Тақырыбы: Судың кермектігі және оны жою жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды судың кермектігі ұғымымен таныстыру, кермектің пайда болуы, оны кетірудің иондық механизмін түсіндіру, суды жұмсартудың негізігі тәсілдерін айту. Су кермектігін жоюдың өнеркәсіптегі және тұрмыстағы маңызын көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың металдар туралы түсініктерін химиялық реакция және тәжірибе икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: компютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
Олардың ішіндегі маңыздысы қайсы?
Са маңызды қосылыстары (әктас, мрамор, практикалық маңызы, тыңайтқыш) .
Құрамында Са бар табиғи қосылыстар (жұмыртқа қабығы маржандар, ұлу тастар) .
Деңгейлік тапсырмалар:
А. Ca, Mg периодтық жүйедегі орны атомдық құрылысы.
В .CaCO3 ——CO2 ———CaCO3 ——— Ca(HCO3)2 ———CaCI2
С . Теориялық шығымы 90 % болса 10 кг әктас ыдырағанда қанша СаО түзіледі?
III. Дайындық кезеңі
Са тұздарын табиғатта еріген күйінде кездестіруге болама?
Ой жинақтау сұрағы: Табиғатта барлық су адамзаттың пайдалануына жарамды ма?
IV. Жаңа сабақ
I.
Табиғи су
Ащы таза су тұщы су
теңіз, мұхит жаңбыр, қар өзен
1. Судың физикалық қасиеті: иіссіз, түссіз, сұйық зат т.б.
2. Қандай құбылыс?
Мұз су бу су бу
Химиялық қасиеті:
4P + 5O2 ——2P2 O5
P2 O5 + 3 H2O ——— 2H3PO4 лакмуспен тексеру
Na + H2O ——— NaOH +H2 фенолфталеинмен тексеру
II. Эксперименттік тәжірибе
өзен суы құдық суы
Сұраққа
жауап береді.
сабын
тез ериді ерімейтін қосылыс түзеді Тәжірибеге
қорытынды
жұмсақ су кермек су
жасайды.
тұзы аз тұзы көп
IV. Су кермектігі дегеніміз:Са2+,Мg2+ иондарының суға беретін қасиеттерінің жиынтығы
V. Судың кермектігі және оны кетіру әдістері:
Кермектікті жою жолдарын тәжірибе арқылы көрсетеміз:
Уақытша кермектігі бар суды қыздыру. (Реакцияның иондық теңдеуін жазамыз.)
Тұрақты кермектілігі бар суға сода ерітіндісін құю.
V. Қорытындылау.
Мұғалім:
а) тұрмыста (шаш, киімнің өңі);
ә) ыдыста қақ тұру ( отын шығыны)
б) құбырлардың таттануы (тез істен шығуы)
в) жылу қазандықтарында т.б.
VI. Бекіту сұрақтары:
Су кермектігінң түрлері
Жою әдістері
Өзен суыеа кальций, магний тұздары қайдан келеді?
Шәйнектегі қақты қалай кетіруге болады?
Кермек суды неге машина двигателіне құюға болмайды?
Медицинада қандай су пайдаланылады?
Мұхит суын ауыл шаруашылығында қолдануға болама?
VII. Үйге тапсырма: оқулықтан § 39
Сабынмен судың кермектігін анықтауға тәжірибе жаса, қорытындылау.
Кермектік Ca (NO3)2 қатысуынан болса қалай жоюға болады?Реакция теңдеуін жаз.
150 г суда 15 г NaCI ерітілді.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есепте.
VIII. Бағалау.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында мектеп шәкіртін оқу процесіне қатысатын басты субъект ретінде қарап, сондай-ақ жеке тұлға заман талабына сай оқыту, тәрбие беру ісін ұйымдастыру туындап отыр.
Бүгінгі педагогиканың дидактикалық ұсыныстарына жүгінсек, оқытудың басты міндеті мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз. Нақырақ айтсақ оқу процесіне екі жақ та бірдей жауаптылықпен белсене кіріскенде ғана қазіргі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас серіктесе істейтін қызметке айналды. Қазіргі заман талабы, керісінше әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды. Сондықтан мектепте химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге лайықтап өзгертуді талап етеді. Бұл талап химияны модульдік жүйе арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесін қолданған кезде ғана жүзеге асатындығы дәлелденген.
Химия пәнінен білім беру стандартты талабына сай оқытудың негізгі мақсаты-бұл оқушының пәнге деген ынтасын арттыра отырып, өзіндік және топта жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
Химия пәнін жаңа педагогикасы (инновациялық) жүйе арқылы оқытуда интербелсенді тақтаны қолдана отырып деңгейлік тапсырмаларды орындау жүйелі жүргізілсе, оқушының өзіндік жұмыс жасау дағдысы жетілдіруге жағдай туады. Осыған орай, химияны иновациялық жүйемен оқытудың мазмұны оқушының шығармашылықпен ойлау қабілеттерінің дамуы мен өзіндік іс-әрекеттерін жетілдіреді.
Химия пәнін мемлекеттік білім беру стандартты талаптарына сай инновациялых жүйе арқылы оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып ұйымдастырылуы оқушылардың өзіндік және топта жұмыс жасау қабілетін арттыруға ықпалы зор.
Оқушыға химиялық білімді терең меңгеруде деңгейлік тапсырмаларды пайдалану оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін, химия пәнін оқуға деген ынтасының жоғарлауына мүмкіндік береді.
Химия пәнін білім беру стандарты талаптарына сай инновациялық жүйе арқылы оқытуда деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына дамытушылық, проблемалық т.б. әдістерді пайдалану тиімді. Жүргізілген эксперимент нәтижесі бойынша химияны инновациялық жүйемен оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға мақсатталған тиімді дара, жұптық, топтық іс-әрекетін ұйымдастыру; дербестілік үлесін үнемі ұлғайту және дамыту; оның оқушыларға білімді өздігінен талдау білігін, оларды орындау дағдысын қалыптастыруға және игеру деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдану, өзара көмек есебінен оқушыларды белсендіру, олардың қарым-қатынас жасау қабілетін ашу, пәнге деген қызығушылығын күшейту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Н.Назарбаев. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы. - Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2004. – 46 б.
Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. «Химияны оқыту әдістемесі». Алматы, 2005 ж.
Шоқыбаев Ж.Ә. «Бейорганикалық және аналитикалық химия». Алматы, Білім, 2003 ж.
Корнеева Л.И. Современные интерактивные методы обучения в системе повышения квалификации руководящих кадров в Германии: зарубежный опыт/ Университетское управление: практика и анализ. – М.: 2004. - № 4 (32). С.78-83.
Организация, формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы: требования, условия, механизмы. Учебно-методическое пособие. / Под ред. Н.А.Волгина, Ю.Г.Одегова. – М.: Изд-во Рос.экон.акад., 2004. 132 с.
Косгров Ю., Шил Дж., Софрониу С., Шорт Ф. Ирландиядағы «Өмірлік білім» халықаралық тестінің қорытынды есебінен үзінді. - Дауыс және көрініс.Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал. № 1-2 (21), 2005.
Стилл Дж., Мередит К., Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы үшін дайындалған әдістемелік құрал. – Алматы: 1998. – 33 б.
Жанпейсова М.М. «Технология модульного обучения». Алматы, 1998 г.
Нұғыманов И., Жұмаділова Р., Кембебаева Ж. «Химия 9». Алматы: мектеп, 2005 ж.
Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К., Темірболатова Ә., Заграничная Н., «Химия 9». Алматы: мектеп, 2005 ж.
Досанова Б., Нұрахметов Н,. «Химияны модульдік оқыту әдістемесінің тиімділігін зерттеу нәтижесі» // Химия мектепте – Алматы, 2004. №6
Шардарбеков Д.Ш., Қалиақпанова А. «Химия сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары // Білім технологиялары – Алматы», 2006, №2
Достарыңызбен бөлісу: |