«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Молекула саны 128 г көмірқышқыл газында қанша атом оттек бар екенін анықтаңыз.
A) 6,023*1023
B) 17,52*1023
C) 24,10*1023
D) 27,53*1023
E) 48,18*1023 [1]
2. 0,5 моль алюминий сульфидінің (Al2S3) массасы мен молекула санын анықтаңыз.
A) 29,5 г
B) 43 г
C) 61,5 г
D) 75 г
E) 3,01*1023
F) 6,02*1023
G) 12,04*1023 [2]
3. Төменде берілген газдарға арналған Авогадро заңы туралы тұжырымдардың шындық не жалған екенін (˅) белгісімен анықтаңыз.
Тұжырым
|
Шындық
|
Жалған
|
Мольдік көлемнің мәні тұрақсыз шама.
|
|
|
Мольдік көлем арқылы газдардың көлемін есептеуге болады.
|
|
|
Қалыпты жағдайда кез келген заттың көлемдері бірдей болады.
|
|
|
Кез келген жағдайда көлемдері бірдей газдардың массалары тең болады.
|
|
|
Қалыпты жағдайда 1 моль оттектің көлемі 1 моль көмірқышқыл газының көлеміне тең.
|
|
|
[1]
4. Төменде берілген заттардың мәндері мен көлемдері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
Заттардың мәні
|
Көлем
|
1) 0,5 моль азот
|
A) 11,2 л
|
2) 32 г метан (СН4)
|
B) 33,6 л
|
3) 1,5 моль аммиак (NH3)
|
C) 44,8 л
|
1)________ 2) _____________ 3) __________ [3]
5. Күнделікті тұрмыста әртүрлі заттардың жануын байқайсыңдар. Төменде берілген жану реакциялары тұжырымдарының бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Жану ________ реакция болып табылады, себебі реакция нәтижесінде жылу мен жарық бөлінеді. Жану реакциясының негізгі белгісі – реагент ретінде жануды қолдайтын ____________ болуы және реакция нәтижесінде _____________ _______, су және жылудың бөлінуі. Жану реакциясының өнімі ___________ деп аталады. Отын толық жанғанда ___________ _____ бөлінеді, шала жану кезінде ___ _____ және ______ бөлінеді, олар улы газдар.
Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, оттегі, иіс газы, оксид, күйе, химиялық, көмірқышқыл газы
[2]
Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоуосова. – Алматы: Мектеп, 2018
6. Сутегі – ХХІ ғасырдың отыны. Оны суды айыру арқылы зертханада алуға болады. 4 г сутегін алу үшін қажет судың массасы мен зат мөлшерін анықтаңыз.
[2]
7. Берілген эндотермиялық және экзотермиялық реакцияға байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Найзағай кезінде озонның түзілуінде энергия __________. Табиғи газ жанғанда энергия ________. Жылу бөле жүретін реакцияларда кинетикалық энергия ________. _____________ рeaкцияда температура төмендейді. Экзотермиялық реакцияда зат бөлшектері ______ жылдамдықпен қозғалады.
Қажетті сөздер: эндотермиялық, жоғарылайды, жоғары, бөлінеді, сіңіріледі
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |