«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Бөлшектердің ішінен: 1)Hal-, 2)ОН-,3) CN-, 4)NO2-,5) OR-,6) RS-,7) NH2-, 8)NO2+, 9)Hal+, 10)RCO+ электрофил бөлшектердің қатарын көрсетіңіз.
A) 1, 3, 5,6,7 B) 8,9,10 С)9 және 10 D) 8және 9 [1]
2. Спирттердің функционалдық тобын көрсет:
А) - ОН B) - СООН С) –СОН D) – СО [1]
3. Үш атомды спирттің формуласын көрсет
1)С2Н5ОН 2) СН3ОН 3) С2Н4 (ОН)2 4) С3 Н5 (ОН)3 [1]
4. Ассиметриялы алкендер мен олардың қосылу реакциясының өнімдері арасындағы сәйкестікті орындаңыз.
|
алкендер+реагент
|
|
өнім
|
А
|
СН3-СН2-СН=СН2 + HBr
|
1
|
CH3-CH2-CHBr-CH3
|
2
|
CH3-CH2-CH2-CH2Br
|
Б
|
СН3-СН2-СН=СН2 + HCl
|
3
|
CH3-CH2-CH2-CH2Cl
|
4
|
CH3-CH2-CHCl-CH3
|
В
|
СН2=СН-СН2- СН2-CH3 + HBr
|
5
|
CH3-CHBr-CH2-CH2- CH3
|
6
|
CH2Br-CH2-CH2-CH2- CH3
|
Жауабы: А) Б) В) [3]
5. Полиэтилен тұрмыстық және өндірістік маңызы бар пластмассалардың бірі.
і) Полиэтиленнің үш құрылымдық буынынан тұратын формуласын жазыңыз және полиэтилен қолданатын кез-келген бір саланы атаңыз:________________________________________________ [1]
ii)Полиэтилен қайта өңдеуге жіберудің қажеттілігін туындататын кез келген бір факторды ұсыныңыз: ____________________________________________________________________________________ [1]
ііі) Полиэтиленді қайта өңдеудің қажеттілігін түсіндіріңіз: :__________________________________ [1]
6. Крекинг түрлері мен жүру жағдайы, алынатын өнімдері жайлы кестедегі бос торларды
толтыр
[3]
7. Фреондар- хлорфторкөміртектер зиянды әсері ең көп заттардың қатарына жатады.Олар, әдетте, тоңазытқыштар үшін қолданылатын,түссіз, суда ерімейтін, жанбайтын, эфирдің иісіндей иісі бар газдар. Ғалымдар Ш.Роуланд, М.Молина, П. Крутцен 1974 жылы біздің ғаламшарымызға қауіп төндіріп отырған «озон ойығының» пайда болуына бірден- бір себепкер фреондар деп шешті.
і) Фреондар ішінен кең таралған қосылыстардың бірі трихлорфторметан және тетрафторметан . Бұл қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңдар.___________________________________________________________________ [1]
іі) Қай фреонның озон қабатын бүлдіру қабілеті жоғары деп ойлайсыңдар? Жауабын түсіндіріңіз:._______________________________________________________________ [2]
8.
і) Құрамы С4Н6 болатын ацетилен көмірсутектерінің құрылымдық формуласын жаз.___________________________________________________________________ [1]
iі) тапсырмасында жазылған алкиннің cумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазып, өнімін атаңыз ._______________________________________________________________ [2]
9. Көмірсутектің галогентуындылары органикалық қосылыстардың реакцияға қабілетті кластарының бірі болып табылады. Бұл класс қосылыстарына нуклеофилді орынбасу (SN) және бөлшектену (элимирлену, Е) реакциялары тән. Галогентуындылардың реакцияға түсу қабілеттілігің жоғары болуы олардың молекулалық құрылысына байланысты. Нуклеофилді орынбасу реакциялары нәтижесінде галогеналкандардан көптеген органикалық қосылыстарды алуға болады. Төменде 9.1 –суретте галогеналкандардан спирттердің алыну реакциясының механизмі көрсетілген.
i)Хлорбутан молекуласы үшін мүмкін болатын изомерлерінің формуласын жазыңыз.___________________________________________________________________ [1]
iі) Хлорбутанның бір изомері нуклеофилді орынбасу реакциясына өте оңай түседі.Бұл қай изомер? Осы изомер үшін хлорбутаннан спирт алынатын реакцияның механизмін жазып көрсетіңіз. _________________________________________________________ [2]
10. Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар.
а) Құрамында 32,9 фенол болатын сулы ерітіндіні бромның артық мөлшерімен өңдеді.Түзілген бромтуындының массасын есепте_______________________________ [2]
b) Фенолдардың тағы бір қасиеті поликонденсация реакциясына түседі , яғни фенол
мен формальдегид әрекеттесіп фенолформальдегидті пластмасса алынады.
і) фенолформальдегидті алыну реакциясын жазыңыз._____________________________ [1] іі) фенолформальдегидті пластмассаның қолданылуына бір мысал келтіріңіз. __ [1]
11. Сөйлемді толықтыр
і) Глицерин__________________спирт саналады, ал этанол _________________ спирт. Глицерин мен этанолды ажырату үшін біз _________________ қолданамыз. Мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасы жарқын _________________түсті ерітінді бере отырып______________.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |