Ххі ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор



Дата28.05.2020
өлшемі90,55 Kb.
#71508
Байланысты:
Презентация (20)


Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзссіз білімді нақты игере алады.

Яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

 

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.



Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.

Белгілі ағартушы педагог ғалымдар: С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ш.Т.Таубаева, Қ.Жарықбаев, Б.Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.

1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті

2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі

3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалуы, дауыс ырғағы, сазы

4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады[3].

Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс[1].

Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби  шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.



 

Назарыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет