Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата25.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#199252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
file



1.
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: 
химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, 
қосымша материалдар, қалдықтар.
• 
Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, 
табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну 
мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық 
тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым. 
• 
Шикізат – бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде 
қолданылатын материалдар немесе заттар. 
Шикізат — бұрын еңбек 
әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, 
қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп 
саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи 
ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте 
пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи 
ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан 
өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. 
• 
реагент (ре… және лат. agentіs — әсер етуші) — химиялық 
реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин 
Тазалығына және қолданылатын ғыл. немесе анализдік 
қажеттіліктеріне байланысты Реактивтер: өте таза, анализ үшін таза 
және таза деп бөлінеді. Қолдану салаларына байланысты 
Реактивтердің тазалығына әр түрлі талаптар қойылады 
• 
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын 
тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса 
қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. 
• 
Жанама өнім (ағылш. by-product) - басқа өнімдермен бір мезгілде 
өндірілетін және іске асыру құны төмен өнім. Негізгі өнімді өндіру 
кезінде сөзсіз пайда болады. 
• 
Қалдықтар-өндіріс, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету 
процесінде немесе тұтыну процесінде пайда болған, қайта өңделетін, 
кәдеге жаратылатын немесе көмілетін заттар. 
2.
Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен 
молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет