Озон тесігі (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың озон кабатындағы озон (көк түсті, өткір иісті газ) құрамының едоуір төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік.
Бұл — жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған
Озоносфера[1] , озон қабаты (гр.ozon – аңқығыш және sphaіra – шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20 – 25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегініңКүн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.
Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек () молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде () пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.[2]