тұндырғыш және аппараттар көп орын алады, тым үлкен;
жаңа қосындылар түзіледі – тұнбалар, олар көп мөлшерде жыйналып жер қыртысын ластайды және т.б.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС – ИОН АЛМАСУ ӘДІСІ
Ион алмасу әдісі - суды арнаулы материалдар арқылы өткізгенде солардың құрамындағы Na(I) немесе H(I) иондары судың құрамындағы Ca(II) Mg(II) иондарына алмастырылады. Иониттер катиониттер және аниониттерге жіктелінеді. Катиониттер құрамында қозғалмалы натрий немесе сутек катиондары болғандықтан олар натрий катиониті немесе Н (сутек) катиониті деп аталады. Аниониттер құрамында қозғалмалы гидроксиль топтары болғандықтан – ОН-аниониты деп аталынады.
Өндірістерде көбінесе Na катиониттер ретінде алюмосиликаттар қолданылады (глауконит, цеолит, пермутит және т.б.).
Н – катиониттер ретінде сульфирленген көмір (концентрлі күкірт қышқылымен өңделген көмір) және тағы басқа да синтетикалық шайырлар, құрамында окси, карбоксил және сульфо топтары бар, фенол, резорцин, пирогаллол, таннин және басқа үлкен молекулалы қосылыстар.
Аниониттер ретінде карбомидтер, меламин, грандин, анилин метафенилендиамин және басқа да синтетикалық үлкен молекулалық қосылыстар қолданылады.
Иондар алмасу процесінің механизмін мынадай сұлбамен өрнектеуге болады. Мысалы, катион алмастырғыш алюмосиликат катионитының қатысуымен Na2O×Al2O3×2SiO2×nH2O жүретін алмасу процесі,