Химия және химиялық технология факультеті



бет6/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org

Индуктомерлік эффект – индуктивтік механизм бойынша жүзеге асатын полярланғыштық эффектісі.
Электромерлік эффект – қосарлану механизмін тудыратын полярланғыштық эффект.
Мезомерлік формулалар – молекулалардағы электрондардың мезомерлік күйін көрсететін формулалар. Сәйкес қосылыстарда ковалентті байланыстарды делальданған деп атайды.
Резонанстық гибрид – қосарланған байланыстар электрондары мен бөлінбеген электрон жұптарының (БЭЖ) реалды таралуы.
Гиперконъюгация – С-Н байланыстардың δ – орбитальдері көрші қос немесе үш байланыстардың немесе ароматты жүйенің делокальданған орбитальдерінің қосарлануға түсе алатын электрондар делокалдануының шеткі жағдайы.
Льюис негізі – электрондарын вакантты орбитальдерге бөлуге қабілетті кез келген молекула немесе бөлшек, донорлық орбиталь ретінде, әдетте ЖТМО – жоғарғы толық молекулалы орбиталь (байланыстырушы) болады.
Льюис қышқылы – валентті орбитальге электрондар қабылдауға қабілетті кез–келген молекула немесе бөлшек, вакантты орбиталь ретінде ТБМО – төменгі бос молекулалық орбиталь (ыдыратушы) болады.
Электрофил – электрондар дефициті бар электрондар.
Электрофильді қосып алу (AdE) – жылдамдықты шектеуші сатысында шабуылдаушы бөлшек электрофил болатын реакциялар.
Анти–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты қарама–қарсы жағынан қосылуы.
Син–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты бір жағынан қосылуы.
Карбкатион – шешуші атом ретінде оң зарядты sp2–гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.
Карбанион – шешуші атом ретінде теріс зарядты sp2– гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.
Жылдамдық шектеуші саты – ең жоғарғы энергетикалық кедергі сәйкес келетін ең баяу саты.
Радикалдық механизм (AdR) – шарттары байланыстың гомолиттік үзілуіне жағдай жасайтын механизм (газ фазасы, жарық, температураны жоғарылату, пероксид қатысы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет