Химия пәнінен 8 сынып жұмыс жоспары. №31 Ш. Уәлиханов жом пән мүғалімі: Жаппаркулова С. Күні



Дата08.02.2022
өлшемі17,35 Kb.
#98836
түріСабақ
Байланысты:
8f19ce5ddf8535b0ee20d93e88158c0b


Химия пәнінен 8 сынып жұмыс жоспары.
31 Ш.Уәлиханов ЖОМ Пән мүғалімі: Жаппаркулова С.
Күні: 27.10.20
Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.Заттардың молярлық массасы
Аmount of substance. Mol. Avogadro number. Molar mass of the substance

1.Оқу мақсаты: 8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу


8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу
8.1.1.1 as the unit of measure for the subject - to know the amount and know the number of Avogadro;
8.1.1.2 Calculate the molar mass of the compound
2. Конспект
http://bilimland.kz/kk/catalog/lesson/11294-mol сайтында берілген бейне түсіндіру пайдаланылады.
Моль – зат мөлшерін білдіретін бірлік, құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болады. 12г 612С құрамында 6,02·1023 атом болады. Ол Авогадро саны NА (итальяндық ғалым А. Авогадро құрметіне қойылған) кез келген заттың 1023 молінде болатын құрылымдық бөлшек саны.
Авогадро саны бейне түсіндіру http://bilimland.kz/kk/catalog/lesson/11294-mol пайдаланылды.
Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі г/моль.
Зат мөлшерінің массаға, көлемге және бөлшек сандарына қатынасын т өрнектейді:
v = m/М v = N/ NА v = V/Vm
1.Заттар құрамына кіретін элементтер белгілі бір қатынаста әрекеттеседі.Мыс, алюминий оксиді 54:48- 9: 8, яғни зат құрамына кіретін атомдар мен моль санын есептеу қиыға түседі.Сондықтан химияда моль ( зат молшері) мольмен өлшенеді.
МОЛЬ - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер болатын ( атом, молекула) зат мөлшері.
ХІХ ғасырдың басында итальян ғалымы Авогадро құрметіне Авогадро саны 6,02 * 1023 санға тең, ол кез келген зат үшін тұрақты шама.
Дәптерге: V = m/M m=V*M V = N/Na N = V*Na V = V/ Vm V = V * Vm формулаларды жазып алыңдар
мына тапсырмаларды орындап көріңдер:
1-тапсырма- Формулалар сөйлейді!”
Заттардың формулаларын дәптерлеріне орындап, жазыңдар.
«аш эн о үш», «феррум екі о үш», «калий екі эс о төрт», «купрум о»
«гидраргирум екі о», « аурум екі о үш», « алюминий екі эс о төрт үш еселенген», «натрий хлор»
« калий марганец о төрт», «аш екі эс о төрт», « силициум хлор төрт», « калий екі хром екі о жеті»

  • Зат мөлшері Ʋ- заттың мөлшері m-заттың массасы M-молярлық масса

Ʋ= m/M Mr = M(г/моль) Мr(H2O)= 18 M(H2O)= 18г/моль

  • Авогадро саны NA = 6,023 ∙ 10 ²³ Авогадро саны

N = Ʋ ∙ NA Ʋ= N / NA
Ʋ- заттың мөлшері N-молекула және атом саны
.2- тапсырма- Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып, олардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массаларын табыңдар: S, NaCl, Fe2O3,SO2, Ca, FeS, H2SO4
3- тапсырма-Тағамға пайдаланатын кейбір заттардың: су Н2О, ас тұзы NaCl, қант C12H22O11, сірке қышқылы CH3COOH салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, массаларының өсу ретімен орналастырыңдар.
4- тапсырма-. “Кім шапшаң?”
1. Массасы 36г судың зат мөлшерін, молекула санын есепте?
Бер: m(H2O) = 36г
т/к: ν-? No -?
2. Зат мөлшері 3 моль тұз қышқылының массасын тап?
Бер: ν(HСІ) = 3 моль
т/к: m-?
3. 3,01 ∙ 10 ²³ молекуласы бар натрий гидроксидінің зат мөлшерін, массасын тап?
Бер: No (NaOH)= 3,01 ∙ 10 ²³
т/к: ν-? m -?
Үйге тапсырма:§ 14 оқу, формулаларын дәптерге жазып алу жаттау
Сұрақтарға жауап беру:
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз не?
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Химиялық элемент таңбасы қайдан шыққан?
Химиялық элементтерді қандай үлкен екі топқа бөледі?
Жай зат дегеніміз не?
Зат мөлшерінің шартты белгісі?
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
Авогадро санының мәні нешеге тең?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет