялық творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл 
ре волюцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екінші-
сі – соғыстан кейінгі дәуір, яғни қалыптасу, даму дәуірі», – деп екіге бөле 
отырып, алғашқы кезеңде заманның талап-тілектеріне байланысты дүниеге 
ке луіне ана тілі мен әдебиетінің мектептер мен оқу орындарында оқытыла 
басталуына сай алғашқы оқулықтар мен хрестоматиялардың жазылуы 
түрткі болғанын атап көрсетеді [1, 35]. Профессор Т. Кәкішев қазақ әдебиеті 
сынының туу, қалыптасу жолдарын белгілі бір дәуірлерге бөлгенде, сын мен 
әдебиеттану ғылымының сабақтаса, бір-бірін толықтыра дамитынын ескере 
отырып, үлкен үш кезеңге жіктейді. «Қазақ әдебиеті сы ны мен ғылымының 
тарихи бе лес терінен үш кезеңді анық бай қай мыз. Бірінші кезең – қазақ әде-
бие
ті сынының туу дәуірі. Қазақ әде биеті сынының туу процесі Қазан төң-
керісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде 
қалыптасу және әдебиет та ну ғылымының туу дәуірі. Бұл про цесс 1917-1937 
жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең – қазақ әде биеті сынының өсіп-
өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі. 1938-1985 жылдар 
аралығы», – деп көрсетеді [2, 3]. Сын тарихына тән бұл үш кезеңнің қазақ 
әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу жолына тікелей қатысы бар. Себебі 
әдебиет сыны өзінің туу дәуірінен бастап-ақ сол әдебиеттің тарихы мен әдеби-
теориялық мәселелері жайында пікір білдірмей тұра алмайды. Бұл тұрғыда 
орыс әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолын зерттеушілердің бірі П. А. 
Николаевтың: «Попытка систематического исторического обзора знаний о ли-
тературе первоначально осуществлялась на материале критики» дегені дәлел 
бола алады [3, 7]. Ал оның арғы өзегі В. Г. Белинскийдің «Орыс сынының та-
рихи жолы мен даму жолын шолу дегеніміз, орыс әдебиетінің тарихын еріксіз 
шолу», – деген ойына саяды.
Е. Ысмайылов пен Т. Кәкішевтің қазақ әдебиеттану ғылымының туу 
дәуірін Қазан төңкерісінен кейін бастауының тарихи себептері де жоқ емес. 
Оған басты тірек болып отырғаны – қазақ фольклоры мен әдебиет тари-
хын тексерудегі негізгі жұмыстар 1920-1930 жылдардағы оқулықтар мен 
алғашқы монографиялық зерттеулерде, ғылыми мақалаларда жүзеге асуы. 
Алайда, әдебиет туралы ғылымның тууы үшін ең әуелі әдеби-теориялық, 
ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық-эстетикалық көзқарас пен ой-пікірлер 
қалыптасуы керек. Бұл – белгілі бір уақыт аралығын талап етіп, ұзаққа созыла-
тын күрделі процесс. Себебі белгілі бір шығарма немесе ақын шығармашылығы 
туралы бағалаушылық мәндегі көзқарасты білдіретін алғашқы ойлар мен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


7
КІРІСПЕ
түсіндірмелер жинақтала келіп нақты айтылғанда ғана әдебиетті өнердің бір 
түрін екенін танытуға кірісетін әдеби-теориялық ой-пікірлер мен ғылыми 
ұғымдарға айналады. Бұған, яғни әдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік 
және сыншылдық-эстетикалық ой-пікір мен ғылыми ұғымдардың қалыптасу 
процесіне, қоғамдық өзгерістер мен әлеуметтік жағдайлардың әсерінен 
халықтық ой-сананың оянуымен қоса өркендейтін әдеби мұраны жинау, жа-
риялау және игеру жұмыстары жетекші роль атқарады. Сондықтан кез келген 
халықтың әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу жолын сөз еткенде оның 
бастаулары болған әдеби-теориялық және ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
алғаш айтылуы, олардың бір жүйеге түсуі, жинақталуы, ғылыми ұғымдардың 
қалыптасуы қай кезден басталды, халықтың қоғамдық сана-сезімдеріне 
қалай ықпал ете алды, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар қандай еді деген 
проблемаларға жауап іздеуіміз қажет.
Міне, осы тұрғыдан келгенде қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу 
тарихын түрлі дәуірлерге бөлген жоғарыдағы екі пікірді нақтылай түсуге тура 
келеді. Біздің ойымызша, ұлттық әдебиет туралы ғылым тарихы былайша 
жүйелеген дұрыс секілді. Бірінші кезең – қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи 
алғы шарттардан тұратын арғы бастаулары, яғни тарих алдындағы дәуірі. Бұл 
ежелгі дәуір әдебиетінен бастап XX ғасырға дейінгі уақыт аралығына созылды. 
Екінші кезең – қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Ол 1900-1940-жыл-
дар арасында жүзеге асты. Үшінші кезең – қалыптасу дәуірі. Бұл 1941-1970 
жылдар аралығын қамтиды. 
Қандай да болсын ғылым саласы бірден туып, қалыптаса қоймайтынын 
ескеретін болсақ, онда әдебиет туралы ғылымының алғашқы адымы қарапайым 
ой-пікірден, алғысөз бен түсіндірмелерден, ғұмырнамалық деректерден, халық 
тарихына байланысты ақпарлар мен мәлімдемелерден, шығарманың мәнін 
ұғып, сөзін тамашалаудан басталып, өзінің тууы, қалыптасу процесіне дейін 
ұзақ жолды бастан өткереді. Ғалым А. С. Курилов бұл турасында «Вопрос 
о том, когда и как возникла и сформировалась литературная наука в той или 
иной стране очень существен. Это вопрос об исторических далях националь-
ного литературоведения, его самобытных истоках и источниках. Это вопрос 
о времени и характере его включения в региональный и всемирный литера-
туроведческий прогресс. Это наконец вопрос о своеобразии перехода опреде-
ленного круга знаний и представлений о литературе, свойственных каждому 
народу, в науку о литературе, когда данная литературоведческая мысль отста-
вая от национальной по своим представлениям, понятиям и форме выраже-
ния приходит к достижениям и открытиям, которые получают общенаучное 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


8
КІРІСПЕ
признание, становится всеобщим достоянием», – деп жазады [4, 2]. Ендеше, 
көне түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап Шоқан, Ыбырай, Абай 
заманына дейін созылған ұзақ дәуірді қазақ әдебиеттану ғылымының тууына 
дейінгі тарих алдындағы дайындық кезеңі деп алу заңды болмақ. Бұл проблема 
қазіргі қазақ әдебиеттануында Т. Кәкішұлы, Ж. Смағұловтың монографиялық 
еңбектері мен «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» талатын екі томдық 
академиялық басылымда өз шешімін тапты. 
Ал туу дәуірін XX ғасырдың басынан бастауымыздың да негізгі жоқ емес. 
Халқымыздың мәдени, әдеби, ғылыми табыстарын тек Қазан төңкерісі-
мен ғана байланыстырып, тарихи тамырларымызды жоққа шығарумен кел-
ген еуропацентристік және ұлттық нигилистік пікірлерді түзететін, кеңес 
өкіметінің орнауымен ғана құрсаулап қояр шектеушілікті қоятын уақыт жет ті. 
Қайта ол табиғи даму эволюциясына сай дұрыс өркендеп келе жатқан ұлт тық 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге «пролеткультты», «тұрпайы социологизмді», 
маркстік-лениндік әдіснама қағидаларын араластырып, аласапыран қы лып 
жіберді. Бұл – бір. Екіншіден, профессор Т. Кәкішев қазақ әдебиеті сыны ның 
төңкеріске дейін туғандығын ғылыми тұрғыда толық дәлелдеп берді. Егер сын 
әдебиеттанудың үш саласының бірі болатын болса, онда оның да жеке пән бо-
лып туа бастағаны деп қарау керек. Біздіңше, бұл – дау тудырмайтын шындық. 
Ендеше туып, қалыптасып, енді жан-жақты даму жолына қадам басқан ұлттық 
әдебиеттанудың бастан өткерген тарихи жолын ғылыми саралау бүгінгі 
таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі екені анық. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының тууы мен қалыптасу тарихында ХХ ға-
сырдағы ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге үлес болып қосылды деп 
табылған мақалалар мен баяндамалар, зерттеу еңбектер мен оқулықтар, 
монографиялар кешенді түрде объективті аналитикалық талдау және та-
рихи-салыстырмалы әдістер арқылы қарастырылуы керек. Осыған сай за-
мана талабы мен идеология қыспағындағы қате теориялардағы көзқарасқа 
(«пролеткультшылдық», «тұрпайы социологизм», «бірыңғай ағым») ұшыраған 
мақалалар мен зерттеулер де салғастырмалы және салыстырмалы түрде сара-
ланды.
Тарихи шындыққа сай баға беру бағытын ұстай отырып, маркстік-лениндік 
әдіснама қағидаларына орай жазылған еңбектердің жетістіктері мен бүгінгі 
таңдағы талап-тілек бойынша қателік болып табылатын тұстары таразыға 
алынды. Сол арқылы ұлттық әдебиеттанудың бастауы, қайнар көзі болған 
әдеби мұраны игеру процесін хронологиялық тұрғыда жүйелей отырып, туу, 
қалыптасу кезеңдеріндегі ізденістері мен іркілістерін, қате концепциялар мен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


9
КІРІСПЕ
теорияларға қарсы күресте теориялық және методологиялық принциптерді 
меңгеру жолындағы табыстары мен кемшіліктеріне нақты баға беру көзделді.
Өзінің қалыптасу тарихын жан-жақты терең зерттеп алмай тұрып бірде-
бір ғылымның толық мәнде қалыптасып, алға қарай дамуы мүмкін еместігі 
жалпыға мәлім жай. Себебі, ол зерттеулер сол ғылымының қол жеткізген 
жетістіктерін жақсылап меңгеруіне көмектесе отырып, одан әрі дамуына 
ықпал жасайды. Бұл жағдайдың әдебиеттану ғылымына да тікелей қарым-
қатынасы бар. Егер орыс әдебиеттану ғылымының туып-қалыптасу тари-
хын зерттеуде ауыз толтырып айтарлықтай табысқа қол жеткен болса, қазақ 
әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолын дағы бастан өткерген тарихын тек-
серуге арналған монументальды ғылыми еңбек жоқ десе де болады. Сондай-
ақ кейбір ұлт республикалары да өздерінің ұлттық әдебиеттану ғылымы ның 
туып, қалыптасу жолын зерттеуде тың қадамдар жасады. Солардың ішінен 
М. И. Машинскийдің «1920-1930 жылдарындағы белорус әдебиеттану ғылымы 
мен сыны» туралы докторлық диссертациясын, И. Я. Колчановтың «Морд-
ва әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуы», ұлттық әдебиеттану 
ғылымының өткен жолын сын тарихына байланысты қарастырған татар 
ғалымы Э. Р. Бориеваның, өзбек ғалымы Б. Назаровтың кандидаттық диссер-
тацияларын атар едік. Сонымен қатар В. Р Щербинаның, С. Машинскийдің, 
А С. Бушминнің, Г. М. Фридлендердің, П. А. Николаевтың ғылыми еңбектерін-
де, А. Н. Иезуитовтың, Л. М. Земляновтың мақалалары мен ұжымдық жи-
нақтарда әдебиеттану ғылымының теориялық және методологиялық пробле-
малары ғылыми тұрғыда тексерілуімен қатар, таяуға дейін бүкілкеңестік деп 
аталған әдебиеттану ғылымының туып, өркендеу жолдары мен қалыптасу та-
рихы жан-жақты зерттелгенін көреміз. Бізде әдебиеттанудың методологиясы 
жайында арнайы жазылған еңбек әзірге жоқ болғанымен, оның негізгі талап-
тілектері, эстетикалық шарттары мен принциптері әдебиет тарихының жаса-
луына және теориялық еңбектердің жарық көруіне байланысты сөз арасында 
мол айтылып келе жатыр.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу тарихы, ондағы әдеби 
мұраның игерілу мен зерттелуі проблемасы көп томдық «Қазақ әдебиеті та-
рихында» біршама сөз болады. Әдебиет сынының жеке жанр ретінде даму 
жолымен қосақтала баяндалып әрі шолу ретінде берілгендіктен, тек 1920-
1930 жылдардағы зерттеу жұмыстарының негізгі сипаттары аталып өткен. 
Алайда, сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірлердің жинақтала айтылуы 
мен әдебиет тарихын зерттеу, дәуірге бөлу жұмыстарының қорытындысы 
дәрежесінде көрінген оқу құралдары мен оқулық-хрестоматиялардың жекелеп 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


10
КІРІСПЕ
тексерілуін құптарлық құбылыс деп қана емес, сонымен қатар, бұл саладағы 
жазылатын ғылыми зерттеулерге негіз болатын жоба деп бағалаған дұрыс бо-
лады.
1940 жылдардан бері жарияланған ғылыми-зерттеу еңбектерінде біз сөз 
етіп отырған проблема туралы ғылыми пікірлер аз кездеспейді. Солардың 
ішінен М. Әуезовтің, Е. Ысмайыловтың, С. Мұқановтың, М. Ғабдуллиннің, 
М. Қаратаевтың, Б. Кенжебаевтың, Қ. Жұмалиевтің, Т. Кәкішевтің, С. Қира-
баевтың, Р. Бердібаевтың және тағы басқалардың монографиялары мен ғы-
лыми зерттеу еңбектерін атар едік. Бұл еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымы -
ның дамуына белсенді ықпал жасаумен қатар, біз сөз етіп отырған проблема-
ның бұрын-соңды сөз болуын әңгілемеген уақытта, оның өсу жолын да шолып 
өтіп отырды. 
Егер академик А. С. Бушминнің «Теория литературы и методология науки 
о литературе должны рассматриваться как два раздела и два аспекта теорети-
ческого литературоведения, тесно связанных, глубоко взаимообуслов лен ных» 
деген пікіріне сүйенсек, әдебиет туралы ғылымының туу, қалыптасу жолы ту-
ралы ғылыми ойлар теориялық еңбектерде де біршама айтылатынын бай қар 
едік [5, 27]. Оған нақтырақ айтсақ, 1920-1930 жылдарда әдебиет теориясы ның 
мәселелерін зерттеуге соны қадам жасаған еңбектерден басталған ұлттық сөз 
өнерін ғылыми тұрғыдан тексеру саласындағы жұмыстарды толықтыра оты-
рып жалғастырып әкеткен Е. Ысмайыловтың, Қ. Жұмалиевтің, З. Ахметов-
тің, З. Қабдоловтың, М. Базарбаевтың, М. Дүйсеновтің, Р. Нұрғалиевтің мо-
нографиялық зерттеулері айқын дәлел болары анық. Сол сияқты қазақ әдебиеті 
тарихын зерттеудің проблемалық мәселелерін көтерген ұжымдық жинақтар 
мен қазақ әдебиеттану ғылымын сөз еткен мақалаларда көңіл аударарлық ой-
тұжырымдар кездеспейді емес.
Оқулықтың
 
негізгі мақсаты – ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
алғашқы ояну, өсіп-өркендеу, кемелдену процесін зерделеу арқылы қазақ 
әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу кезеңдерін анықтау, яғни бас-
тан өткерген тарихи жолын бүгінгі таңдағы жаңаша көзқараста зерттеу. Оны 
егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық мүддеге тамыр тартып отырған 
талап-тілектерге сай соны әдіснамалық ізденістерді, әдіс-тәсілдерді қолдана 
отырып, тарихи тұрғыдан таразылау және пайымдау. Ол үшін оқу құралында 
мынандай негізгі және көкейкесті мәселелер төңірегінде ой қозғалды:
ХХ ғасыр басындағы әдеби мұраны игерудегі алғашқы ізденістер мен ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің басты бағыттарын анықтау, яғни: 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


11
КІРІСПЕ
– әдеби мұраны игеруден басталған ұлттық сыншылдық-эстетикалық, 
әдеби-теориялық, әдеби-тарихи ой-пікірдің бағыт-бағдарын анықтау; 
– ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдебиет тарихы мен 
теориясының мәселелеріне байланысты туындаған алғашқы ізденістерін 
нақтылау;
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуіріндегі, яғни 1900-1940 жылдар 
аралығындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі басты бағыттар, ізденіс 
жолындағы табыстарына мен іркілістеріне тән сипаттарын саралау; көркем 
әдебиетті зерттеудегі ізденістер мен іркілістер, оқулықтар мен қазақ әдебиетінің 
ғылыми тарихын жасау проблемасын айқындау, яғни: 
– ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы кезеңдегі жетістіктері мен 
кемшіліктерін ғылыми тұрғыда таразылау;
– қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау мен дәуірге болу мәселесі 
жолындағы ізденістер мен іркілістерді саралау;
– әдебиет теориясы бағытындағы ұлттық таным-біліктің негізгі сипатта рын 
айқындау;
– ұлттық ғылыми зерттеушілік ой-пікірде орын алған қате теориялар мен 
көзқарастардың сыр-сипатын ашу, кері ықпалын әдіснамалық тұрғыда ашу;
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі, яғни 1940-1955 жыл-
дар аралығындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі даму мен дағдарысты, 
1956-1970 жылдардағы қол жеткізе алған табыстар мен кеңестік идеология 
әсерінен туындаған олқылықтарды саралау, яғни: 
– қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу жолындағы маркстік-ле-
ниндік әдіснаманың әсерін тарихи шындыққа сай жаңаша бағалау, жетістігі 
мен кемшілігін сараптау;
– ұлттық мүддеге сай мақсатты жазылғандықтан ғылыми айналыстан шы-
ғарылып тасталған зерттеулердің әдебиеттану ғылымын қалыптастыру жо-
лындағы мән-маңызына баға беру.
Бұл еңбек
– 
қазақ әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы туу және қа-
лыптасу тарихын жан-жақты зерттеуге арналған нақты қадамдардың бірі. 
Нақты айтар болсақ, ғылыми тұрғыда зерттеу нысанасына алынуы өткен ға-
сырдың тоқсаныншы жылдарының еншісіне тап келеді. Сол себептен де болар, 
оның тарихи қалыптасу жолы түрлі кезеңдерге бөлініп, әр дәуірінің өзіндік 
басты кескін-келбеті, ізденістері мен іркілістері, жетістіктері мен кемшіліктері 
біртұтас жүйеде сараланған жоқ. Республикамыздағы ЖОО-дарында бакла-
вариатта «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», ал магистратура мен 
философия докторын (phD) дайындайтын докторантураларда «Әдебиеттану 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


12
КІРІСПЕ
ғылымының өзекті мәселелері» және «Салыстырмалы әдебиеттану», «Қазіргі 
қазақ әдебиеттануындағы жаңа бағыттар» аталатын пәндер оқытыла бастады. 
Бірақ осы пәндер бойынша бүгінгі таңға дейін ешқандай оқулық немесе 
оқу құралы жарық көрген жоқ. Әзірше бұл салада саусақпен санарлықтай ғана 
оқулық пен ғылыми басылымдар ғана бар. Атап айтар болсақ, Ж. Смағұлов-
тың «Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары» атты оқу құралы 
(Қарағанды, 1995) мен «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» (Алматы, 
1999), «Ұлттық әдебиеттану әлемі» (Қарағанды, 2005) монографиялары, Т. Кә-
кішев пен Ж. Смағұловтың «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» ат-
ты оқу-әдістемелік құралы (Алматы, 2006), С. Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың 
екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991)» монография-
сы (Қарағанды, 2008), А. Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» (Алматы, 
2009) атты еңбегі және ұжымдық «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» 
(Алматы, 2008) атты екі томдық академиялық басылымдар жарық көрді. Ал 
оқу құралдарынан Ж.Смағұлов пен Қ. Қалыбекованың «ХХ ғасырдың алпы-
сыншы жылдарындағы сын, әдебиеттану, библиография» (Қарағанды, 2014), 
Ж. Сма ғұлов, С. Такиров, Қ. Қалыбековалардың «ХХ ғасырдың қырықыншы-
ал пысыншы жылдарындағы сын және әдебиеттану» (Қарағанды, 2015), 
Ж. Сма ғұлов, С. Такиров, Ж. Рүстемовалардың «Гуманитарлық ғылымдар 
сала сында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жоспарлау» (Астана, 2014, 
Қарағанды, 2015),) атты еңбектер ЖОО-ларындағы оқу үдерісінде пайдаға жа-
рауда. Сонымен қатар осы оқулық авторының ұзақ жылдар бойы бұл ғылыми 
тақырыптың сан түрлі мәселесіне арналған «Тарихтан тағылым» (Қарағанды, 
2014) аталатын 2 томдық ғылыми мақалалар жинағы бар. Осы зерттеулер дегі 
ой-тұжырымдарға сүйене отырып, ұлттық әдебиеттану ғылымындағы ғы-
лыми мектептердің қалыптасу жолдары мен қазақ библиографиясы мен қазақ 
әдебиеті сынының тарихының зерттелу жағдаяттары арнайы түрде мақсат ты 
қарастырылды. Бұл – ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде назардан тыс 
қалып келе жатқан көкейкесті мәселелердің бірі.
Оқулықта ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қоғамдық өзгеріс
тер ге 
сай өркендеу ерекшеліктерін ескере отырып, әдебиет туралы ұлттық ғы лым-
ның туу, қалыптасу кезеңін айқындауда дәуірге бөлген өз жобамызды ұсын-
дық. Онда кезінде еуропацентристік көзқарасқа сүйенген маркстік-ленин-
дік әдіс нама мүмкіндік бермеген, оны арқау еткен ұлттық нигилистер жоққа 
шығарумен келген қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі бағыттарын ескере 
отырып жүйелеуді негізге алдық. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымының 
тарихи алғы шарттардан тұратын дәуірлерінің басты ерекшеліктері туралы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


13
КІРІСПЕ
ғылыми білімдер жиынтығын топтастыру арқылы беру басты мақсат ретінде 
ұсталды. Ал ұлттық әдебиет туралы жеке ғылым ретінде туу кезеңі – 1900-
1940 жылдар, қалыптасу дәуірі – 1941-1970 жылдар аралығында өтті деген 
жүйені дәлелдеуге ұмтылғанда, осы уақыт кезеңіне жататын барлық ғылыми 
ізденістерді қамту ойластырылды.
Бұдан бұрынғы жарық көрген монографиялық зерттеулерімізде көне 
дәуірден бері жалғасқан әдеби мұраны игерудегі ізденістер ХІХ ғасырдағы 
қазақ ағартушы-ойшылдарының және басқа да ұлт зиялыларының фольклор-
тану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде қан-
дай дәрежеге дейін өсіп ұлттық ғылымның тууына негіз болғаны ғылыми сара-
ланғаны белгілі. Солардан жалғастық тапқан ұлттық ғылыми-зерттеу шілік 
ой-пікірдегі орыс әдебиеттану ғылымындағы мифологиялық, филология лық, 
тарихи-мәдени мектептеріне тән теориялар мен әдістердің айқын көрініс таба 
бастауы салыстырмалық тұрғыда қарастырылып, әдеби теориялық ой-пікірдің 
алғашқы қадамдары тарихи негізде пайымдалды.
ХХ ғасыр басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әде-
биеттің тарихы мен теориясының мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, 
библиографиялық бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы қазақ әдебиеттану 
ғылымының туғандығын дәлелдеді. Бұдан соң ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің төңкерістен Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықтағы ізденістері мен 
іркілістері жаңаша көзқараста зерттелді. «Пролеткультшылдық», «тұрпайы 
социологизм», «бірыңғай ағым» теориясы секілді көзқарастардың зиянды 
әсері, маркстік-лениндік әдіснаманы игеруге душар болған қиын-қыстаулы 
жолдары ғылыми мақалалар мен еңбектерді ғылыми сараптау барысында та-
рихи-са лыстырмалы түрде талданды. Ұлттық мүддеге сай өркендеуге ұмтыл-
ған ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің бұлармен бітіспес күреске түсе отырып, 
әдебиет туралы ұлттық ғылымды туғызғандығы тұжырымдалды.
Қазақ әдебиеттануының даму мен дағдарысқа толы қалыптасу дәуіріндегі 
қол жеткізе алған жетістіктері мен кемшіліктері маркстік-лениндік әдіс-
нама құрсауында және идеологиялық қыспақта болғандықтан түрлі бұрма-
лаушылықтарға жол бере отырғанымен, «бір адым алға, екі адым кейін» жүруге 
душар болса да, жеке ғылым саласы ретінде толық қалыптасқандағы ғылыми 
тұрғыда қарастырылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын зерттеу басқа да қоғамдық 
ғылымдарға тән әдіснамалық бағыт-бағдардан тыс тұру мүмкін емес. Олардың 
тексеру нысанасы бөлек бола тұрса да белгілі бір қоғамдағы нақты дәуір-
лерді ғылыми тұрғыда қарастыруда әдіснамалық негіздері мен әдіс-тәсілдері 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


14
КІРІСПЕ
сәйкес түсіп жататыны белгілі. Сонымен қатар әлемдік және марксизм-лени-
низм ілімінің қағидаларын қайта қарастырып жатқан орыс әдебиеттанудағы 
соны ізденістер басшылыққа алынды. Әдебиет туралы ұлттық ғылымының 
туып, қалыптасу жолында еңбек ете жүруімен қатар, оның бастан өткерген 
тарихы туралы да азды-көпті пікір білдірген қаламгерлер мен ғалымдар-
дың – М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, 
Б. Кенже баев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. әкішев, Р. Бердібаев, Ә. Нарымбетов, 
З. Ахметов, М. Атымов, Р. Нұрғали, Д. Ысқақұлы, К. Сыздықов, А. Ісімақова 
Ө. Әбдиманұлы және т.б. еңбектеріндегі батыл болжамдар мен түйінді тұ-
жырымдар негізге алынды. Соңғы жиырма жыл ішінде тарихымызды қайта 
таразылап жатқандағы әдіснамалық, теориялық және әдістемелік сипаттағы 
көзқарастар да сыншылдық және салыстырмалық мақсатта ескеріліп оты-
рылды. Соның негізінде ұлттық мүдде мен мақсат-мұраттарға сай жазылған 
ғылыми зерттеулерге жаңаша баға берілді.
Бұл еңбектегі ой-тұжырымдарда қазақ әдебиеті тарихының көптомды-
ғында, әсіресе оның әр дәуіріне сай берілетін әдебиеттану мен сынға арнал ған 
тарауларындағы жаңаша көзқарастағы саралаулар пайдаланылды. Соны мен 
қатар, ұлттық әдебиет тарихы мен теориясы мәселелерінің ғылыми тұр ғыда 
зерттелуі тарихын, жеке дарындар шығармашылығының тексерілуі жолда-
рын оқыту және зерттеу барысында қолдануға болады. Бұл бағыттарда соны 
қадамдар жасау үшін ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің туу, қалыптасу 
жолындағы ізденістері мен іркілістерін ескеріп отырудың ғылыми тұрғы да ғы 
маңызы зор екені анық. Сонымен бірге бұл еңбектің кейбір нәтижелері бізде 
азырақ сөз болып жүрген қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық және 
әдіснамалық мәселелерін тереңдете қарастыруға мүмкіндік береді. Ал бұл 
бағыттағы ғылыми ізденістер жасау қазіргі әдебиеттануда кенжелеп қалып 
отыр. Әзірге тілге тиек етеріміз, орыс тілінде жазылған Н. Жұбанышпековтің. 
«Проблемы сравнительно-тиологического изучения литературы» (Алматы, 
1995), М. Маданованың «Путь Ауэзова в страну Бальзака» (Алматы, 1997), 
«Актуальные вопросы литературной компаративистики» (Алматы, 1999) және 
Ж. Смағұловтың «Әдебиеттану әдіснамасы» (Қарағанды, 2014) атты еңбектері 
ғана.
Оқулық жоғары оқу орындарының филология, журналистика факуль-
теттерінде фольклористика тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы, 
әдеби сынынан жалпы курстарды жүргізу барысында олардың зерттелуі-
не қатысты мәселелерге орай да қажеттілікке жарай алады. Қазіргі таңда ғы 
кредиттік оқыту жүйесіне сай студенттер мен магистранттардың негізінен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


15
КІРІСПЕ
ғылыми еңбектермен жұмыс жасайтыны назарға алынды. Олардың оқып-біліп 
қана қоймай, пәнге байланысты білімдер жүйесіндегі меңгергенін зерттеу 
жұмыстарына да пайдалана алуына бағыттау мақсаты көзделді. Оқулықтың әр 
тарауы мен бөлімінің соңында берілген сұрақтар, тапсырмалар және пән бой-
ынша тұтастай ұсынылған зерттеу жұмыстары үшін тақырыптар және тесттік 
бақылау материалдары түбегейлі болып саналмайды. Кез келген оқытушы 
олардың басты бағыттарын негізге ала отырып, өз қалауынша басқа нұсқасын 
жасауға толық құқылы.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет