Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар



бет25/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • калий иодиді

  • йод ерітіндісі

  • тұз қышқылының ерітіндісі

  • крахмал ерітіндісі

  • стақан

  • спиртшам

  • тұрғы

  • сіріңке



Тәжірибе барысы:
Химиялық стақанға құйылған 30-50мл суға бірнеше тамшы калий йодиді мен йод ерітіндісін, оның үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылының ерітіндісін тамызып, оған шамалы крахмал ерітіндісін құямыз. Ерітінді лезде көк сия түске өзгереді.
Егер стақанды қыздырса ерітіндінің түсі жойылады, салқындатса қайтадан көк түске боялады. Осылай сан рет қайталауға болады. Ерітіндінің қыздырудан түсінің жойылуы крахмалдың йодпен қосылысының күрделі құрылысына байланысты, қыздырудан жойылып, салқындаудан қайта қалпына келуіне негізделген.


Отсыз піскен жұмыртқа


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • жұмыртқа

  • сөндірілмеген ізбес

  • су

  • темір табақ



Тәжірибе барысы:
Темір табаққа сөндірілмеген ізбесті салып, ортасына жұмыртқаны қоямыз. Сосын үстіне су құямыз. Сол кезде сөндірілмеген ізбес тас сумен күшті әрекеттесіп, бұрқылдап қайнай бастайды. Экзотермиялық реакция жүреді. Табаққа салынған жұмыртқа ыстықтың әсерінен тез арада піседі.


Шыныдағы қысқы пейзаж


І-нұсқа
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • шыны әйнек

  • химиялық стақан

  • шыны таяқша

  • қылқалам

  • магний сульфатының қаныққан ерітіндісі

  • столярлық желім





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет