Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
"Химия" оқу пәні әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін, оқушылардың жаратылыстану-ғылымитанымын, табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуды қалыптастыруда маңызды.
Курстың мақсаты:
1) заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту.
Курстың міндеттері
1) заттардың атомдармен молекулаларының құрылымын, химиялық реакция барысында заттардың қасиеттерінің өзгеруін;
2) химиялық реакциялар кезіндегі зат массасы мен энергия сақталу заңдарын;
3) химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі жағдайда өзгеру заңдылықтарын;
4) химиялық реакцияларды жүргізу ережелерін, өмір мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды;
5) эксперименттерді жоспарлаудың ғылыми әдістері;
6) химиялық процестер мен олардың заңдылықтарын болжау және түсіндіру үшін химияның басты заңдылықтарын қолдануды және бағалауды білулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |