Химия және биология пәнінің мұғалімі: Кусаинова Меруерт Муратовна ,
Өндіріс орта мектебі СҚО, Уалиханов ауданы
Сынып 6 пән биология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар ауаның, жылудың, судың болмауы өсімдік тіршілігін тежейтіні туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін тексеру, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, қызығуын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: сахналық көрініс
Әдісі: проблемалық ізденіс,
Сабақтың көрнекілігі: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктер тұқымының құрылысы, суреттері, тест, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға алдын ала тапсырмалар беріліп, олар проблемалық ізденіс үстінде болады.Үй тапсырмасын сұрап жатқан кезде бір оқушы: - «Мұғалім өрмекші» деп дауыстайды.
Балалар, өрмекші торын қуыс қуысқа құрады, ол бізің сыныбымыздың іші таза, тазаланбаған жер жоқ сияқты, сонда да тексеріп көрейік деп тақтаның артын көреді. Келесі бетінде өрмекші торы салынған кесте ілінеді. Кестеде торға түскен көбелек тұрады.
Мұғалім: Балалар! Мына өрмекшінің тор құрғанына біраз болыпты, тіпті көбелек ұстап үлгеріпті. Кәне, көбелекке жәрдем береміз бе?
Оқушылар: Иә, құтқарайық, - деп шу ете қалады.
Мұғалім: Онда, біз қазір «Көбелекті құтқару» ойынын ойнайық, ойынның шарты бойынша торда бос ұяшықтар бар. Ол ұяшықтарға 1-8 сандары жазылған. Әр санның өзіне лайықты сұрақтары бар. Сол сұрақтарға сіздер дұрыс жауап берулеріңіз қажет. Көбелек тордан шығады, ал жауап дұрыс болмаса, көбелек торда қалып қояды.
«Көбелек құтқару» ойыны.
1. Тұқымның басты бөлігі.(Ұрық)
2. Бидай тұқымның ішкі бөлігі.(Эндосперм)
3. Ұрықтанғаннан кейін өсіп, дамыған дәнек.(Тұқым)
4. Тұқымның ішкі бөлігін шіруден сақтайды.(Қауыз)
5. Тұқымда болатын органикалық зат.(Май)
6. Бағалы қоректік зат.(Ақуыз)
7. Жыныстық өніп-өсудің нәтижесі.(Тұқым)
8. Тұқым пайда болатын, аналықтағы мүше.(Түйін)
Мұғалім: Оқушылар сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берді, көбелек тордан құтқарылды. Осы кезде сыныпқа Дымбілмес пен Жұмбақбай ата кіреді.
Дымбілмес: -Менің келген себебім, 3 жылдан бері егін егіп, бір түйір өнім алмадым.
Жұмбақбай ата: -Дымбілмес дұрыстап басынан айтсаңшы.
Дымбілмес: -Бірінші жылы егін еккенімде жаңбырдың суы жетер деп суармадым. Қырсыққанда аспаннан бір тамшы жаңбыр тамбады. Екінші жылы егін еккенімде ылғал бар кезде егейін деп, қар кете салысымен наурыз айының басында ектім. Үшінші жылы еккен егінімді күнде 2 мезгіл суардым, өнім ала алмадым. Міне, сондықтан Жұмбақбай атаға барып көмек сұрап едім, сіздерге ертіп келді.
Жұмбақбай ата: -Балалар, Дымбілмес мектепте дұрыс оқымаған, мұғалімнің айтқанын тыңдамаған. Сол себепті егіннен өнім ала алмады, биыл егін егу үшін дайындалып жатыр, биыл өнім алуына жәрдем берсеңіздер.
Оқушылар: -Иә жәрдем береміз.
Мұғалім: Балалар, Дымбілмеске жәрдем беру үшін Білімпазды, Диқан атаны, Сиқыршыны, Мұратты, Күнікейді көмекке шақырамыз. Ең алдымен жоспарын құрып алайық.
3. Жаңа тақырыптың тақырыбы және жоспары тақтаға жазылады.
«Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар». Тұқымдар қолайлы жағдайда өнеді.
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар: су, ауа, жылу және жарық.
Мұғалім: Дымбілмес саған егініңнің шықпау себебін Білімпаз түсіндіріп береді.
Білімпаз: Толық пісіп жетілген тұқымдар қолайлы жағдайлар туған кезде ғана өне алады. Қандай жағдайда тұқым өнетінін тәжірибе арқылы анықтайық. 4 стақан алып оның әрқайсысына бидайдың 10 тұқымын саламыз, әрбір стақанды нөмірлейміз. 1-стақанның бетін шынымен жауып, 2-стақанның түбіне суланған мақта салып оның үстіне тұқымды орналастырамыз. Су буланып кетпеу үшін бетін шынымен жауып мақтаның дымқыл болуын қадағалау қажет. 3-стақандағы жартысына дейін су құйып, тұқымдар салынады. Үш ыдысты жылы жерге қояды. 4-стақандағы қағаз төсеп, тұқым салып бетін жаппай тоназытқышқа қояды. Бір аптадан соң тексергенде 1-стақанда өзгеріс болған жоқ.
Дымбілмес: Тура мен бірінші жылы егін еккендей болған екен.
Білімпаз: 2-стақанда алдымен тұқым бөртеді. Сонан соң тұқым қауызы жарылады да, өне бастаған ұрық көрінеді. 3-стақанда тұқым бөртеді, бірақ өнбейді. Балалар, не себептен олай болғанын түсіндіріп беріңіздерші?
Балалар: Өйткені стақанда су көп болғандықтан тұқымға ауа жетпейді.
Дымбілмес: Мен егінімді ерте еккен жылы топырақты күн қыздырып күн жылымаған екен. Менің жіберілген қателігім осында екен ғой.
Айтжамал: Міне, көрдін бе, білмегеннің соңы неге соқтырғанын?
Дымбілмес: Балалар, мен енді қателігімді түсіндім. Мен енді оқимын.
Сиқыршы: Балалар, тұқым өнбестен бұрын судың белгілі мөлшерін бойына сіңіріп, бөртеді. Оны мен сендерге көрсетейін. Тұқымның өнуі дегеніміз- ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті- өскін дейді. Бірақ тұқымның өнуі, өсуі бұл сияқты жылдан емес, көп еңбекті қажет етеді, әуелі жер жыртылады, тамырланады, тұқым ұзақ уақыт сақталып егіледі.
Жұмбақбай ата: -Дымбілмес сен білесің бе? Егер тұқымды құмыраға салып жеткілікті мөлшерде су құйып, ауызын тығыз етіп жауып қойса, 1-2 сағаттан кейін құмыра сынып кетеді. Неге?
Дымбілмес: -Білмеймін.
Айтжамал: -Мұнан тұқым көлемінің ұлғаюы зор күшпен жүретіні байқалады.
Жұмбақбай ата: -Менің сендерге әкелген жұмбағым бар.
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқталмай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.
Мөлдір: Жауабы: су.
Тұқымның өнуі үшін судың маңызы өте зор. Бөрту үшін судың мөлшері өсімдіктер тұқымының құрамына қарай әр түрлі болады. Майлы өсімдіктердің тұқымдары 30-40% крахмалға бай, өсімдіктердің 50-70% су сіңіреді. Өнген кезде өте көп тыныс алады. Егер тұқымды суда қалдырса, ол бөртеді де, ауа жетіспеген соң өне алмаған тұқым шіриді.
Дымбілмес: Тұқымға қайнаған су құйса өнеме?
Білімпаз: Өнбейді,қайнаған судың құрамында ауа болмайды.
Диқан: Дымбілмес, мен ерінбей еңбек етуімнің арқасында жылда мол өнім аламын. Өйткені мен қай тұқымды қай мерзімде егу керектігін білемін. Жылу жеткілікті болса, тұқым жақсы өнеді. Олар белгілі бір температурада өне бастайды, қаулап өнеді. Ал енді балалар бақша дақылдарының өнуі t бейнеленген суретке қарап танысайық.
1. Асбұршақ 20 С
2. Сәбіз 50 С
3. Асқабақ 100 С
4. Қарабидай, сұлы, арпа 5-100 С
5. Жүгері 80 С
6. Қауын 150 С
Күнікей: Тұқым өнуі үшін қажет жылу күннен тарайды. Көптеген тұқымдардың өнуіне мысал сарғалдақ, темекі, пияз, сәбіз, шырмауық сияқты өсімдік тұқымдарының өнуіне жарық қажет, кейбір тұқымдардың өнуіне керісінше жарық қажет емес.
Диқан: Дұрыс айтасың Күнікей күннің жарығы топырақты қыздырады. Жұмбақбай ата: Менің тағы бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Алауға оранып, Бір айналып шығады,
Көкке өрлеп шығады.Көкжиекке бұғады.
Оқушы: Күн.
Мұғалім: Диқанның еңбегі жанып жылда мол түсім алуы қасиетті Түркістан қаласында қазақтың үш жүзінің басын қосқан Абылай ханның кеңесшісі болған Бұхар жырау бабамыздың өсиеті еді.
Көрініс: Бұхар жырау және кедей шаруа.
Кедей шаруа: Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын?
Бұхар жырау: Құрт-құмырсқа қаптап жүрген жазық жерге егетін болсаң.(Бір жыл өткен соң)
Кедей шаруа: Сіз нұсқаған жерге тары егіп етектен түсім алдым. Неліктен солай нұсқадыңыз?
Бұхар жырау: Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар?
Оқушы: Кедей шаруаның мол өнім алуы топырақта ауаның болуы, құрт-құмырсқа топырақтың астына айқыш-ұйқыш ін салған. Ін ауаға толы.
Мұғалім: Балалар, бізде оқуда озат болып, еңбегіміздің жемісін көру үшін Бұхар бабамыз бата берсін.
Өмірлерің баталы болсын,
Сабақтарың сапалы болсын,
Денсаулықтарың мол болсын,
Мерейлерің зор болсын,
Талаптарың оң болсын,
Кудеңде отың болсын,
Баста білім толып тұрсын,
Ойлаған ойың болып тұрсын
Ата-баба дәстүрінен,
Айтқан ақыл қонып тұрсын.
Әумин!
Диқан: Балалар, сіздер жақсы оқу үшін дендерің сау болу керек. Міне, сондықтан биылғы алған өнімнің жартсын сіздерге әкеліп беремін.
Дымбілмес: Балалар,мен енді жақсы оқып мектебіміздің 100 жылдық мерейтойына тек бестіктер сыйлаймын.
Мұғалім: Сонымен, тұқым қолайлы жағдай туғанда ғана өнеді. Егер осы негізгі жағдайлардың көпшілігі болып, біреуі болмай қалса да, тұқым өнбейді. Тұқым өнбесе өсімдік те өспейді.
4.Қорытынды:
Венн диаграмасы:
Қос жарнақты Ұқсастығы Дара жарнақты
111111
5.Тест тапырмалары:
1.Дара жарнақтыларда қор заттары жинақталған бөлік: А.ұрық В.қабық С.эндосперм