«хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір» пәні бойынша лекциялардың қысқаша мазмұны



бет3/14
Дата11.06.2023
өлшемі158,5 Kb.
#178625
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек

3-Лекция. Қазақстан жаңа экономикалық саясат тұсында. 2 сағат

* Лекция мақсаты:


ЖЭС концепциясы және экономикалық нәтижелерін және ЖЭС жылдарындағы саяси тәртіпті талдау. Большевиктердің билік үшін күресінің Қазақстандағы көрінісі.

* Түйін сөздер:


«салық», «экспорт», «импорт», «аренда», «экономикалық либерализм».

* Негізгі сұрақтар:


1. 20-шы жылдардың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, оның табыстары мен жетістіктері
3. КСРО-ның құрылуы. Қазақ АКСР-нің КСР Одағына кіруі.

1.1920-шы жылдың көктемінде Қазақстан жерінде азамат соғыс жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар ұйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азат етілген аудандарда халық шаруашылығын қалпына келтіріп, экономиканы көтеру, мемлекеттік құрылыстыы нығайту жұмыстарын жүргізді. 1920 жылдың көктемінде партияның 9 съезі болып, съезде бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, халық шаруашылығын қалпына келтірудің жоспары жасалынды.


Өнеркәсіпке отын беру үшін Орал-Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтірілді. Ембі-Атырау мұнай құбыры тартылды. Қарағанды, Екібастұз шахталары қалпына келтірілді.Орал, Қостанай, Семей, Ақмолада электр станциялары жұмыс істей бастады. Жылдың соңында республикадағы 59 станцияның 45-і қалпына келтірілді. Тамақ, жеңіл және қолөнер кәсіпорындары қалпына келтірілді. Жылдың соңында 162 кәсіпорын жұмыс істеді.
Совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері құрыла бастады. 1920-шы жылдың соңында Қазақстанда 1039 коллективтік шаруашылық болды.
Кітапханалар, сауатсыздықты жою мекемелері жұмыс істей бастады.
2. 1921-ші жылдың 8 наурызында партияның 10 съезі болды. Бұл съезде соғыс коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде кеңес үкіметі ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұхсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларына жалға берілді. Сауда бостандығы жүзеге асырылды. Сауду негізінде ауыл мен қала арасындағы байланыс жанданады деп шешті.
Жаңа экономикалық саясат аясында – азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылды.
ЖЭС енгізілгеннен кейінгі 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревниясы дағдарыстан шыға бастады. Жиналған астық 1922 жылмен салыстырғанда 1925 жылы екі есе асты. 1925-28 жылдар аралығында жыл сайын 5 пайызға артып отырды.
Өнеркәсіп саласында да үлкен өзгерістер болды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі 8 (балық, Тері, Илецтұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді және Қарғалы шұғы комбинаттарын біріктірді. Қазақстанда одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметал, Атбасцветмет, сияқты трестер құрылды. Қорыта келе, Қазақстан экономикасы шикізаттық сипатта қала берді.
Алайда 20-шы жылдың екінші ширегінен бастап әкімшіл-әміршіл жүйенің күшейуімен нарықтық қатынастарға шек қойыла бастады.
3. 1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында қырғыз әскери төңкеріс комитеті және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі декреттің жобасын қарап, қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында астанасы Орынбор қаласы болатын «Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялы республикасын құру туралы» Декрет жарияланды.

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


- ЖЭС-тің мәні және оған көшу себептері;
- ЖЭС жылдарында орнаған саяси тәртіп ;

* Ұсынылатын әдебиеттер:


- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, 2005
- Верт Н. История Советского государства. 1900-1991,1992.
- Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті,1997.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет