ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
аулында тап күресінің болғанын
мойындамағандықтан әдебиет та-
рихын ғылымға қайшы әдіспен тек-
сергені, соның салдарынан бұ рынғы
әдебиет мұрасын бір жақты бағалап,
оның өкілдерінің бәрін жалпы ұлт,
халық қамқоры етіп көрсеткені,
марксизм-ленинизм қағидаларынан
ауа жайылуы өткен замандағы хан-
дарды, байларды, билерді дәріптеуге,
қазақ аулының бұрынғы феодалдық-
рушылық қалпын көксеуге әкеліп
соққаны» атап көрсетілді [79]. Ба-
яндамашы Ленин мен Сталиннің
ғылыми зерттеу жұмыстары тура-
лы көзқарастарынан, Ждановтың
идеология жұмыстарын жандан-
дыру туралы баяндамаларындағы
сөздерінен үзінділер келтіре отырып,
Ә. Мәметова мен Б. Кенжебаевтың
кандидаттың
диссертацияларына,
Е. Ысмайылов пен Қ. Жұмалиевтің
оқулықтарына, әсіресе оның Ду-
лат, Шортанбай, Мұрат, Ш. Бөкеев,
Ғ. Қарашев шығармашылықтары
сөз болған бөлімдеріне қатты
шүйлікті. Соның негізінде ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің 1940-1947
жылдар аралығында әдебиет тари-
хын тарихи шындыққа сай тексеру-
ге бет алған соны бағыты «қателік»
деп табылды. Қазақстан тарихы
мен әдебиетін зерттеуде танылған
«жаңа ұлтшылдықты» әшкерелеуге
арналған бұл баяндама, идеология са-
ласында кеткен «қателіктерді» түзету
жолында партия талап етіп отырған
келелі міндеттерді де белгілеп
берді. Олардың ең басты дегендерін
атасақ, жергілікті ұлтшылдықтың
ешбір түріне жол бермеу. Өткен
дәуір әдебиетін зерттеудегі бұрма-
лаушылықты батыл әшкерелеп оты-
ру, бұрынғы заман қайраткерлері
шығармашылығын маркстік-ленин-
дік әдіснамаға сай ғылыми негізде
зерттеу, идеясыздыққа, саясаттан тыс
қалушылыққа жол бермеу, керітартпа
көзқарастарға партиялық принцип-
пен қарсы тұру, «өрескел қателерді»
большевиктерше әшкерелеу, түзету
жолында қажырлылықпен күресу,
әділ сынды өрістету, т.б. Қолында
шынайы билік жоқ республика пар-
тия ұйымының шешімі ретінде
танылған қаулының бірінші басшы
Ж. Шаяхметов баяндамасында осы-
лайша негізделуі қазақ зиялыларына
қарсы тағы да саяси науқан басталып
кеткенін дәлелдейді.
Қаулы мен баяндамадан туын-
даған міндеттерді жүзеге асыруға
шұғыл жұмылдырылған идеология
майданының қызметкерлері көр-
се тілген қателіктерді әшкерелеу
мен түзетуге белсене кірісті. Ол кө -
бінесе партиялық тапсырма ре тін-
де бағаланып, сол кездегі саяси қы-
рағылық болып танылды. 1950 жыл-
дардағы қудалауға дейін ұласқан
бұл науқанның қаулыдан соңғы
ал ғашқы қадамдары екі сипатта
көрініс тапты және олар бір-бірімен
байланыстылықта болды. Оның бі-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
298
Достарыңызбен бөлісу: |