«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі 1-нұсқа



бет2/3
Дата09.10.2023
өлшемі90,23 Kb.
#184202
1   2   3
Байланысты:
8-сынып. 4-тоқсан. 1-нұсқа ТЖБ

мырыш оксиді + азот қышқылы → мырыш нитраты + су
[1]



  1. Амфотерлі негізге бір мысал келтіріңіз. [1]




  1. Сөндірілген әк ерітіндісін ұзақ уақытқа ашық қалдыруға болмайды. Ерітіндіні ұзақ уақыт бойы ашық қалдырса біртіндеп лайланады. Себебі, әк суы ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді.

Осы құбылысты сипаттайтын реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз.
[1]



  1. Көміртектің бірнеше түрлі аллотропиялық түр өзгерісі бар. Соның ішінде жиі қарастырылатыны - алмаз бен графит. Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.




Салыстыруға арналған параметрлер

Алмаз

Графит

кристалл тор түрі

атомдық

атомдық

көміртек атомындағы ковалентті
байланыстар саны

төрт

үш

суда ерігіштігі

ерімейді

ерімейді

электрөткізгіштігі







[1]

  1. Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз.

[1]



  1. Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қауіпі неде?

[1]

  1. Айгүл темірдің генетикалық қатарын құрастырып, зерттемекші болды. Айгүлге бірнеше сұйық және қатты заттары бар құтылар берілді. Құты сыртында төмендегідей жапсырма қағаздар болды.







Айгүл заттарды көріп қатты тығырыққа тірелді. Айгүл темірдің генетикалық қатарын құрастырып, зерттеуі үшін сіздің көмегіңіз қажет. Берілген сызбанұсқадағы Х және Х1 заттарын анықтап, Х1 затының алыну реакция теңдеуін жазыңыз.


𝑡
Fe →X → Ғе(NO3)2 → X1 → X

[2]




  1. Болат пен Санжарға төменде көрсетілгендей күкірттің генетикалық қатары берілді. Болатқа бұл тапсырма қиын тиді. Себебі, осы тақырыпқа ол көп мән бермеген. Енді сіздердің Болатқа көмектеріңіз қажет. Болат пен Санжар генетикалық қатардағы Х және У заттарын анықтап, әрқайсысын алудың кез -келген бір реакция теңдеуін жазу қажет.

H2S→ S→ X→SO3→Y→BaSO4

[3]




  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің бірі - алмаз. Алмаз - өте қатты , оның қаттылығын заттарды кесуге пайдаланады.

  1. Алмаздағы көміртек атомдар арасындағы байланыстар саны қанша?




  1. Көміртек атомдары арасындағы байланыстарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңіз.

[2]




  1. Суретте көмірқышқыл газын зертханада алу және жинау әдісі көрсетілген. Ол үшін натрий карбонатына тұз қышқылын қосу қажет.


  1. Ұсынылған реагенттер арасында жүретін химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.



[1]



  1. Жинақталған көмірқышқыл газын тексеруге арналған реагенттің формуласын жазыңыз.

[1]

  1. Табиғи шипалы сулардың құрамы әр түрлі мөлшердегі еріген тұздардың болуымен сипатталады. Кейде осы тұздар тұрмыста қолданылатын ауыз суының құрамында да кездеседі. Бұл тұздардың судың сапасын төмендетіп, пайдалануға жарамсыз ететін жағдайлар да жиі кездеседі. Оның себебі кермектілікті тудыратын Ca2+және Mg2+ иондарының мөлшерден тыс көп болуынан. Мұны, біз күнделікті өмірде үйде пайдаланатын ыдыстың, ал өнеркәсіпте бу қазандықтарының ішінде "қақ" тұруынан байқаймыз.




  1. Бұл кермектіліктің қандай түріне жатады?

[1]



  1. Ыдыстың немесе бу қазандықтарында "қақтың" пайда болуын түсіндіріңіз.



[1]



  1. Кермек суда сабын көбіктенбей іріп кетеді. Сондықтан судың кермектілігін жою үшін оны қайнатады. Кей кездері кермектілік қайнатқаннан кейін де жойылмайды. Бұл кермектіліктің түріне байланысты.




  1. Қайнатқаннан кейін де кермектіліктің жойылмауы кермектіліктің қандай түріне жатады? Осы кермектіліктің құрамына кіретін анионның бірінің формуласын жазыңыз.

[1]



  1. Бұл кермектілікті жоюдың бір әдісін ұсыныңыз.

[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет