Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет315/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
қарасақ, тұрпайы социологизм ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлт-
тық мүддеге сай бағыт-бағдар ал-
ған ізденістерінің айқын көрінген 
кездерінде ғана бой көрсетіп отырған 
екен. Алғашқыда Алаш арыстары-
ның зерттеу еңбектеріне қарсы 
ҚазАПП-тың 
солақай 
демого-
гиясы дәреже сінде көрінсе, екінші 
рет 1930-жылдар дың екінші жар-
тысында Абайды халық ақыны деп 
танудан басталған жаңа қадамдар 
тұсында ұлтшылдықты әшкере-
леу, «халық жауларын» табуға бай-
ланысты науқанмен тіл табысып 
кетті. Ал үшінші рет, ерекше және 
жан-жақты өріс алған тұсы – қазақ 
әдебиеттануының қырқыншы жол-
дардағы барлық табысын түгел 
жоққа шығаруға дейін жеткен 
50-жылдардың басындағы кезеңі. 
Және ол ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің жаңа, тың бағыттағы қа-
дамдарын міндетті түрде бірыңғай 
ағым теориясымен байланыстырып 
отырған. Осы тұрғысынан келген-
де, қазақ әдебиеттануында бірыңғай 
ағым теориясы ерекше орын алды 
дегенге күмәндана қарамасқа бол-
майды. Оны мүлде болмады деп 
үзілді-кесілді жоққа шығарудан 
аулақпыз. Кейбір белгілерінің, яғни 
ақын-жазушылардың бәрін классик 
деп бағалаудың болғаны шындық. 
Бірақ, ол соңғы кезге дейінгі ғылыми 
еңбектерде ерекше назар түсірі-
ліп айтылған «біздің әдебиеттану 
жұмысымызға бірталай зиянын ти-
гізіп келген – «бірыңғай ағым» тео-
риясы... 30-жылдардың ақыры мен 
40-жылдардың бас кезінде жазылған 
біздің әдебиеттану еңбектеріміздің 
бірқатарында Бұқар мен Махамбет 
те, Шортанбай мен Алтынсарин де, 
Абай мен Мұрат та, Сұлтанмахмұт 
пен Шәңгерей де, Дөнентаев пен 
О. Қарашев та – барлығы да ағар-
тушы, демократ, сыншыл реалист, 
тіпті халық ақыны етуге дейін асы-
ра дәріптеу орын алды. Ал фольклор 
мұралары да ешбір жіксіз, мінсіз 
бірыңғай мақтаумен болды, батыр-
лар жыры мен тарихи жырлардың 
арасында шек жойылды. Жеке ақын, 
жазушылардың творчествосындағы 
идеялық қайшылықтар ашылма-
ды», деген секілді тұжырымды пікір 
айтуға негіз бола алмайтын еді [1, 38]. 
Өйткені, жоғарыда сынала айтылған 
ақындар ағартушы-демократ болма-
ғанмен, сыншыл реалист, халық 
ақыны болғаны жалған емес, бүгінгі 
таңда ол дәлелденіп те жатыр. 
1947 жылғы және 50-жылдардың 
басындағы қаулы-қарарларда «тұр-
пайы социологизмге» негізделе ай-
тылған осы айыптаулар зерттеу ең-
бектерде өзгеріссіз қайталанып, «ол 
қателіктерді партия әділ көрсетіп 
бергені» ғылыми дәлелдене баста-
ды. Әуелде 1958 жылғы «Қазақ со-
вет әдебиеті тарихының очеркінде» 
айтылса, осы жылғы әдеби мұра-
ны зерттеу туралы конференцияда 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет