Химия нұсқау



Дата16.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#176874
түріҚұрамы
Байланысты:
KHimiya-kaz


ХИМИЯ
Нұсқау: Сізге екі контекст және контекстер мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.


Еріген заттың массалық үлесі



Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді. Ерітіндідегі еріген заттың шамасына қарай ерітінділер сұйық немесе концентрлі деп аталады. Еріген заттың массалық үлесі еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасымен есептеледі.


1. Еріген зат массасының ерітінді массасына ара қатынасы


А) мольдік үлес
В) массалық үлес
С) молекулалық үлес
D) көлемдік үлес
E) атомдық үлес

2. Еріген заттың массалық үлесін есептеу формуласы


А)
В)
С)
D)
E)
3. 40%-дық ерітінді дегеніміз ...
А) 100 г ерітіндіде 40 г еріген зат, 60 г еріткіш бар
В) 100 г ерітіндіде 60 г еріген зат, 40 г еріткіш бар
С) 40 г ерітіндіде 40 г еріген зат бар
D) 100 г ерітіндіде 60 г еріген зат бар
E) 100 г ерітіндіде 100 г еріген зат бар
4. Тас тұзы ерітіндісіндегі еріген заттың массалық үлесі

А) 80 %
В) 100 %
С) 50 %
D) 20 %
E) 11 %
5. 200 г 40 %-дық ерітіндіге 200 г су қосқанда түзілген соңғы ерітіндінің концентрациясы
А) 40 %
В) 60 %
С) 50 %
D) 30 %
E) 20 %


Хлор

Хлор (лат. Clorum), Cl - элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 17, атомдық массасы 35,453. Галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2 ) тұрады. Электрондық конфигурациясы 3s23p5.


Лабораторияда хлорды реакциясы арқылы, ал өндірісте хлорды ас тұзының ерітіндісі мен балкымасын электролиздеу әдісімен алады .
Хлордың белсенділігі жоғары болғандықтан табиғатты бос күйінде кездеспейді. Негізгі минералдары: галит NaCl, сильвин KCl, сильвинит KCl∙NaCl, карналлит KCl·MgCl2·6H2O.
Қалыпты жағдайда хлор – сары жасыл, ерекше өткір иісті улы газ, ауадан 2,45 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Тотығу дәрежелері -1, 0, +1, +3, +4, +5, +7.
Хлор өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Ол мақта-матаны және қағазды ағартуға, тұз қышқылын алуда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланатын заттарды алуда, ауыз суын тазалауда, дәрі-дәрмектер, бояулар, пластмассалар, түрлі еріткіштер алу үшін қолданылады.
6. Хлор атомындағы электрондар саны
A) 16
B) 35
C) 34
D) 17
E) 7
7. Хлордың массалық үлесі 47,65% табиғи минерал
A) галит, NaCl
B) карналлит, KCl·MgCl2
C) сильвин, KCl
D) карналлит, KCl·MgCl2·6H2O.
E) сильвинит, KCl∙NaCl
8. Тотығу дәрежелерінің өсу реті бойынша
A)
B)
C)
D)
E)
9. Хлордың ағарту қасиеттін және тұз қышқылын алуда пайдаланатын сала
A) жеңіл және химия өнеркәсібі
B) химия және тамақ өнеркәсібі
C) химия өнеркәсібі және медицинада
D) жеңіл өнеркәсібі және тұрмыста
E) тамақ өнеркәсібі және медицинада
10. Реакция бойынша ; 2 моль хлор молекула алынса, бастапқы реагенттердің массалары (г)
A) m(HCl)=146, m(MnO2)=172
B) m(HCl)=292, m(MnO2)=174
C) m(HCl)=146, m(MnO2)=174
D) m(HCl)=292, m(MnO2)=172
E) m(HCl)=146, m(MnO2)=292


Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.

11. Бейметалдарға тән қасиеттер


А) электрөткізгіштігі жақсы
В) электртерістілігі төмен
С) тотықсыздандырғыш
D) агрегаттық күйлері әртүрлі
Е) иілгіштігі жоғары
F) сыртқы қабатында 1-3 электрон болады
G) коваленттік байланыс түзеді
H) электртерістілігі жоғары
12. Өте жұмсақ металл
A) хром
B) вольфрам
C) осмий
D) натрий
E) калий
F) платина
G) темір
H) қорғасын
13. Зат мөлшері 0,5 моль аммиактың массасы, көлемі
A) 17 г
B) 34 г
C) 22,4 л
D) 44,8 л
E) 8,5 г
F) 11,2 л
G) 112 л
H) 85 г
14. 9,5 г магний хлоридін алу үшін қажет хлордың (қ.ж.) көлемі
A) 2,24 л
B) 22,4 л
C) 2240 мл
D) 224 л
E) 5600 мл
F) 67,2 л
G) 47,9 л
H) 6720 мл
15. Қозбаған күйде атомдардың сыртқы деңгейінде ns2 np3 электроны бар элементтер
A) C
B) N
C) P
D) K
E) Li
F) B
G) As
H) S

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет