3
21
1
Ол – 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Ағартушының балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Оның арғы бабасы Абылай хан айбын қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы. 1847 жылы Омбы Кадет корпусына оқуға түсті. Кадет корпусын корнет шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болады. Әскери қызметі кезінде Қашғар сапары, Қырғыз сапары, Черняевпен бірге Ұлы жүздің бекіністерін басып алуға қатысқан. Өмірінің соңын Тезек сұлтанның ауылында өткізеді. 1865 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болады. С.Мұқанов «Аққан жұлдыз» деген шығармасын осы тұлғаға арнап жазады.
Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында өшпес із қалдырды. Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізеді. Армандарының бірі қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашу еді. 1860 жылы Торғай облысында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашады.
Ол – қазақ халқының ұлы ақыны, аса көрнекті ойшылы, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Ақынның «Қарасөздерінде» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды
3-суреттегі тұлғамен Кадет корпусында бірге оқыған орыс зерттеушісі:
В.Потанин
Д.Ф. Снегин
Ф.Достоевский
В.И.Даль
1-суреттегі тұлғаға тән емес дәйекті белгілеңіз:
Тобықты руынан шыққан
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының аударды
Балалық шағын Құсмұрын мен Сырымбетте өткізді
ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдық мерейтойы аталып өтілді.
Суреттегі тұлғалардың еңбектерімен сәйкес дұрыс жауапты белгілеңіз:
1 cурет
|
а) «Қырғыздар туралы жазбалар»
|
2 сурет
|
b) «Ескендір»
|
3 сурет
|
c) «Кел, балалар, оқылық!»
|
1-a, 2-c, 3-b
1-b, 2-c, 3-a
1-a, 2-b, 3-c
1-c, 2-b, 3-a
2022 жылы елімізде 175 жылдық мерейтойы аталып өткен ұлы ақын:
Ы.Алтынсарин
М.Мақатаев
А.Құнанбаев
Ш.Уәлиханов
Суреттегі тұлғалардың қоғамдық өмірдегі рөлі:
Ағартушылық
Шыңғыс тұқымдары
Қожалар
Өз заманының билері болған
Батырлар