«Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту» қолданбалы курс бағдарламасы Орал, 2018



бет1/12
Дата13.09.2020
өлшемі36,43 Kb.
#78416
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қолд курс 10кл Закирова (2)


Батыс Қазақстан облыстық білім басқарамасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

«Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту»

қолданбалы курс бағдарламасы



Орал, 2018
Батыс Қазақстан облыстық білім басқарамасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 4 15.11.2018 ж.


Құрастырушы: Закирова Шара Галимжановна

№42 «Ақниет» гимназиясының химия пәнінің мұғалімі


Рецензенттер: Тулегенова Аягөз Семғалиқызы

№34МГ-ның жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі

Ержанова Нұргүл Сандибаевна

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ оқытушысы, химия

магистрі

Ұсынылып отырған қолданбалы курс жаратылыстану-математика бағытының химия-биология бағдарының 10сыныбына арналған. Оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытының 10 сыныбында бейорганикалық химия бөлімі оқытылатындықтан, сол бөлімге сәйкес қолданбалы курс мазмұны құрастырылып, алынған. Бұл курс бейорганикалық химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда көмекші қызмет атқарады. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8-9 сыныпта алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 10 сыныпта берілетін химиядағы түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытындағы сандық есептер шығаруға арналған.


Мазмұны


  1. Түсінік хат .......................................................................................................3 бет.

  2. Факультативтік курс бағдарламасы............................................................. 4 бет

  3. Факультативтік курс бағдарламасының мазмұны....................................5-6 бет

  4. Тақырыптық – күнтізбелік жоспар...........................................................7 -9 бет

  5. Әдебиеттер тізімі......................................................................................... 10 бет

  6. Сабақ жоспарының үлгілері.........................................................................11-.18


Түсінік хат

Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсуге үміткер абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.

Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы адамның олау, есте сақтау, сөйлей алу қабілеттерін дамытуға болады, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуге, дүниетанымдылыққа қалыптастырамыз.

Бұл курс жаратылыстану-математика бағытының химия-биология бағдарының 10 сыныбына арналған. Оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытының 10 сыныбында бейорганикалық химия бөлімі оқытылатындықтан, сол бөлімге сәйкес қолданбалы курс мазмұны құрастырылып, алынып отыр. Бұл курс бейорганикалық химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда маңызды. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8-9 сыныпта алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 10 сыныпта берілетін химиядағы түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытындағы сандық есептер шығаруға арналды. Қарапайым есептерден күрделі есептер шығару арқылы, дағдылары қалыптасқаннан соң күрделі (олимпиадалық) есептер шығару бағытына қарай ауысып, білімдерін тереңдету мақсаты қойылып отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет