Хх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



бет1/9
Дата11.10.2022
өлшемі3,04 Mb.
#152560
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 АПТА

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

6 АПТА

Жоспары:

  • 1. КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
  • 2. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері.
  • 3. Экономиканы басқарудағы өзгерістер

Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі. Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

  • КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У. Черненко қайтыс болды. М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.

Дағдарыстың себептері. Саяси саладағы белгілері

Экономикалық салада дағдарыстың белгілері

Қайта құру бағыты

  • 1985 жылғы наурызда Н.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның ХХVII съезінде мақұлданды.

Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайджанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет